Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

«Жетісу» көшбасында

08.11.2025
АЛТЫН ТҰҒЫР
«Жетісу» көшбасында

Серік Қантай

WhatsAppTelegramFacebook

Ел волейболының өркендеуіне Жетісу өңірінің қосқан үлесі зор. Сары-ала доптағы сан сайыста жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Жетістіктеріне орай еліміздегі әзірге тұңғыш жалғыз волейбол базасы Талдықорғанда бой көтерді. Жыл басында «Жетісу» қыздар волейбол клубы Филиппинде өткен Азия чемпиондар лигасында, ел чемпионатында, Қазақстан Кубогы мен Суперкубогында жеңіске жетті. Ал жаңа маусым басталғалы ұпайдан шашау шығармай, әр ойын сайын өршелене қимылдап келеді.

Биылғы ел чемпионатының өту ережесі өзгерді. Қатысып жатқан сегіз команда төрттен екі топқа бөлініп, кіші және үлкен турдан тұратын кезеңді өткізеді. «Жетісу» «А» тобында «Алматы», «Берел» (ШҚО) және «Тұран» командаларымен ойнаса, «Б» тобында «Қуаныш» (СҚО), «Астана», «Ақтөбе», «Қарағанды» командалары бар. Талдықорғандағы «Жастар» спорт сарайында XXXIV Қазақстан чемпионатының ІІ кіші тур ойындары өтті. «Б» тобы Ақтөбеде ойнады. Ал қарашаның соңында ІІ үлкен тур Талдықорғанда болады. Онда барлық команда жиналып, өзге топтағылармен кездеседі.

«А» тобын әу баста «қиын әрі қызық топ» деп баға бергендер жетерлік. Былтырғы ел чемпионатының финалында ойнаған қос команда және оның алдында сенсациялы түрде ел чемпионы болған команданың бір топта болуы жанкүйер үшін үлкен олжа еді. Сондықтан да болар, Талдықорғанда өткен кіші турды тамашалауға келген жанкүйерлерде есеп жоқ. Әсіресе, «Жетісу» мен «Берел» арасындағы ойын жанкүйер апшысын қуырып, көптен көрмеген классикалық волейболдың тамаша үлгісін көрсетті. Жетісулықтар қарсыластарынан 3:1 (26:24, 25:17, 23:25, 25:23) есебімен басым түсіп, өз жанкүйерлерін қуантты. Бұл ойынды облыс әкімі Бейбіт Исабаев көріп, артынша волейболшылармен аз-кем әңгімелесті.

– Чемпион болу қиын, ал чемпиондықты сақтап қалу одан да қиын. Бүгінгі ойында сіздер командалық береке-бірліктеріңізді, кәсіби шеберліктеріңізді көрсеттіңіздер. Алдағы уақытта да жеңісті жолды жалғастыруға барлық мүмкіндіктеріңіз бар, біз сіздерден тек жеңіс күтеміз, – деді өз сөзінде Бейбіт Өксікбайұлы.

«Жетісу» чемпионат басталғалы барлық ойында (10 ойын) жеңіске жетіп, турнирлік кестені 29 ұпаймен бастап тұр. Ал ІІ орында «Қуаныш» (28 ұпай), ІІІ орында 20 ұпаймен «Берел» келе жатыр.

– «А» тобындағы ойындарды ойдағыдай аяқтадық. Енді үлкен турдағы маңызды кездесулер күтіп тұр. Осы жолы болған ойындарда жіберген қателіктерден сабақ алып, қорытынды шығарамыз, – дейді «Жетісу» командасының ойыншысы Татьяна Никитина. Татьяна ІІ кіші турда «Жетісу» сапынан «Үздік ойыншы» болды. Ол үш ойында 35 ұпай («Алматымен» 13 ұпай, «Берелмен» 17 ұпай және «Тұранмен» ойында 5 ұпай) жинады. Шабуылда ширақ, қорғаныста мығым ойнаған талдықорғандықтың алаңдағы іс-қимылы көпті сүйсінткені анық.

«Жетісу» командасы ІІ турды (кіші және үлкен) аяқтаған соң, желтоқсанда негізгі екі сын күтіп тұр. Бұл жөнінде команда бапкері Марко Грчиш: «Бразилияның Сан-Паулу қаласында болатын жаһанның үздік 8 командасы қатысатын клубтық Әлем чемпионатында бақ сынаймыз. Өз тарихында тұңғыш рет қатысатын «Жетісу» үшін бұл үлкен тәжірибе болмақ. Әлемнің мықтыларымен иық тірестіре отырып ойнау, ол кез келген ойыншының ойын өзгертіп, деңгейін өсіреді. Ал Әлем чемпионатынан келгеннен кейін араға бір апта салып Өскеменде болатын Қазақстан кубогында ойнаймыз. Осы аралық біз үшін ауыр әрі үлкен сынақ болайын деп тұр», – дейді. Кестенің тығыздығына қарамастан команда жақсы нәтижеден үмітті.

– Біз үшін алдағы сынның орны бөлек. Әрине, әр жарыстан жеңіп шыққымыз келеді. Әлем чемпионаты мәртебелі жарыс және оған қатысу кез келген команданың бағына бұйыра бермейді. Біз Азияның чемпиондары есебінде сынға түсеміз. Бүгінгі волейболдың жауһарлары саналатын мықтыларға қарсы ойнаймыз. Тәжірибе жинау үшін дәл осындай жарыстың алатын орны зор. Осы тұрғыда команданың еркін ойнап, алаңсыз жаттығуына мүмкіндік жасаған облыс басшылығына, кәсіпкерлерге және үнемі қолдауын аямайтын жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді, – дейді «Жетісу» волейбол клубының директоры Нияз Жантілеуов. Былтыр өзі қатысқан жарыстың барлығында жеңіске жеткен «Жетісу» үшін биыл екі есе күш салып кірісу қажет. Өткен маусымда ел чемпионатының және Азия чемпиондар лигасының «Үздік ойыншысы» болған «Жетісу» волейбол клубының капитаны Карина Денисова жарақаттан кейін ота жасатып, бүгінде жеке жаттығуларға кіріскенімен маусым соңына дейін өз ұжымына көмектесе алмайды. Командада бірқатар өзгерістер орын алмақ. Ол Әлем чемпионатының қарсаңында жүзеге асады.

***

Еліміз егемендік алғанда ұлттық құраманың алғашқы капитаны болған Марат Адыршев кейінгі 10 жылға жуық Талдықорғанда тұрақтап «Жетісу» ерлер командасының аяқтан тұруына тікелей себепші болды. Бүгінде волейболдан «Жетісу» ерлер командасы қара үзіп шықса, оған айтарлықтай үлес қосқан жанның бірі – Марат Алтынханұлы. «Жетісу» қыздар командасының бас айналдырарлық жетістігінен кейін ерлер командасына да толықтай ден қойылып, биыл ел чемпионы болу мақсаты алға қойылды. Былтырғы маусымда жүлдеге сынық сүйем қалғанда сүрінген жігіттер биыл чемпионаттың басты фавориті. Таразбен Ақтөбеде өткен І турдың нәтижесі бойынша 18 ұпаймен І орында келеді.

«Жетісу» ерлер командасының жаңа маусымдағы алғашқы қадамы жанкүйерлерді қуантты. Өңір басшылығынан, демеушілерден айтарлықтай қолдауға ие болған команданың үздіктер санатынан шығып қалуға құқы жоқ. Талдықорғанда келесі апта басталатын ІІ турға «Жастар» спорт сарайында қызу дайындық жүргізіп жатқан «Жетісу» ерлер командасының жаттығуын көрген облыс әкімі Бейбіт Исабаев барлық жағдай жасалғандығын, тек жеңіс қажет екенін айтты.

– Сенім білдірген, үміт артқан жандардың үдесінен шығып, жанкүйерлерімізді қуанту үшін барымызды саламыз. Алда болатын жарыстарда жақсы нәтиже үшін соңына дейін ойнаймыз, – дейді «Жетісу» ерлер командасының капитаны Айбек Жақсылықов.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.