Талдықорған қаласындағы «Жастар спорт сарайы» спорт кешенінде үстел теннисінен облыстық деңгейдегі жарыс ұйымдастырылды.
Спорттық шара 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай өткізілді.
Жарысқа Жетісу облысындағы жасөспірімдер мен мүмкіндігі шектеулі тұлғалар қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, жастардың спорттық әлеуетін қолдау және мүмкіндігі шектеулі жандар арасында үстел теннисін кеңінен насихаттау.
Ұйымдастырушылар қатысушылар мен көрермендердің белсенділігін, жоғары спорттық шеберлігін және командалық рухын атап өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.
Аталған жарыс өңірдің спорттық өмірінің маңызды оқиғаларының біріне айналып, барлық санаттағы тұрғындар үшін инклюзивті спорттық іс-шараларды ұйымдастырудың үлгісін көрсетті. Қазіргі уақытта облыс аумағында 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында кең көлемді АИТВ-инфекцияның алдын алу бағытында түрлі іс-шаралар жүргізілуде.





