Өскеменде волейболдан әйелдер командалары арасында ІІІ кіші тур ойындары ақталды. «Жетісу» волейбол клубы чемпионаттағы жеңіліссіз сериясын жалғастырады. «А» тобында ойнаған талдықорғандықтар «Берел» (ШҚО), «Тұран» (Түркістан облысы) және «Алматы» командаларынан басым түсті.
Бірінші күні «Алматыны» сенімді түрде жеңген 3:0 (25:15, 25:19, 25:20) «Жетісу» ойыншылары жарыстың екінші күні тур аясында Қазақстан суперкубогы үшін болған ойында «Тұранды» (3:0 — 25:22, 25:22, 25:17) ұтты. Ал ІІІ кіші турдың соңғы ойынында жергілікті «Берелмен» кездесіп, 3:0 (25:20, 25:23, 25:10) нәтижесімен басым түсті.
Кіші турды ойдағыдай аяқтадық. Нәтижеге көңіліміз толады. Енді үлкен турға дайындаламыз. Ол ақпан айының ортасында Өскеменде болады. Біз өз жанкүйерлерімізді қуантықымыз келеді, –дейді «Жетісу» волейбол клубының капитаны Кристина Аниконова.
«Берелмен» болған ойынның үздігі – Мария Фролова. Ол 17 ұпай жинады (15 шабуыл, 1 эйс, 1 тосқауыл). Одан кейнгі нәтижені Мяо Йвэнь (12 ұпай – 8 шабуыл, 1 эйс, 3 тосқауыл) және Татьяна Никитина (11 ұпай — 10 шабуыл, 1 тосқауыл) көрсетті.
«Жетісу» волейбол клубының аналитигі Руслан Кенжебаевтың есебі бойынша:
«Жетісу» – шабуыл 55 %, тосқауыл – 14, эйс – 4.
«Берел» – шабуыл 38 %, тосқауыл – 6, эйс – 3.
Осы кіші турдағы нәтижеге көңілім толды. Әсіресе, «Берелмен» болған ойында ойлағанымызды жүзеге асырдық. Бұл турдың біз үшін маңыздысы «Тұранмен» болған Суперкубок үшін болған ойыны. Ол кездесуде шыны керек ойыншыларымыз көңілдегідей ойнай алмады, бірақ табандылықтың арқасында жеңіске жетті. Жетісу облысына тағы бір кубок. Бастысы сол. Ал біз бұл жүлдемен шектеліп қалғымыз келмейді, алға қарай жылжи береміз. Бізді плей-офф ойындары күтіп тұр, чемпион болу үшін барымызды саламыз, – деді өз сөзінде «Жетісу» волейбол клубының бас бапкері Марко Гршич.
Марко Гршич жаттықтыратын команда ел чемпионатында 17 ойында (маусым басталғалы) жеңілген жоқ. Жалпы турнирлік кестеде 49 ұпаймен көш бастап тұр. Одан кейін «Қуаныш» (45 ұпай), «Берел» (37 ұпай), «Тұран» (24 ұпай) және «Қарғанды» (23 ұпай) келе жатыр.





