Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Жеңіліссіз серия жалғасады

16 қаңтар 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР, ЖАҢАЛЫҚТАР
Жеңіліссіз серия жалғасады

7-su.kz/ Serik Kantayev

WhatsAppTelegramFacebook

Өскеменде волейболдан әйелдер командалары арасында ІІІ кіші тур ойындары ақталды. «Жетісу» волейбол клубы чемпионаттағы жеңіліссіз сериясын жалғастырады. «А» тобында ойнаған талдықорғандықтар «Берел» (ШҚО), «Тұран» (Түркістан облысы) және «Алматы» командаларынан басым түсті.

Бірінші күні «Алматыны» сенімді түрде жеңген 3:0 (25:15, 25:19, 25:20) «Жетісу» ойыншылары жарыстың екінші күні тур аясында Қазақстан суперкубогы үшін болған ойында «Тұранды» (3:0 —  25:22, 25:22, 25:17) ұтты. Ал ІІІ кіші турдың соңғы ойынында жергілікті «Берелмен» кездесіп, 3:0 (25:20, 25:23, 25:10) нәтижесімен басым түсті.

Кіші турды ойдағыдай аяқтадық. Нәтижеге көңіліміз толады. Енді үлкен турға дайындаламыз. Ол ақпан айының ортасында Өскеменде болады. Біз өз жанкүйерлерімізді қуантықымыз келеді, –дейді «Жетісу» волейбол клубының капитаны Кристина Аниконова.

«Берелмен» болған ойынның үздігі – Мария Фролова. Ол 17 ұпай жинады (15 шабуыл, 1 эйс, 1 тосқауыл). Одан кейнгі нәтижені Мяо Йвэнь (12 ұпай – 8 шабуыл, 1 эйс, 3 тосқауыл) және Татьяна Никитина (11 ұпай — 10 шабуыл, 1 тосқауыл) көрсетті.

«Жетісу» волейбол клубының аналитигі Руслан Кенжебаевтың есебі бойынша:

 «Жетісу» – шабуыл 55 %, тосқауыл  – 14, эйс – 4.

«Берел» – шабуыл  38 %, тосқауыл – 6, эйс – 3.

Осы кіші турдағы нәтижеге көңілім толды. Әсіресе, «Берелмен» болған ойында ойлағанымызды жүзеге асырдық. Бұл турдың біз үшін маңыздысы «Тұранмен» болған Суперкубок үшін болған ойыны. Ол кездесуде шыны керек ойыншыларымыз көңілдегідей ойнай алмады, бірақ табандылықтың арқасында жеңіске жетті. Жетісу облысына тағы бір кубок. Бастысы сол. Ал біз бұл жүлдемен шектеліп қалғымыз келмейді, алға қарай жылжи береміз. Бізді плей-офф ойындары күтіп тұр, чемпион болу үшін барымызды саламыз, – деді өз сөзінде «Жетісу» волейбол клубының бас бапкері Марко Гршич.

Марко Гршич жаттықтыратын команда ел чемпионатында 17 ойында (маусым басталғалы) жеңілген жоқ. Жалпы турнирлік кестеде 49 ұпаймен көш бастап тұр. Одан кейін «Қуаныш» (45 ұпай), «Берел» (37 ұпай), «Тұран» (24 ұпай) және «Қарғанды» (23 ұпай) келе жатыр.

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.