Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Жерлестеріміз жеңімпаз

25 желтоқсан 2023
АЛТЫН ТҰҒЫР
Жерлестеріміз жеңімпаз
WhatsAppTelegramFacebook

Жуырда Алматы қаласында киокушинкай-кан каратэден әлем біріншілігі өтті. Феруз Шегебаев пен Әлішер Ахметжан тәрбиелеген және сол байрақты бәсекеде үздіктер қатарынан көрінген спортшыларды облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев қабылдап, өңір басшысының алғысын жеткізді.

17-19 қарашада жалауын желбіреткен сайысқа 33 мемлекеттен 700-ге жуық каратэші қатысты. 3 күнге созылған байрақты бәсекеде қазақстандықтар шашасына шаң жұқтырмай жалпыкомандалық есепте 1-орынды еншілеп, қоржынға 115 жүлде салды. Бұл жеңісте жетісулықтардың да өз үлесі бар. Атойлы аламанда облыс абыройын арқалап барған 13 сайыпқыран сапынан Карина Забалич І орынды, Арман Маратов ІІ орынды және Виктория Линникова ІІІ орынды еншіледі.

 – Жас спортшыларымыз жарады. Облысымыздың атын шығарып, әлден-ақ мақтанышымызға айналып отыр. Алдағы аламанда да қарымдылығын көрсетіп, жүлделер еншілейді деп сенеміз. Бұл жолғы жеңісін аймақ басшысы да елеусіз қалдырып отырған жоқ. Жетісу өңірі халқы атынан алғаусыз алғысын білдіруде. Жемісті, жеңісті күндеріміз көп болсын, – деді облыс әкімінің орынбасары Марлен Қапашұлы.

Жеңімпаз спортшылардың жаттықтырушысы Феруз Шегебаев бір жылдың ішінде мұндай жетістікке жеткеніне жергілікті атқамінерлердің қамқорлығы екенін айтып отыр. Оның үстіне балалардың да қарым-қабілеті бұл спорттың қыр-сырын меңгеруде өз әсерін тигізіпті.

 – Спортшылардың алдында үлкен додалар күтіп тұр. Алдымен келер жылы өтетін Азия біріншілігінде жеңісті қолдан бермеуге тырысамыз. Бастысы, шәкірттеріміз сенім мен үдеден шығады деп білемін. Қазір жаттығуды күшейтіп жатырмыз. Жаттығуда қиын болғанымен шын додада бәсіміз төмендемейді. Жетісудың, Қазақстанның атын шығарар дарабоздарымыз көбейе берсін, – деді Феруз Шегебаев.

Жас әрі жеңімпаз спортшы Арман Маратов та қолдау білдірген аға буынға алғысын айтып, алдағы уақытта жарқын жеңістерге жетіп, жетісулықтардың мерейін өсіретінін жеткізді. Талантты да талапты спортшыларға біз де ризашылық таныттық.

Дастанбек Садық
Cуретті түсірген Жеңіс Ысқабай

 

 

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.