Талдықорған: +15°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Жетісуда мамыр айында 20-дан астам ірі спорттық шара өтеді

28 сәуір 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР, КҮНДЕРЕК
Жетісуда мамыр айында 20-дан астам ірі спорттық шара өтеді
WhatsAppTelegramFacebook

Б. Құранбек атындағы Журналистер үйінде Жетісу облысында бұқаралық спортты дамыту және мамыр айында өтетін ірі спорттық бағдарламаларға арналған брифинг өтті.

Жиында өңірдегі спорт саласының қазіргі жағдайы, бұқаралық спортты кеңінен насихаттау және тұрғындарды салауатты өмір салтына тарту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, 2026 жылдың мамыр айында Жетісу өңірінде 20-дан астам ірі спорттық шара өткізу жоспарланған. Олардың қатарында республикалық деңгейдегі біріншіліктер, облыстық турнирлер және дәстүрлі жарыстар бар. Бұл іс-шаралар шамамен 6 мыңға жуық спортшы мен қатысушыны қамтиды.

Айдың негізгі спорттық оқиғаларының бірі – Талдықорған қаласында өтетін көкпардан Қазақстан Республикасының XXV чемпионаты. Сонымен қатар ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы ел біріншілігі, армрестлинг пен тоғызқұмалақтан республикалық бәсекелер, сондай-ақ садақ атудан Қазақстан кубогі ұйымдастырылады.

Ұлттық спорт түрлерін дамытуға да ерекше көңіл бөлінген. «Сиверс алма гүлдеуі» фестивалі аясында қазақ күресі, тоғызқұмалақ және асық ату сияқты ұлттық ойындар өтеді. Ал 9 мамыр – Жеңіс күніне орай облыс әкімінің кубогына бәйге және бәйге түрлері бойынша Қазақстан чемпионаты жоспарланып отыр.

Көкпардан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының XXV чемпионаты 1-9 мамыр аралығында өтеді. 1 мамыр – қатысушыларды қабылдау күні болса, негізгі бәсекелер 2-9 мамыр күндері ұйымдастырылады. Биылғы дода плей-офф жүйесімен өтеді. Жүлде қоры 22,5 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар «Үздік шабуылшы ат», «Үздік қорғаушы ат», «Үздік жекпе-жек ат» және «Үздік ойыншы» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталады, – деді ММ-нің Ұлттық және бұқаралық спорт түрлері мен спорттық инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы Ғазиз Аманжолұлы.

Жасөспірімдер мен жастар спортын қолдау мақсатында бокс, еркін және грек-рим күресі бойынша республикалық турнирлер, сондай-ақ волейбол, баскетбол, велоспорт және жеңіл атлетикадан облыстық жарыстар өтеді. Бұдан бөлек, «Спорт – есірткіге қарсы» ұранымен футбол және волейбол турнирлері ұйымдастырылады.

Саладағы спорттық инфрақұрылым да кезең-кезеңімен дамып келеді. Соңғы үш жылда облыста 39 жаңа спорт нысаны пайдалануға берілген. Бұл тұрғындардың бұқаралық спортпен тұрақты айналысуына және түрлі деңгейдегі жарыстарды сапалы өткізуге мүмкіндік жасап отыр.

Жалпы, мамыр айына жоспарланған спорттық күнтізбе өңірде бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын дәріптеу және жас спортшыларды қолдау бағытындағы жүйелі жұмыстың жалғасын көрсетеді.

Аяулым Шынгаева

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Бүгін, 16:46
Махаббат ол…

Махаббат ол…

Бүгін, 16:09
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.