Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ЖЕТІСТІК ТЕ ЖОҚ ЕМЕС

15.01.2021
АЛТЫН ТҰҒЫР
ЖЕТІСТІК ТЕ ЖОҚ ЕМЕС
WhatsAppTelegramFacebook

Өткен жыл расыменде ауыр жыл болды. Әлемді жайлаған КОВИД барлық салаға кесірін тигізіп, жұмысты тұралатып тастады. Сондай тұралап қалған саланың бірі – спорт. 2020 жылы төртжылдықтың басты додасы Токиодағы Олимпиада ойындары болатын. Індетке байланысты биылғы жылға шегерілді. Мұнымен қоса ірі жарыстар өтпей қалғаны тағы бар. Халықаралық жарыстарды былай қойғанда, елішілік дода да тоқтап, спортшыларды әбігерге салды. Осындай қиын-қыстау кездің өзінде барлық спортшы үй жаттығуын істеп, қалыптан шығып кетпеудің қамын ойлады. Рұқсат етілген жарыстарға қатысып, жүлдеге таласты. Осындай қиыннан қиыстырып, жол тапқан мекеменің бірі – спорттық ойын түрлерінен облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мекетебі. Өткен жыл мен алдағы жылдың жұмысы жайлы мекетеп директоры Ермек Сүйеніштен білген болатынбыз.

– Ермек Сүйенішұлы, ең алдымен осы мектептің құрылуынан бастасақ. Атауын өзгертіп, қайта жасақталған мектепке кеңінен тоқталсаңыз?
– Рас айтасыз, бұл мектеп алғашында облыстық баскетбол клубы болып аталған. Көп жылдар Қапшағай қаласында орналасып, баскетболшылар облыстың намысын қорғаған. Жоғары топта өнер көрсетіп, жүлделі орыннан да көрініп жүрген кезі көп болды. Жалпы 2006 жылы құрылған клуб 2017 жылы мемлекеттің шығарған қаулысына сәйкес спорт мектебіне ауысты. Осы кезде баскетболдан мамандандырылған спорт мектебі деген атауға ие болдық. Үш жылдан кейін спорт мектебін спорттық ойын түрлері бойынша «Мамандандырылған балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық спорт мектебі» деп қайта аштық. Мұндағы мақсат, мектепті бір ғана баскетбол түрімен емес, спорттың бірнеше түрімен шұғылданатын көпсалалы ету. 
– Сонда қазір мектепте неше спорттық ойын түрлері бар?
– Қазір спорттық ойынның алты түрі бар. Баскетбол, жағажай футболы, жағажай волейболы, үлкен теннис, үстел теннисі және футбол ойындары.
– Мұндай ой қалай туындады?
– Негізгі мектеп базасы Қапшағай қаласында орналасқан кезде бір ғана баскетболды алып жүрдік. Бірде Қапшағай қаласында өзен жағасына  жағажай футболының базасы ашылды. Сол кездегі қала әкімі Талғат Қайнарбеков қаланы көркейтуге және демалушылар мен туристік саланы нығайтуға көп іс атқарды. Сондай ауқымды істің бірі – жағажай футбол базасы. Бірақ, база ашылғанымен әуесқой ойыншылар доп теуіп, жақсы демалыс өткізеді екен. Содан жағажай футболын қоссақ деген жақсы ой келді. Кейін Талғат ағамыз базаны басыбүтін мектепке беріп, содан бері жағажай футболы мектебіміздің спорттық ойындарының бір түрі болып енді. Алғашқы жылдары жақсы ойыншыларды тартып, команда жасақтадық. Содан кейін спорттық ойын түрлері деген мектепті қалыптастырдық. Бұл ісімізді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев қолдап, барлық жағдай туғызды.
– Қазір  мектеп Талдықорған қаласында орналасқан. Облыс орталығына көшіру қаншалықты маңызды?
– Бұл сөзіңіздің жаны бар. Мектептің атауы облыстық болғасын облыс орталығында болу керек. Спортқа байланысты көптеген ірі жоба, жарыс, мерекелік іс-шара, жиындар облыстық басқармада өтіп, талқыланып жатады. Осының барлығынан тыс қалмау біздің міндет. Оның үстіне спортшылардың да еркін жаттығуына облыс орталығы ыңғайлы. Кейін кеңесе келе облыс орталығынан арнайы орын тауып, қоныс аудардық. Бұл ісіміз жаман болған жоқ, бүгінде өз жемісін беріп жатыр.
– Арнайы базаңызды қалай нығайттыңыз?
– Алғашында біз бір ғимаратты жалға алып отырғанбыз. Кейін сұрастыра келе Теннис орталығының бір спорттық мекеменің қарамағында тұрғанын білдік. Ой таразылай келе теннистің өзі спорттық ойын түрлеріне жатады. Осыны басшылыққа алып, басқарма басшысы Нұрбақыт Молдахмет-     ұлымен ақылдастық. Зерделей келе Нұрбақыт Теңізбаевтің қолдауымен Теннис орталығын мектеп балансына берді. Көп жылдар әр мекеменің құрамына өтіп жүрген Теннис орталығы жөндеу жұмыстарын қажет ететіндігін байқатты. Үлкен іске белсене атсалысып, мектептің базасын жөндеп, бір қалыпқа енгізіп алдық. Әрине, әлі де атқарылатын шаруа көп. Толықтай күрделі жөндеу өткізбесек те материалдық базамызды нығайтып, бір қалыпқа келтірдік.
– Ал штат мәселесі мен спортшылар саны қанша?
– Алғашқы кезде бар-жоғы елу адам болатын. Қазір сексен беске жеттік. Оның ішінде жаттықтырушылар мен спорт нұсқаушылары бар. Ал спортшылардың санына келсек, бүгінгі таңда 546 спортшымыз бар. Мұнда тағы бір нәрсені еске сала кетейін. Сұхбатымыздың басында айттым, алғашында бір ғана баскетбол болған. Қазір спорттың алты түрі бар деп. Міне, сол алты спорттың түріне жиылған спортшылардың саны. Әрине, өткен жыл көп қиындық туғызды. Індеттің кесірі спортшылар санына да әкеп соқты. Алдағы уақытта одан да көп болуы әбден мүмкін. Осынша спортшының барлығы бір ғана облыс орталығында десек қателесеміз. Бізде қазір аудандарда арнайы бөлімшелер бар. 
– Осы жерде қандай да бір мәселе бар ма? Спорттық мекеме болғасын жетіспеушіліктер болып тұрады. Мәселен қаражат, жаттығу залдары деген секілді?
– Иә, сіз жақсы сауал көтеріп отырсыз. Көптеген мәселе бар. Оның бірі мына жаттығу залдары. Бізде баскетболдан ұл-қыздар жоғары лигада ойнайды. Нәтижеміз де жаман емес. Міне, олардың жаттығуына қиын соғатыны залдың жетіспеушілігі. Қазір спортшыларымыз «Жастар» спорт сарайында жаттығады. Онда орын аз, яғни жұмыс кестесінде бос уақыт жоқ. Бізге екі уақыт жаттығу жасауы керек. Қазір тек таңғы уақытта екі сағат қана жаттығу өткізіп жүрміз. Оның сыртында жағажай футболшылары шұғылдану үшін медициналық колледждің спорттық залын жалға алдық. Бұл қысқы уақытта. Жазда өз базалары бар. Бұл проблемаларды спорт басқармасының басшылығы біледі. Кезең-кезеңімен оның да шешу жолдарын қарастырып, бізге мүмкіндік туғызуда. Балалар футболы мектептің спорттық залында жаттығады. Олар кішкентай болғандықтан мектеп ішіндегі зал өте ыңғайлы. Алдағы уақытта ересектердің залы өз шешімін табатынына сенімдіміз. Оның сыртында үлкен теннистің де залы тарлық етіп отыр. Болашақта оны да үлкейтеміз деген жоспарымыз да бар. Өткен жылы ғана көшіп келгендіктен бар шаруаны бір жылда атқарып тастай алмаймыз. Алдағы уақытта барлығы өз шешімін табады.
– Енді спортшылардың жетістігіне тоқталсаңыз?
– Жалпы мектептің жетістігі жаман емес. Мәселен, өткен жылы толықтай жарысқа қатыса алмасақ та толайым табысқа қол жеткіздік. Көп жарыс індетке байланысты болмағандықтан ел чемпионатынан алған медальдарымыз көп. Өткен жылы 5 алтын, 3 күміс медаль иелендік. Сізге бұл сан аз көрінетін шығар. Мұнда командалық спорт болғасын медаль саны аз болады. Жеке спортшыға емес, командаға беріледі. Сондықтан осындай көрсеткіш. Баскетболдан қыздарымыз ҚР чемпионы атанды. Жастар да, жасөспірімдер де өз топтарында жүлделі орынға қол жеткізді. Жағажай футболынан үш жыл қатарынан күміс жүлдегер атандық. Биыл чемпиондыққа қол жеткіземіз деген үлкен мақсатымыз бар.
– Сұхбатыңызға рахмет.

Ришад ТҰРҒАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда сайлаушылардың қатысу көрсеткіші сағат 20.00-дегі ақпарат 78% пайыздан асты – Арыстанғали Арын

Жетісуда сайлаушылардың қатысу көрсеткіші сағат 20.00-дегі ақпарат 78% пайыздан асты – Арыстанғали Арын

15.03.2026
Талдықорғанда барлық референдум учаскелері өз жұмысын тоқтатты

Талдықорғанда барлық референдум учаскелері өз жұмысын тоқтатты

15.03.2026
Көктемгі жеңілдік: Жетісуда «Наурыз FEST» акциясы өтуде

Көктемгі жеңілдік: Жетісуда «Наурыз FEST» акциясы өтуде

15.03.2026
Референдум күніндегі мерейтой иелері

Референдум күніндегі мерейтой иелері

15.03.2026
Ауыл еңбеккерлері азаматтық ұстанымдарын білдірді

Ауыл еңбеккерлері азаматтық ұстанымдарын білдірді

15.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.