Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында самбодан жастар мен жасөспірімдер арасында Алматы облысының чемпионаты өтті. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.
Осы чемпионатта Жетісу университеті дене шынықтыру және өнер факультетінің 1-курс студенттері Ақнұр Асылбекова (54 кг салмақта) мен Анель Қайратқызы (65 кг салмақта) 1-орынға ие болды. Жастайынан спортпен шұғылданатын студент қыздарды облыстық чемпионатқа факультет оқытушылары дайындаған.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





