Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АРДЫҢ ІСІ

«АХМЕТ, МҰСТАФАЛАРЫМ, ӘЛИХАН, МІРЖАҚЫПТАРЫМ»: АЗАЛЫ ЖЫРЛАР

31.05.2020
АРДЫҢ ІСІ
"АХМЕТ, МҰСТАФАЛАРЫМ, ӘЛИХАН, МІРЖАҚЫПТАРЫМ": АЗАЛЫ ЖЫРЛАР
WhatsAppTelegramFacebook

ҮШТАҒАН ЖЫР

Ұлтымның салмақты ұланы,

Рухымды жалғап тұр әлі.

Арымның темірқазығы –

Алаштың ардақтылары.

 

Келтелеу  тыңдатып әнін,

О менің жыр жаһұттарым.

Ахмет, Мұстафаларым,

Әлихан, Мыржақыптарым!

 

Ерсіңдер, егеменсіңдер,

Не деген көрегенсіңдер.

Алаштың арлы армандарын

Бесікке бөлегенсіңдер.

 

Ұрпағын ғашық қылғандар,

Арнадан асып тулаңдар!

Ғаламнан хабар жеткізіп,

Заманнан асып туғандар.

 

Өмір бар тілектеріңде,

Көңілге гүл еккеніңде,

Жарқырар тас қараңғыда,

Жұлдыз бар жүректеріңде.

 

Батырар самала мұңға,

Арман бар ағаларымда.

Бақыттың байрақтарында,

Уақыттың аламанында.

 

Ұлтымды шарлап шырағы,

Рухымды жалғап тұр әні.

Көшімнің басында мәңгі —

Алаштың ардақтылары.

ӘЛИХАННЫҢ ТҮЙМЕСІ

Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың ұстанымының бірі – «Қазақ жерінің әрбір тасы қазақтың өңіріне түйме болып тағылуы тиіс» еді.

Әлихан, Әлихан  –

Алаштың серкесі

Ел қамын ойлайтын!

Алаштың әнұранынан

Есімі көңіліме мұң тізді бір,

Таңдағы шолпан яки күндізгі нұр.

Жалт етіп жасын шашқан жалқын сәуле

Жарқ етіп жанып сөнген жұлдыз ғұмыр.

 

Көктегі көк нұрлардың санатында,

Құсының маржан жанған қанатында.

Арманын Алашының алып ұшқан  

Әлихан Бөкейханов – дара тұлға!

 

Басымдау болса-дағы соры бақтан,

Етеді қазақ жұрты оны мақтан.

Арайын Ақтоғайдың аялаған,

Толқыны Тоқырауынның толып аққан.

 

Ұрпағы байтағында өніп-өсіп,

Адамның кіндік кескен жері – бесік.

Төреден тегін тартқан төредей ұл

Қазақты сүйген екен өліп-өшіп.

 

Болса да сол арыстың қысқа күні,

Келеді құлағыма құстар үні.

«Әр тасым түйме болсын өңіріме» —

Осы еді Әлиханның ұстанымы.

 

Жетер деп:

Тақ та маған, бақ та маған,

Ат жалын тартып мінген атпал ағам.

Арманын арай таңға шомылдырып,

Даласын  бабасының баққа ораған.

 

Алаң жұрт,

           алаң да алаң,

                       алаң бәрі,

Жас болып тамып түскен жанардағы.

Мәңгілік қазақ елі —

ей, бауырым,

Аңсаған арыстардың ақ арманы.

 

Өлеңге айналғанда көңіл нәзік,

Өткеннің өнегесі  –  өмірге азық.

Алаш деп аламанға ат қосқанда,

Арманы арыстардың  — ТЕМІРҚАЗЫҚ!

 

Көшімнің күнде айналған көрігіне,

Бабамның  жері міне, елі міне.

Тас емес Әлиханның ақ арманын

Түйме қып қада қазақ, өңіріңе!

АМАНАТ ЖЫРЫ

Көсілдім, бүгін көсілдім,

Тарқамаған соң сауығым.

Керуенде керуен көшімнің

Басында тұршы, бауырым!

 

Өлеңім болған өмірдің

Көгілдір таңын саялап.

Тербеліп тұнған көлімнің

Толқынын өтші аялап.

 

Жарқ ете қалып жанарың,

Бақытыңды іздеп бағынан.

Бір сипап өтші, қарағым,

Арғымағымның жалынан.

 

Ақ жаңбыр болып жосылшы,

Үлгеру керек бәріне.

Аққуларымның қосылшы

Сұңқылдап салған әніне.

 

Анамның қалған қыз күні,

Бабамның қалған із — құты.

Айтамыз бүгін  біз мұны,

Қазақтың жері біздікі.

ЖАЛҒЫЗ

Ақында адамзаттан дос болмайды,

Жалғыз-ақ сырын сөйлер қаламына…

                                                         Мағжан

Өлең бе?

Өлең осы өр тұлғалы,

Шер тұнған шертерімнің шертілді әні.

Қалайсың,

Қызылжардың қайыңдары –

Есілдің ерке сылқым  толқындары?!

 

Әуелде жаратқан соң көшелі ғып,

Жұлдыз боп жарқыраған деседі жұрт.

…Мағжанның бұйра-бұйра шаштарындай,

Солтүстік аспанында көшеді бұлт.

 

Осы елдің шыққан жолға күнін ертіп,

Жүректің жырына елтіп,

Мұңына елтіп.

… Найзасын «Батыр Баян» жарқыратып,

Қобызын Қойлыбайдың күңірентіп.

 

Тұратын тауқыметтен тағдыры әрбір,

Тамызда ерте жауған таңғы қар бұл.

… О, Мағжан, сенің күнің жалғыз-ақ  күн,

О, Мағжан, сенің жырың – жалғыз-ақ жыр.

 

Дүние дүрбелеңнен қашқан да сын,

Өтіпті аласармай асқар басың.

Әлемнің ақынында сен айтқансың,

«Ақында адамзаттан дос болмасын».

 

Келген жаз,

Келген көктем,

Келген әр күз,

Өлеңді шын талантқа өрде жазғыз!

«Ақында адамзаттан дос болмайды»,

Ағатай,

Сен де жалғыз,

Мен де жалғыз.

 

Көңілде төрсің ағам,

Өрсің ағам,

Еліңе беріп кеткен ен сыбағаң.

Ай етіп алақанда аялайын,

Жырыңның жалғыз жолын берші, маған!

 

Сен салған жалғандағы әні мұңның,

Сүйетін терегінің  тамырын күн.

…Шер-ғалам түсінбейді ақын жанын –

Бер, маған бір тамшысын жарығыңның.

 

Аялап опа таппай аяр таңды,

Жырыммен толтырайын қай ортаңды?

Жанымның жалғызы сен, Ақын аға –

Тағайын жұлдыз жүзік, ай алқаңды…

Мақпал МЫСА,

ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

28.01.2026
Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

28.01.2026
Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

28.01.2026
UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

28.01.2026
Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.