Ата-ана өз баласын махаббатың нұрына, қуанышына, бақытына бөлейді. «Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе» — деп бабымыз айтқандай баланы бесіктен тәрбиелеу керек, тіпті бала тәрбиесі туралы сөз ете қалғанда, алты айлық баласын тәрбиешіге әкелген ата-анаға «Сіз балаңызды 1,5 жыл тәрбиесін өткізіп алдыңыз, баланы іште тәрбиелеу керек» деген еврей халқынын мысалын келтіріп жатады.
Біз баламызға үнемі талап қойғышпыз. Әуелі талапты қоймастан бұрын, балаға өзіміз үлгі көрсете білуіміз керек. Бала тәрбиесін ойлайтын ата- ана ең әуелі өзін тәрбиелегені жөн болар еді деп ойлаймын.
Еліміздің болашағы — ертеңгі тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ. Сол тәртіпті, тәрбиелі ұрпақ өсіру – баршаға ортақ, әрі міндет. Құрметті ата — аналар, балаларыңыздың бойынан жат қылық көрсеңіздер тәрбиешіні, ортасын, қоғамды кіналаудан гөрі, «мен баламды тәрбиелеуде қай жерінен ағаттық кеттім, баламның бойына жақсы әдет сіңіруде, жақсы тәрбие беруде қай жерден жаңылдым» деген ой түйсеңіздер екен. Тәрбиенің отбасынан басталатыны сөзсіз.
Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл — қыздармен үй шаруасында жүріп — ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа.Баланы мектепке апарып алып қайтар жолда сырласып әңгімелесуге болатынын естен шығармаған жөн. Бала мектепте болған жайды әңгімелеп, достары жайлы ой пікірімен бөліскісі келеді. Балаға уақытым жоқ деп тиып тастамай, сұрақтарына жауап беріп өз пікіріңізді ортаға салсаңыз ол баланың ойында дұрыс пікір қалыптастырады.
Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»- дейді әл-Фараби. Сонымен қорыта келе, жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата-аналар болып қолға алсақ болашағымыз жарқын болмақ. Балаларымызды отансүйгіштікке, ата — баба салт-дәстүрін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу баршаға бірдей міндет.
Алуа Елікбаев,
М.Маметова мектебінің мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі
Фото: көнекілікке алынды





