Талдықорған: +3°C
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АРДЫҢ ІСІ

Орындалмаған арман

1979 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпанына дейін 10 жылдан астам уақыт жүрген Ауған соғысына аман-есен аттанып, ауылға мырыш табытпен оралғандар көп болды. Тау кешіп, тас жастанған батырлардың бірқатары тұтқынға түсіп, із-түзсіз жоғалып кетті. Сондай жанның бірі – Қуат Бекболатов еді.

05.02.2026
АРДЫҢ ІСІ
Орындалмаған арман
WhatsAppTelegramFacebook

1963 жылы бұрынғы Талдықорған облысы, Алакөл ауданында дүниеге келген Қуат 18 жасында Отан алдындағы әскери борышын өтеуге ауған жеріне аттанады. Қазақтың қайсар баласы майдан даласында ерлігімен танылып, от пен оқтың, жан алып, жан беріскен қантөгістің ортасында жараланған солдаттарды емдейді. Алғаш барған жылы жүргізуші болады. Кейін БТР-ді тізгіндейді. Бірақ, ерен ерлігімен танылып жүрген жас жігіт аяқасты сары аурумен ауырып, Өзбекстанға госпитальға жіберіледі. Мұнан соң Алакөлге, туған жеріне қайтарылады. Қазақ дейтін жауынгер халықтың тегіне біте қайнасқан үлкен қасиеттің бірі – қайсарлық пен батырлық емес пе?! Қысқа уақыт емделіп ауған жеріне қайта оралады.

Ауған жерінде оқ пен оттың арасында борышын адал атқарып, интернационалдық міндетін өтеп келген жауынгердің бірі – Мырзабек Ерғапанов. 1962 жылы 10 наурызда Қаратал ауданы, Кәлпе ауылында туған Мырзабек 1981 жылы 5-сәуірде әскерге шақырылып, 1983 жылы 10 шілдеде қайтып келген. Әскери достары «Мұса» деп атап кеткен Мырзабек ұрыс даласында Қуат Бекболатов екеуі талай операцияға қатысып, қанды қырғында бір-біріне қорған болады. Сондай қиян-кескі ұрыстың бірінде Бекболат із-түзсіз жоғалып кетеді.

Оқиға былай болған еді. 9-наурызда кеңес жауынгерлері ел тыныштығын бақылау мақсатында екіге бөлініп, үйлерді аралай бастайды. Күндізгі төрттің кезінде Қуат пен Мырзабек бастаған взвод бір үйдің иесінен: «Мұнда дұшмандар бар ма?» – деп сұрайды. Әлгі жігіт: «Жоқ!» – деп жауап қатады. Есік алдында әйелі, бала-шағасы жүрген соң сарбаздар сеніп, келесі үйге кіреді. Сөйтсе, іші толы дұшмандар екен. Бұларды көрген олар қолдарындағы қарумен оқ боратады. Сөйтіп қанды қырғын басталып кетеді. Кеңес әскерлері атыса шегініп, көрші үйге кіріп үлгереді. Атыс кезінде жарақат алған орыс жігітін құтқармақшы болған Қуат жан ұшыра жүгіреді. Қалғандары қорғану үшін көрші үйдің есік-терезесін атқылай бастайды. Ұрыс майданында ештеңеден тайсалмай, майдандас досы үшін өмірін қатерге тіккен Қуат жаралы жауынгерді тасаға жеткізіп, жарасын таңады. Бұл уақытта взвод командирі бір жауынгерге шатырды, екіншісіне қақпаны бақылауда ұстауды тапсырады. Мырзабек айналаны екінші қабаттан қадағалайды. Сөйтіп жүргенде кеш батады.

Түнгі сағат екі шамасында дұшмандар қабырғаны ұрғылай бастайды. Жаралы солдаттың қасында болған Қуат жүгіріп келіп:

– Есік жақты бақылай тұршы мен жаралы жауынгерді жоғары қабатқа шығарып жіберейін, – дейді. Мұса басын изейді. Жан-жақтан тарсылдаған дауыс күшейіп келеді. Қуат жаралы жауынгердің біреуін жоғарыға шығарып, қалғанына қарай жүгіре жөнеледі. Осы кезде Мұса: «Менің қасымда болшы, не болса да бірге көрейік!» – деп айғайлайды. Бар ойы жаралы солдаттарды құтқару болған Қуат: «Қазір!» – деп қалған жігіттерге қарай жүгіреді. Осы сәтте гүрс етіп мина жарылады. Қара жердің шаңы көкке көтеріледі. Жарылыс Кеңес әскері орналасқан үйдің бір бөлмесінің жартысын жоқ қылып жібереді. Сол сәтте лапастың астында тұрған командирдің жағына минаның сынығы тиеді. Жаралы жауынгерді шығарамын деп ұмтылған Қуат лапасқа кіргенде дұшмандардың қолына түседі. Дәл сол 10 наурыз Мырзабек Ерғапановтың туған күні еді. «Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі» дегендей, ол кескілескен ұрыстан аман шығады. Алайда сол күні жан досынан айырылады.

Соғыстан аман-сау оралып, тіршіліктің түйткілін таныған Мырзабек 39 жылдан досы Қуаттың тірі қалғанын естиді. Онда да Ресей азаматынан: «Пәкістанда Қуатпен тұтқында бірге болдық, суретін танып отырмын» деген хат келеді. Қуаттың қаншама жылдар бойы қиындық көргені айтылған хатта Пәкістан жауынгерімен бірге жатқаны, сол шығар кезде ресейлік жігіт темекі қағазына қызыл әскер екенін, туған жерін, аты-жөнін жазып: «Пәкістандағы Ресей Елшілігіне жеткізші!» – деп өтінгені, сөйтіп, «Қызыл крест» арқылы бостандық алғаны жазылған. Мұны оқыған Мұса – Мырзабектің қуанышында шек болмайды.

Кейіпкеріміз осыдан бірнеше жыл бұрын көзіне жас алып: «Майдандас досымның не тірі, не өлі екенін білсем, егер тірі болса жүзін бір көріп кетсем арманым жоқ», – деп еді. Досын іздеп тапқысы келген Мұса Ауған соғысының ардагері Сайлаукез Ақмолдаға жолығыпты.

– Бір кездескенде Мұса: «Сен бәрімен араласасың ғой. Қуаттың не өлі, не тірі екенін біліп берші!» – деп өтініш білдірген еді. Мен 10 жыл іздедім. Ақыры бір ақпарат табылды. Қуанышты хабарды естіген Мұса жылап тұрып: «Бұл жақсылығыңды ұмытпаймын. Енді Пешеварға қалай барамыз? Билетке ақша жинайық!» – деді. Мен бірден келісіп, Мұсаның арманын орындау үшін барымды салдым. Пәкістандағы елшіліктен, Пешевардан бізді күтіп алатын адам да таптым. Ендігі мәселе қаражатқа келіп тірелді. Ақша іздеп жүргенімде Мұсаның басына операция жасалып, өмірден өтіп кетті, – дейді Сайлаукез Ақмолда.

«Өзі жоқтың – көзі жоқ» деген осы. Майдандас бауырының дидарын бір көріп, әңгімелесуді армандаған Мырзабек Ерғапановтың аңсары осылайша орындалмай қалды. Десе де Отан алдында адал қызмет атқарып, елі мен жері үшін сұрапыл соғыста қаһармандық танытқан ардагерлердің ерлігін ел ұмытпайды. Оқтан қаймықпаған жандардың жанқиярлық ісі кейінгіге өшпес өнеге. Оларға құрмет көрсету – жас ұрпаққа міндет.

 

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Президенттің The News International басылымына берген сұхбаты жарияланды

Президенттің The News International басылымына берген сұхбаты жарияланды

05.02.2026
Жетісу облысында жер сілкінді

Жетісу облысында жер сілкінді

05.02.2026
Орындалмаған арман

Орындалмаған арман

05.02.2026
Он сегізде от кешкен

Он сегізде от кешкен

05.02.2026
«Яндекс такси» жүргізушілерінің табысы туралы ақпарат прокуратураға жіберіледі

«Яндекс такси» жүргізушілерінің табысы туралы ақпарат прокуратураға жіберіледі

05.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.