Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АРДЫҢ ІСІ

«ҚОШ БОЛ, МЕКТЕБІМ» ҚАЛАЙ ЖАЗЫЛДЫ?

23.05.2019
АРДЫҢ ІСІ
"ҚОШ БОЛ, МЕКТЕБІМ" ҚАЛАЙ ЖАЗЫЛДЫ?
WhatsAppTelegramFacebook

Адам өмірінде қимастық туғызатын түрлі сәттер болады. Әсіресе, мектепке, оқушылық кезеңге деген сағыныш әрбір адамның жүрегінің түбінде тұрары анық. Өйткені, бала армандарыңның қанат қаққан ұясы, болашаққа арна салған бұлақ бастауы мектеп екені даусыз. Өзің оқыған білім ошағына деген сағыныш көкейден кейде өлең, жыр, кейде әуен болып төгіліп жатады. Сондай әндердің ішінде «Қош бол, мектебім» әнінің шоқтығы биік.

Білім нәрін толтырдық біз кеудеге,

Қателік те болды бізде кей жерде.

Үйретуден жалықпаған ұстаздар,

Жанашыр да бола білдің көп жерде.

Қош бол енді, мектебім менің,

Сенде оқып, сенде көктедім.

Қоштасар сәттің алтын ұямен

Байқамай қалдым келіп жеткенін, – деп басталатын ән бүгінде мектеп бітіруші түлектердің әнұранына айналған, ол еліміз көлеміндегі барша білім ошағында орындалады десек қателесе қоймаспыз. Мектеп бітіруші түлектердің сезім қылын шертетін ән жүрек түбіндегі нәзік пернені дөп басады. Сондықтан да болар, бұл әннің соңғы қоңырау, мектеп бітіру кеші сынды айтулы шараларда көптеп орындалатыны.

Осындай әсем әннің авторы кім? Бұл ән қай кезде жазылды, қалай жарыққа шықты деген сауал әнсүйер қауымды толғандырары анық. Біз соның жауабын іздеуге тырыстық.

Анықтағанымыздай, әннің өзін де, сөзін де жазған автор — Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының тумасы Азамат Қоңырбеков. Ол бұл әнді 2003 жылы жазған. Оған Азаматтың мектепте ұстаздық етуі себеп болған.

— Ол кезде өзім туып-өскен Сарыағаш ауданы, Бағыс ауылындағы №23 Ғ.Мұратбаев атындағы мектепте жас маман едім. Әнге біртабан жақын болғандықтан түрлі мерекелерде ұйымдастыру жұмысын атқарып жүрдім. Соңғы қоңырау сынды шараларда түлектер айтатын әннің қажеттігі үнемі сезілетін. Әрі өзім оқыған мектепте қызмет етіп жүргендіктен сол білім ошағына деген шәкірттік ыстық сезімім, ықыласым жүрегімде тұратын. Сол ән болып қалықтап шықты. Оның үстіне өлең жазуға да бейімдігім бар еді. Сол кезде Мұрат Бекей деген ақын ағамыз жетекшілік ететін Сарыағаш ауданындағы Төлеген Айбергенов атындағы әдебиет-өнер бірлестігіне қатысып, өзімді осы қырынан шыңдап жүрдім. Осылайша жүрегімді жарып шыққан әннің сөзін де өзім жаздым, — дейді Азамат Кеңесбекұлы бізге берген сұхбатында.

Азамат дәл осы «Қош бол, мектебім» әнімен 2003 жылы облыстық әуесқой сазгерлер байқауына қатысып, ІІ орынды жеңіп алған еді. 2013 жылы «Ән тербеген Сарыағаш» атты сазгерлер байқауында да «Сарыағашым» әнімен топ жарған. Бұдан басқа «Анашым», «Әкеме», «Жаса, қазағым, мәңгі», «Сүйдім мен өзіңді» сынды бірқатар әндері бар.

Азаматтың ән, өлең жазуға бейімдігі балалық, жастық шақтан бастау алған. Алғашқы жазған әні «Достарым» деп аталады. Мұның да сөзін өзі жазған болатын. Ол мектеп бітіріп, бірге оқыған достарын қимай, сағынышын әнге қосқан жылдары жазылған. Мұнымен қатар Азамат бала кезден домбыра, гитара, пианино сынды аспаптарды жанына серік етіп, ән де айтады.

Жастайынан өнер-білімге талпынып өскен ол алғашында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген, кейіннен Шымкент университетінде музыкалық білімін толықтырған. Мектепте қазақ тілі мен әдебиеті, ән сабағынан дәріс беріп, мектеп директорының орынбасары қызметін атқарған. «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, талай шәкіртті өнер-білімге баулып, ауылдағы талантты, талапты оқушыларды түрлі байқауларға қатыстырып, талабын ұштауға септігін тигізген.

Сондай шәкірттерінің бірі – қазақ эстрадасындағы танымал әнші-сазгер Ілияс Байбосынов. «Қош бол, мектебім» әнін үлкен сахнаға алып шыққан да осы Ілияс.

– Ілиястың өнерге бейімдігі бала кезінен-ақ байқалып тұратын. Мектепте ән айтып жүрді. Оның ерекше дауыс тембрін, өнер десе оттай жанатын көздерін көріп, ағалық, ұстаздық қамқорлығымды аямадым. Ал бүгінде Ілияс – біздің мақтанышымыз. Ауылдың қаншама жеткіншегі Ілиясқа еліктеп, әнші болуды армандауда, – дейді Азамат Кеңесбекұлы.

Азаматтың да арманы әнші болу еді. Бірақ үйдің кенжесі болғандықтан асқақ арманына қол жеткізуден гөрі ата-ана алдындағы парызын өтеуді өзіне міндет санады. Бұл да болса Азаматтың азаматтығының, отбасында алған тәлімінің, үлкеннің алдын қия өтпейтін кішіпейілдігінің дәлелі.

Ілияс БАЙБОСЫНОВ,

әнші, сазгер:

– Ауыл мектебінде ең алғаш әнге баулыған ұстазым – Азамат Кеңесбекұлы. Фортепиано, домбыра, гитара тартуды да осы ұстазымнан үйрендім. Бір сөзбен айтқанда, өнер жолын қууыма Азамат ағайдың үлкен септігі тиді. Ал «Қош бол, мектебім» әніне келер болсақ, оны ұстазым маған үйретіп, орындауыма мүмкіндік жасап, шығармашылығыма үлкен жол ашты. Мектеп бітірген жылы осы әнді «Ямаха» аспабымен айтып шыққаным есімде. 2005 жылы үлкен сахнаға алып шықтым. 2015 жылы бұл әнге бейнебаян түсірдім. Бұл менің шығармашылығымның бастауында тұратын, ерекше орын алатын ән. Қазіргі тілмен айтқанда, «хит» ән. Өйткені, алғаш шыққан жылдардан бастап халыққа жақсы таралды. Әлі күнге дейін сол деңгейден түспей келеді. Өзім де кейіннен ұстазымның жолын қуып, ән жаза бастадым. Бүгінде көп әнімді елімізге белгілі әншілер орындауда. Жалпы, біздің қазақ эстрадасында тақырыпқа сай әндер аз. Осы тұрғыдан алғанда бұл нағыз сұраныстағы ән деуге болады. Жыл сайын соңғы қоңырауда осы әнді орындап беруіме өтініш жасап, жан-жаққа шақыратындар көбейеді. Бұл әннің мектеп бітіруші түлектердің әнұраны ретінде мәңгі қалықтай береріне сенімім зор.

Жан-жүрегі өнер, өлең деп соқса да әкесінің ұсталық жолын жалғауды мақсат тұтқан Азамат Кеңесбекұлы соңғы жылдары «Әлем.Дизайн.Жарнама» ЖШС ашып, кәсіпкерлікке бет бұрды. Бүгінде Сарыағаштың көркін ашып тұрған нысандарды әрлеу, әдемілеу сынды жұмыстар Азаматтың екінші тынысын аша түскендей. Әрбір жұмысында ұлттық ерекшелігімізді, құндылығымызды алға тартып, ою-өрнектерімізді ұтымды пайдаланып жүрген, қолынан іс келетін «сегіз қырлы, бір сырлы» азамат елінің, ауылының гүлденуі жолында талмай еңбек етуде.

Алма ЕСЕНБАЕВА

«Жетісу»

Қатысты жаңалықтар

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

28.01.2026
Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

28.01.2026
Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

28.01.2026
UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

28.01.2026
Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.