Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АРДЫҢ ІСІ

«Сен де аман бол, Жетісу – қасиетті қара жұрт!»: Есенқұл Жақыпбеков

26.11.2023
АРДЫҢ ІСІ
"Сен де аман бол, Жетісу – қасиетті қара жұрт!": Есенқұл Жақыпбеков
WhatsAppTelegramFacebook

Көзі тірісінде-ақ көрнекті ақын, белгілі айтыс ақтаңгері, Сүйінбай мен Жамбыл жырларының жалғасы атанған Есенқұл Жақыпбеков арамызда аман жүрсе келесі айда 70 жасқа толып, жыр мерекесін дүркіреп өткізер еді. Амал қанша, ақын бұл күнге жете алмады –  асқаралы алпысын атап өтпек болып қам жасап жүргенде дүниеден өтті. Содан бері де атқан оқтай, шапқан аттай зуылдап он жыл өте шығыпты.

Осы күнге орай Жамбыл ауданының орталығы – Ұзынағаш ауылында ас нәзірі беріліп, еске алу шарасы ұйымдастырылды. Шараға ақынның қаламдас аға-інілері мен бірге өскен достары, туған-туыстары мен жалпы ақын шығармашылығын бағалайтын азаматтар шақырылды. Еске алу шарасының мазмұнды өтуіне ақынның рухани інісі, елге белгілі өнерпаз, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ақан Әбдуәлиев белсене атсалысты.

Бұл жерде «Келесі айда, яғни желтоқсан айында 70 жасқа толар еді» деп атап айтуымызда да мән бар. Есағамның өзінің «Ұлы ақындардың көбінің екі туған күні болады» деп әзіл-шыны аралас тұжырымдайтынындай, ақынның өзінің де екі туған күні болатын. Бірінші, яғни нақты туған күні ретінде 1953 жылдың 19 желтоқсанын айтамыз. Бірақ туу туралы куәлігінде бұл күн көрсетілмеген.

Болмаппыз, шыны керек, туа мықты,

Жабысқан дерттен жаным суалыпты.

Азайып анамыздың әз үміті

Алмапты туу жайлы куәлікті, – деп Есеннің өзінің өлеңінде айтылатынындай, нәресте жарық дүниеге тым әлсіз болып келгендіктен ата-анасы туу туралы куәлігін алуға асыға қоймаған сыңайлы. Ондай куәлік арада біраз уақыт өткен соң, ақынның ғаламтордағы өмірбаянында көрсетіліп жүргендей, 1954 жылдың 10 ақпанында алынады.

Еске алу асының жайшылықта беріліп жүрген ас нәзірлерінен өзгеше өткендігі өз-өзінен түсінікті. «Диас» мейрамханасында бас қосқан көпшілік ақ дастарқан басына жайғасқаннан кейін Есағамның тіршілікте теледидарға берген сұхбаттары мен бейнеүзіктерді, арнайы дайындалған театрландырылған көріністерді тамашалап, мәнеріне келтіре оқылған ақын жырлары мен жұрт аузында жүрген әндеріне құлақ түрді.

Жиналған жұртшылықтың қай-қайсысына да етене таныс ақынның жайдары жүзі жарқ ете қалып, майда қоңыр дауысы естілгенде кең залда шыбынның ызыңы естілердей тыныштық орнаған. Бірқатары бұған дейін де көріп жүрген сұхбаттар болғанымен шын көңілден ақтарылған ақын тұжырымдарының  көңіл көлін толқытпай қоймайтыны анық еді. Театрландырылған көріністер мен нақышына келтіре оқылған өлеңдерді де осы қатарда атауға болады.

Ел ағасы жасына жеткенде

Елуден астық, қонған жоқ әлі даналық,
Елеңдеп тұрған әлі де бар бір балалық.
Көрместі көрдік, жеңбесті жеңдік ал, енді,
Өмірің тұрмақ, өлім де емес жаңалық.
Жантақ жейтұғын түйедей жарды жағалап,
Жүрдік біз ылғи, сондықтан сүйді жамағат.
Қанағат, шүкір, бәріне шүкір, қанағат,
Өлеңім, жұртым, өзіңе мәңгі аманат,
–

деп тебіренген ақын асқаралы алпысына жақындағанда

Күздің жылы күндеріндей күлімдеп,

Алпыс жас тұр жапырағы дірілдеп.

Уақыттың босқа өткені болмаса

Бұл өмірде жоғалтатын түгім жоқ.

Елге де өкпе айта алмаймын мен де аса,

Өз жанымды өзім өттім жұлып жеп, –

деп толғанады.

Иә, ақынның елінен, ең алдымен жырынан жасыратын құпиясы жоқ деуге болады. Аппақ айдын секілді көңілі сәл нәрсеге өсіп, сәл мақтанға тасып қалады, титтей бір ренішке жасып қалады.

Күміс күйме мінбеген,

Алтын түйме тақпаған,

Қарабайыр жарымның болғанына мақтанам.

Кімің бар деп еліңде

Біреу тізім жасаса,

Сол тізімнің ішінде

Бар болғанға мақтанам, –

деген жолдарды оқығанда көзің осы бір ақиқатқа жете түседі.

Ақынның жаратылысы, табиғаты тылсымға жақын бір көрегендікпен, тіпті әулиелікпен де тамырлас десек асырып айтқандық бола қоймас. Оның көрінісін бұрынғы ақындардың жаратылысынан да, кейінгі ақындардың шығармашылықтарынан да аңғаруға болады. Бұл құбылыс Есенқұлдың шығармашылығынан да көрініс береді. Анда-санда жүрегінің сыр бергені болмаса алпысына аттай желіп жетті деуге болатын Есағаң елуден жаңа асқан шағының өзінде әлдебір ішкі түйсікпен «Өлеңім, жұртым, өзіңе мәңгі аманат» деген тұжырымға қайта айналып соға береді. Одан кейінгі жерде «Өсем деген ұлды бағып, кетем деген қызды бағып, өмір өтті-ау сырғып ағып…» деп терең бір мұңға беріледі. Ал алпысына аяқ басқандағы кейбір жырлары тыңдар құлаққа ақын жарық дүниемен біржолата қоштасып жатқандай әсер қалдырады.

Сен аман бол ендеше, Еділ, Жайық, Жем, Сағыз,

Сен аман бол, Қара Ертіс, Есіл, Нұра саласы,

Сен де аман бол, Іле, Шу, Арысы мен Таласы,

Ешқайсына елімнің көзімнің жоқ аласы.

Сен аман бол ендеше, алты Алаштың баласы,

Сен де аман бол, Жетісу – қасиетті қара жұрт! –

деген жолдар ел-жұртымен қоштасу емей немене?..

Діннен хабары бар адамдар, жалпы табиғат тылсымын зерттей жүретін ғұламалар мұндай сөздерді айта бермеу керек деп те тұжырымдайды. Олар әрбір айтылған сөз бен дұға-тілектің із-түзсіз кетпейтінін, жаңағыдай тұжырымдардың көп ретте адам тағдырының өзгеруіне тікелей әсер етіп жататындығын ескертуден жалықпайды. Ақын ғұмырының күтпеген кезде үзілуіне осындай жайттар да әсер етіп кетті ме, кім білген?.. Еске алу асында сөз алған жазушылар Нағашыбек Қапалбекұлы мен Жұмабай Шаштайұлы, республикалық «Қазреставрация» мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Махаббат Бигелдиев ақын ғұмырына тән осындай тылсым жайттар жайын да қозғай кетті.

Жамбыл жұртшылығы Көкшетау жұртшылығының сәлемін арқалай келген жазушы, журналист, экс-сенатор Жабал Ерғалиевтің сөзін ықылас қоя тыңдады. Қасиет қонған Қарасай батырдың сол өңірде дүниеден өтіп, жан досы Ағынтай батырдың қасына жерленгені белгілі. Жыр алыбы атындағы аудан тұрғындарының Көкшетау десе елеңдеп тұратындықтары да сондықтан. Жабал Ерғалиұлы жерлестерінің Есенқұл ақынды ерекше құрмет тұтып, қадірлейтіндігін айта келе дарынды тұлғалардың жалпы халыққа ортақ екендігін айрықша атап өтті.

ЕСАҒАМДЫ ЕСКЕ АЛУ

 

Жүргендей боп жаннаттың гүл бағында,

Сенің ғана жүруші едік маңында.

Балдай шарап…

Сұлу қыздар…

Көл, һауыз…

Өзімізді сезінуші ек сонда біз

Отырғандай Омар Һайям жанында.

Есағамның Жұматай Жақыпбаевқа арнаған өлеңінен.

 

Жанымызға жырдан тұмар тағатын

Арамызда жүрді сонда шоң ақын.

Басқа жастар бас исе Омар Һайямға,

Біздің кумир Есен ағам болатын.

 

Түр-тұлғасы, бойы-сойы ерек тым,

Жыр оқитын жас баладай өрекпіп.

Шалқып жүрдік жақсы ағаның  жанында,

Бәрі болды жанымызға керектің.

 

Көл де болды…

Болды балдай шарап та,

Аз болған жоқ басқа тиген таяқ та.

Сұлу қыздар сезіміңді қытықтап,

Көңіл шіркін шалқитын шартарапқа.

 

Айдын көлін тербеп көңіл – кеменің

Қанша бақты арман күйге бөледік.

Жатқа оқушы ек таңға Мұқағали мен

Жақыпбеков Есенқұлдың өлеңін.

 

Жыр оқыса жаңбыр тоқтап, жел тынып,

Қалатындай көрінетін көл тұнып.

Жаздай жайнап  отыратын Есағам

Ортамызды жалғыз өзі толтырып.

 

Алмадық-ау сол кездері сезіне,

Бұл бақыттың басқа қонған кезі ме?..

Барлық ару бізге ғашық сияқты ед,

Ғашық па еді әлде Есеннің өзіне?..

 

Мұның бәрі өткен тарих – көмескі,

Сөйтіп жүріп бастық қанша белесті.

Қанша адамға өкпеледік тірлікте,

Ал Есенге ренжу мүмкін емес-ті…

 

Санап бәрін басқа қонған бағындай,

Достарды да көріп жүрдік жанымдай.

Сағыныш та сарқылады түбінде,

Ал Есенді мүмкін емес сағынбау…

 

Бауыр бүтін сияқты еді, бас аман,

Неге ақынды ерте әкеттің, Жасаған?!

Жырың ғана жанымызға жұбаныш,

Біз сағынып жүрміз сені, Есағам!

Есенқұл Жақыпбековтің аты жұртшылыққа алғашында айтыс аламаны арқылы танылған. Содан кейінгі жерде жазба ақындық даңқы жайылып, жырсүйер қауымға жыр-термелерімен мәшһүр болды. Бұл жайында ақынның досы, белгілі айтыс ақындары Шорабек Айдаров пен Ермек Жұматаев, Даубай Әбдісаев, ақын інісі, Алматы облыстық «Алатау арайы» газетінің бас редакторы Кәдірбек Құныпияұлы, Есағаммен журналистика факультетінде бірге оқыған ақын Шаяхмет Алжанбай кеңінен толғады.

Бүгінде Есенқұл Жақыпбектің «Біздің елдің жігіттері» атты әнін білмейтін адам кемде-кем. Келесі кезекте осы ән сазының авторы Жәкен Омаров сөз алып, жұртшылыққа кеңінен танымал шығармасын тебірене шырқады. Өз кезегінде «біздің елдің жігіттерінің» қатарындағы азаматтар, кезінде Есағаңмен үзеңгілес жүрген достары Орынтай Әмірғалиев пен Кеңес Керімбаев сөз алып, қимас күндер жайында тебірене сыр шертті.

Есенқұл Жақыпбектің бауыры Тұрғанқұл Серікпаев пен ақынның жары Меңсұлу Нағашыбекова шара соңында еске алу асына жиылған жұртшылыққа шынайы алғыстарын білдірді.

Ас нәзірі аяқталғаннан кейін жиналған көпшілік Бірлік ауылындағы ақын зиратына барып, рухына бағыштап құран оқыды.

Нүсіпбай ӘБДІРАХЫМ,
«Jetisu» газетінің ардагер журналисі

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

28.01.2026
Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

28.01.2026
UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

28.01.2026
Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

28.01.2026
Жастарды жат ағымнан қалай қорғаймыз?

Жастарды жат ағымнан қалай қорғаймыз?

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.