Талдықорған: +1°C
$ 502.27
€ 597.15
₽ 6.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АРДЫҢ ІСІ

ТАБИҒАТ ТҮЛЕТКЕН ТАЛАНТ

20.10.2024
АРДЫҢ ІСІ
ТАБИҒАТ ТҮЛЕТКЕН ТАЛАНТ
WhatsAppTelegramFacebook

Тумысынан табиғатпен үндесіп, өзендей өрекпіп, толқындай тулап, тұмадай тұнып тұратын талант иесі болады. Кейде таулардай асқақ, кейде даладай жазық. Әйтеуір өмірінің әр тұсынан қарасаң, шығармашылығына зер салсаң, басқан із, түскен сүрдегіне зейін қойсаң табиғаттың төл перзентіндей көрінетін сол талант тақсырларының ішінде маңдайы кереқарыс, жібек мінезді, заманында қаламдас достары мен әдебиет өкілдері арасында «Сайын даланың Сайыны» атанып кеткен Сайын Мұратбековтің тұрқы оқау, болмысы бөлек. Тәңір берген талантын үдетіп, шығармашылығын өрістетіп, мемлекеттік іске де бір адамдай араласқан осынау бекзат болмыс иесі нақ тұмсалықты тағдырына сіңіргендей. Алаулатып-жалаулатып, әсірелеуге бармай-ақ, қарапайым түрде «Табиғат түлеткен талант» деп айшықтауға болатындай.

Рас, Сайын Мұратбеков күллі қазақтың сүйіп оқыған жазушысына айналды. Оның өмір шындығын дәл түсіретін суреткерлігі мен ақиқаттың алты қатпар астарын ашып жазатын қарапайымдылығы, шеберлігі әдеби ортаға да құбылыс саналды. Табиғаттың өзіндей қарапайым, көркем шығармалары жанға қуат, рухқа азық болды. Мезгіл әуендеріндей құбылып тұратын шығармасындағы суреттеулер мен кейіптеулер, тіркеске толы теңеулер құтты бір қылқалам шеберінің пейзаж, портреттеріндей ғой, шіркін! Бұл тұрғыдан алғанда жазушы лабораториясынан бір үзік сыр айтқан Мәриям апай: «Сайын көбіне түнде жазатын. Күзде қарлы жауын жауады ғой. Әсіресе сол кезді қатты жақсы көретін. Ондай уақыттарда жұмыстан келе сала жазуға отыратын. «Алғашқы қар», «Қысқы кеш», «Ананың арманы», «Отау үй» әңгімелерін, «Қыран құс көк жүзін шарлап кетті» атты очерк-диплом жұмысын сол әуежай маңындағы үйде тұрғанымызда жазды. Төрт-бес жылдан кейін қаладан пәтер берілді де, сонда көштік. Ол үйде «Көкорай», «Күсен-Күсеке», «Жабайы алма», «Жусан иісі», «Басында Үшқараның» сынды шығармалары дүниеге келді. «Жусан иісін» жазып біткен соң ол керемет көңіл күйде жүрді. Сірә, оқырман қауымға, балаларға ұнайтынын сезген шығар», – деп естелігінде айшықтайды. Осындай естелікке қарап-ақ табиғатпен тұтасып, мезгілмен бітісіп кеткен бекзат болмысты жазушының келбетін көзге елестетуге болады.

«Бізде шағын жанр-әңгімені жаңа форма, тың тақырыппен байыта отырып, оны жоғары деңгейге көтерудің ізгі нышандары байқалуда. Оған жас жазушы Сайын Мұратбековтің «Менің қарындасым» әңгімесін мысалға келтіруге болады. Оймақтай нәрседен ой түйіндеуге тырысқан бұл шығармада мөлдірлік, табиғилық, сыршыл лиризм мен адам жанына барлау жасаған психологизм ұшқындары бар», – деп Тахауи Ахтановтың тамсанғаны да сол табиғи талант пен табиғат түлеткен дегдарлықтың бір көрінісі болса керек?!

Шындығында біз де осынау талант иесінің шығармашылығымен сусындадық, рухани шөл қандырдық. Ахтанов атап өткен жазушының алғашқы шығармасы «Менің қарындасым» әңгімесінен тартып, «Жабайы алма», «Жусан иісі», «Басында Үшқараның» сынды шығармаларын тілшелеп оқып, таушылап тауыстық. Шын тебірендік, ұлы ой сапырған даналыққа, тәрбиелік мәнге толы ғажайып туындыларды басымызға жастап, санамызға сіңіре түстік.

Таудың алып тастарын жарып, мәңгілік қаталдықпен бүркенген қатқыл тұсын ұңғып отырып көз тапқан, сол жерден шым-шымдап далаға атқылап, сосын барып сыңғырлап аққан бұлақтың сазындай симфония түзген көріністі көз алдыңызға келтіріп көріңізші. Шопанның баласы болып табиғатта күн кешкен әрі Әбілхан Қастеевтей ұлы тұлға туған ауылда өмірге келген соң ба, ұшар басы ұшпа бұлттармен тұстасқан Ашутасқа, Сырыжүрекке сан мәрте табан тигізгенбіз. Сол жерде бұлақтың нәзік үнін естіп, симфониясын сан мәрте тыңдағанбыз.  Бұл орайда табиғат-сазгердей жан дүниесімен тұмсалықтың тылсым сырын терең таныған, адамдардың ішкі сезім ырғағын шығармасында көркем тұрғыда баяндай білген сырбаз қаламгер Сайын Мұратбеков – бұлақтай бұйыққан ағысты тамырына қондырғандай көрінеді. Осынау талант тақсының шығармаларының арасында «Жусан иісі» повесі өзіме ерекше ыстық, төтенше жақын.

«Жусан иісі» Сайын Мұратбековтің творчествосындағы үздік жетістіктерінің бірі болып табылады. Ұлы Отан соғысы жылындағы ауыртпалықты суреттейтін шығарма да, бала кейіпкер де мол. Бірақ бұл туынды олардың ешқайсысына да ұқсамайды. Оқиғаның өрбуі мен құрылымы да, логикалық ақыл-ойдың дара сабақтаса дамуы да, лирикалық шығарманың ішкі жан-дүниесі де оқшау. Көз алдыңнан қара жолдың шаңын аспанға шығара жарысып бара жатқан балалардың соңында аяғын сылтып басып, жете алмасын білгенде: «Әй, тоқтаңдаршы, бір қызық ертегі айтайын», – деп соқпақ шетіне отыра кететін Аянның бейнесі кетпейді», – деп Алаш зиялыларының ұлы мұрасын індете зерттеп, өзі де сол Алаштың қайраткеріне айналған Тұрсын Жұртбай айтқандай, аталған шығарма бір дәуірдің қысқаметражды фильміндей.

Рас, аталған шығармада сұрапыл соғыс кезеңіндегі ауыл адамдарының тағдыры баяндалған. Басты кейіпкері Аянның талайлы ғұмыры арқылы сол кезеңдегі сан ауыртпалықты салмақтап, саралап берген жазушының айтар ойы ұғынықты. Қаламын салалы саусағына қапсырып, жазу үстеліне отырған шаққа дейінге мезгілі – өскелең кезі қанды қасаппен тұспа-тұс келгендіктен де шығармадағы балалар психологиясын жазушы жоғары нотада бедерлеген. Шеберлікпен өрнектеген.

Сайын Мұратбеков атылмыш шығармасында Аян тағдырын, психологиясын сол замандағы барша халықтың басынан өткен тауқыметпен байланыстыра отырып, шебер ашып-өрнектейді.

«Жусан иісі» повесінің желісін жалпылама баяндап өтсек, қысқы түнде шөп жиналған қора төбесінде бас қосып, ертегі тыңдап, шылым шегетін жастар ақырында қораны өртеп тынып, қашамын деп қорадан секіріп түскенде Аянның ойнамалы тобығы қайтадан тайып, құлаған жерінде қалатыны естеріңізде ме? Басқа балалар жан сауғалап үлгереді ғой. Төбедегі тілсіз жаудың нарттай болғанын көрген шолақ қол бригадир Тұржан ауыл адамдарының кесірінен өртенген шөпті сөндіреді. Сонда жағымсыз кейіпкер Тұржан шалажансар Аянды иттепкінің астына алушы еді ғой. Сол оқиғаның ертесінде «ағам майданнан оралса кегімді қайтарамын» деп тістеніп жатқан Аянның хәлін жазушы: «Аян есік жақтағы темір пештің түбіне төселген құрым киіздің үстінде, кір-кір жұқа құрақ көрпе жамылып жатыр екен. Бір жамбастаған күйде қозғала алар емес. Қамшы мен тепкі тиген денесі көкпеңбек боп күлкілдеп ісіп кетіпті. Домбыға іскен ернін жалап қояды», – деп сипаттайды. Міне, оқырманның жанарына жас ұялататын осындай аянышты өмірді шығармасына арқау еткен Сайын Мұратбеков бұл повесі арқылы сонау күндердегі ел басына түскен ауыртпалықты ғана суреттеп қоймай, өзінің жастық шағынан үзік-үзік естеліктер айтып, балғын кезін кітапқа қашады емес пе?!

Сайын Мұратбековтің осы бір шығармасын өз басым күні бүгінге дейін қайталап оқып келемін. Өмірдің тепең-тепең тіршілігінен бой суытқым келгенде Жұмекен, Мұқағали секілді ақындардың жырын қайталап, Сайын, Шығыс Айтматовтардың бірді-екілі повестеріне үңілесің. Үңілген сайын жаңаша көзқарас пайда болады. Мәселен, бүгінге дейін «Жусан иісіндегі» Аян бейнесін қарапайым кейіпкердің көркемдік образы ретінде қарастырып келсек, соңғы рет оқығанда мүлдем оғаш ой пайда болды. Ол – «Аян адамның емес, ұлттың бейнесі, көркемдік образы» деген пайым.

Шындығына келгенде, тарихтың өткелегінен өтемін, Жоңғар мен басқа да басқыншы жаудан қорғанамын деп биіктен секірген халықтың ақсақ хәлі Аяннан кем бе?! Аян тобығын мертіктірді. Ойнамалы аяқтан опа таппады. Сан рет ұсталып, ит тепкінің астында қалды. Ал қазақ елі ше? Ол да аяғы мертіккен Аян секілді хәл кешті. Жаудан сақтанамын деп жауды паналады. Ғасырлар бойы ит тепкінің астында қалды. «Ағам майданнан оралса кегімді қайтарамын» деген Аян секелді, қазақ та: «Тәңір жарылқаса осы көрген қорлықты өзіне еселеп қайтарар күн туар» деумен тіс қайрады. Осылайша ұзын сонар ойды тізбелей берсек, Сайын Мұратбековтің кейіпкері жекелей адам емес, өз халқы, қаймана жұрты ма деп қалады екенсің. Бәлкім, солай да шығар?!

Алайда ақиқат біреу. Ол – Сайын Мұратбековтің классик жазушы екені. Заманында: «Стиль – адам. Ал адамның жаратушысы Құдай. Бұлардың бәрі пенденің санасынан тыс бірінен-бірі өткен құпия. Сол себептен де өнері баяғыда-ақ Үшқараның басына ұя салған Сайын Мұратбеков әдебиет жайлы 40 жыл әңгіме шертсе де өз шығармаларына тән сөз сиқырын, яғни өз өнерінің мәйегін ашып бере алмапты. Өйткені жоғарыда айтқанымыздай, талант иесінің маңдайына жазылған сый – Тәңір берген суреткерлік тылсым өнерпаздың қолындағы, ырқындағы құбылыс еді», – деп Смағұл Елубай айтса, мұның да астарында талай дүние жатқан шығар?! Бәлкім, Сайын Мұратбеков шын мәнінде өз өнерінің мәйегін толық ашып бере алмаған болар? Алайда сыршыл суреткер «аз жазса да, саз жазған» (Ғ.Мүсірепов) кемел жазушылардың сойылынан. Артына 20-30 том шығарма қалдырмаса да елінің есінде, жүрегінде. Ал оның өлмес мұрасын насихаттау, жазушының даңқына сай құрмет көрсету бүгінгілердің, халқының еншісіндегі дүние екені анық.

«Зергер сөздің шебері жазушы Сайын Мұратбеков, өмірдің болмысын шынайы бейнелейтін таңғы шықтай мөлдір шығармалары арқылы оқырмандардың жан жүрегін баурап, ықылас-құрметіне бөленген сирек дарын иесі. Сайын біздің – ұлттық құндылығымыз оның шығармасының ғұмыры ұзақ. Бүгін болмаса ертең, ұлтына қарамай-ақ өз оқырманымен ажырамастай табысатыны кәміл», – деп Шерхан Мұртаза айшықтаған бірегей таланттың туған жеріне түнеу жылы табан тигіздік. Жусан иісі сіңген бір уыс топырағымен көз сүрттік. Қасиетіне мойынсал болдық. Құдыретін жыр етістік. Қоңырайып жатқан Қоңыр ауылына кеудесіне арман қадаған, жазудың дерті өткен жас талаптар жиналып барып, классиктің рухына Құран бағыштаған. Сонда ғой жазушының рухынан күш алған, шығармашылығымен рухани шөл қандырған ауылдың қарапайым жұрты жиналып жас жазушыларға дастарқан жайып, табақ-табақ ет ұсынып, саба-саба қымыз сапырғаны. Жүзімізге кезек-кезек зейін салған ауылдың қарапайым тірлік емген адамдары соншама жылышырай танытты. Қайсысы жерлесіміз, мақтанышымыз жайлы жалқы болса да жылы пікір айтар екен дегендей, жарғақ құлағын түрік ұстады. Сонысына риза болыстық. Туған ауылында өзі тұрған үйдің ескі жұрты қалмаса да әр ізі көзімізге шалынғандай көрінді. Шаруа киімін киіп, тірлік қамытын асынған, маңдайының әжімі терең түскен ауыл адамдарына біз де ұрлана қарадық. «Осы кісілердің қайсысы Сайын Мұратбеков қаламына ілікті екен» деп те баяғы.

Иә, қасиетті бөлек құтты мекен, құсыни орда – таудың төбесінен тұғыр сайлаған Қоңыр ауылына барған кез Сайын Мұратбековтің туғанына 85 жыл толған уақыт еді.  Жабайы алмасы көз ұшында қылаңытқан ауылға бір топ прозашы бардық, дені мерейтойға орай ұйымдастырылған республикалық «Жусан иісі» байқауына қатысқандар. Соның жүлдеге іліккені, ынтарландыру сыйлығын қанжығаға байлағаны және байқауға төрелік еткен жазушылар бар, бәріміз жиналып классикті сомдап шығарған жұртта еркін көсілдік. Есті естелік айттық. Ұрпақ ретіндегі парызымызды өтедік. Тасқындаған шабытпен тарқастық. Өйткені жазушының қадірін білетін, қасиетін айшықтауға құмартатын ауыл барда әрбір қаламгер бақытты ғой. Шын сүйсіндік, шынайы тебірендік. Алайда, жазушының шығармашылығын насихаттайтын, қаламгердің артынан ерген жастарды талаптандыратын «Жусан иісі» байқауы өміршең болмады. Бар-жоқы екі мәрте ұйымдастырылғаннан кейін тоқтап қалды. Бірнеше жыл бұрын облыс орталығындағы №9 орта мектепке жазушының есімі берілді. Ел болып қуандық. Десе де не туған ауданында, не облыста Сайын Мұратбеков атындағы қысқа болса да көшенің, бірде-бір мекеменің аты жоқ (мектептен басқа). Ойланатын мәселе. Ел ұстынына айналған, Жетісу жерінің даңқты жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сайын Мұрабековтің есімін ұмыттырмау үшін еш нәрседен аянып қалмау керек деп ойлаймыз…

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

 

Қатысты жаңалықтар

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған тақырыптық жиын өтті

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған тақырыптық жиын өтті

28.01.2026
Экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

28.01.2026
Үндістан қазақстандықтарға 30 күндік тегін виза береді

Үндістан қазақстандықтарға 30 күндік тегін виза береді

28.01.2026
Рыбакина жылды сәтсіз бастады

Елена Рыбакина сенсация жасады

28.01.2026
Жас шекарашылармен кездесу өтті

Жас шекарашылармен кездесу өтті

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.