Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АРДЫҢ ІСІ

ЖАУҚАЗЫН — ЖЫР

05.04.2021
АРДЫҢ ІСІ
ЖАУҚАЗЫН - ЖЫР
WhatsAppTelegramFacebook

Тәуелсіздік

Еркіндігім, елдігімнің құны едің,
Талай жылдар бодандықта түнедім.
Арманысың менің байтақ жерімнің,
Аңсап күткен байырғыдан Ұлы елім.

Тәуелсіздік – өмірімнің тірегі,
Сен деп соққан әр қазақтың жүрегі.
Туған жердің қадірісің әуелден,
Қасиетіңді барлығы да біледі.

Туған жер деп намыстары кернеген,
Батырларым елді жауға бермеген.
Тәуелсіздік, сен қашанда биіксің,
Жер-Ананың бесігінде тербелген.

Халқының ұлы (Мағжан ақынға)

Алланың құлы,
Халқының ұлы,
Шайыры мынау даланың.
Зерделі зерек,
Өзгеден ерек,
Кеудесі өлең дананың.
Сертіне берік,
Жалғызға серік,
Сүйікті болған сүйгенге.
Алаш деп өктем,
Өмірі өткен,
Тікен тірлікте, күйбеңде.
Ғылымға асық,
Өмірге ғашық,
Жырларын оқып жаттаңдар!
Жаралған нұрдан,
Сөреде тұрған,
Мағжанды мәңгі сақтаңдар.

Жеңіс күні

Жеңіс жетті жылдар салып араға,
Жаңғырды ойлар жаңашалау санада.
Қан майданнан туған жерге оралды,
Сұм соғысқа жалғыз кеткен бала да.

Аналардан жас төгілді, жан ұшып,
Талай боздақ кетті ажалмен алысып.
Маңдай термен суғарылды жылғалар,
Қатыгез жау тұрған сәтте қан ішіп.

Елге оралды нағыз батыр, нағыз ер,
Бізде қалды атақоныс, бағзы жер.
Баға жетпес жеңістің әр күніне,
Бейбіт күнде түн қуанып, таң күлер.

Тілім менің

Тілім менің қасиетті қазынам,
Әуел бастан құдіретіңе бас ұрам.
Жер жаһанға жар саламын өзің деп,
Сен арқылы абыройымды асырам.

Ана тілім, айбынымсың, арымсың,
Маңдайыма Алла берген бағымсың.
Керек кезде қиып түсер қылышсың,
Қажет сәтте күйдіретін жалынсың.

Сен арқылы әуелетем әнімді,
Сен арқылы мәуелі етем бағымды.
Сен арқылы ана болып әлдилеп,
Сен арқылы тұғырлы етем тағымды.

Әнел Қисметова,
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Баукеңнің еркелігі

Баукеңнің еркелігі

29.01.2026
Жердің жайын бағамдап, малдың қамын ойлаған

Жердің жайын бағамдап, малдың қамын ойлаған

29.01.2026
Жетісуда сынақ емтиханы: Жүргізуші куәлігін алу жеңілдей ме?

Жетісуда сынақ емтиханы: Жүргізуші куәлігін алу жеңілдей ме?

29.01.2026
Төмен пайызды несие: Парламент бизнеске арналған жаңа келісімді мақұлдады

Төмен пайызды несие: Парламент бизнеске арналған жаңа келісімді мақұлдады

29.01.2026
Алакөл ауданы әкімінің орынбасары 5 жылға сотталды

Алакөл ауданы әкімінің орынбасары 5 жылға сотталды

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.