Сәт пе бұл тымылжыған іштегі әуен,
Алтындай жарқырайды түспен әлем.
Жүректі тебірентеді үлкен ойлар,
Кіршіксіз тұр сүйініп кішкене адам.
Сезім бұл лықсып тұрған тұнық қандай,
Бала да бала екенін ұмытқандай.
Жап-жарық осы сәттей тұрса дейсің,
Өмір де бастарында бұлыттанбай.
Қашанда мөлдір, тәтті қыз қылығы,
Табиғат сенің қымбат «ізгілігің».
Жап-жарық екі жүрек жапырақтан,
Көріп тұр басқа көзбен күзді бүгін.
Қозыбай ҚҰРМАН
Суретті түсірген Жұмабай Мұсабеков





