Талдықорған: +11°C
$ 510.59
€ 578.91
₽ 6.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

2 үшем дүниеге келген

15.11.2024
ДЕНСАУЛЫҚ
2 үшем дүниеге келген

Жетісу жеріне арнайы іссапармен келген Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасына барып, дәрігерлермен кездесті. Алдағы уақытта халықтың денсаулығын нығайтуға қажетті жаңа жүйелерді іске қосатынын айтқан министр ауруханалардың, оңалту орталықтарының жұмысын жақсартуға ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді.

– Биыл жер-жерде топан судың қаптауына байланысты бюджет қаржысы үнемделді. Алдағы уақытта жалақыларыңызды көтеру жағын ойластырамыз. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің денсаулықты сақтаудағы рөлін арттырамыз. Біз сіздердің алаңсыз, кедергісіз жұмыс жасауларыңызға барлық жағдайды жасаймыз. Денсаулық сақтау саласын озық аппараттармен қамтамасыз етуге тырысамыз. Сіздер де өз тараптарыңыздан халықтың өмір жасын ұзартуға, денсаулықтарының жақсы болуына күш-қайраттарыңызды жұмсаңыздар, – деген Ақмарал Әлназарова қалалық көпсалалы аурухананың колопроктология бөлімінде ем алып жатқан 97 жастағы Иван Симакиннің денсаулығын білуге барды. Сырқаттың халін сұрап, жеміс толы себет тарту еткен Ақмарал Шәріпбайқызы қарияға: «100 жасаңыз!» деген тілек арнады.

Еңбек ардагері Қуат Әуенов басқаратын бөлімнің дәрігерлері мен медбикелеріне жарқын болашақ үшін сіңірген еңбегіне ризашылық білдіріп, алғыс айтты.

Одан кейін облыстық перинаталдық орталыққа барған министр шала туған нәрестелер жататын бөлімге кіріп, шақалақтардың хал-жайымен танысты. Арнайы құты ішінде жатқан сәбилер өмірге құштарлықтарын тыпырлаған аяқ-қолдарының қимылымен байқатты. 1 келіге дейін салмақтағы шараналарды аман алып қалған дәрігерлердің еңбегіне ризашылық білдірген Әлназарова бөлімдегі жаңашылдықтармен танысып, мәліметтерге назар аударды. Мамандардың айтуынша, биыл 10 айда 4815 бала жарық дүние есігін ашқан перинаталдық орталықта 2 үшем дүниеге келген.

Ақмарал Шәріпбайқызы жаңа босанған әйелдерге бауы берік болсын айтып, әр сәбиге жөргек сыйлады.

Гүлжан Тұрсын
Суретті түсірген Жұмабай Мұсабеков

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

21.05.2025
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

21.05.2025
Тариф көтереміз деп сотталып кетті: Жетісуда пара беру дерегі бойынша сот үкімі шықты

Тариф көтереміз деп сотталып кетті: Жетісуда пара беру дерегі бойынша сот үкімі шықты

21.05.2025
Жетісу облысына – 3 жыл: мәдениет саласының инфрақұрылымын жаңарту 40% жетті

Жетісу облысына – 3 жыл: мәдениет саласының инфрақұрылымын жаңарту 40% жетті

21.05.2025
«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алуда

«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алуда

21.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.