Талдықорған: +11°C
$ 510.59
€ 578.91
₽ 6.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Қазақстанда акушерлік және перинаталдық көмекті жетілдірудің жаңа кезеңі

07.04.2025
ДЕНСАУЛЫҚ
Қазақстанда акушерлік және перинаталдық көмекті жетілдірудің жаңа кезеңі

Денсаулық сақтау министрлігі жүкті әйелдердің жағдайын бақылау мен диагностикалауды жақсарту үшін тиімді шаралар қабылдауда, жаңа скринингтік бағдарламалар енгізілуде, болашақ аналардың репродуктивтік функцияларын сақтауға мүмкіндік беретін акушерлікте инновациялық емдеу әдістері сәтті қолданылуда.

Соңғы 10 жылдың ішінде алғаш рет ана мен бала денсаулығын сақтау саласында нәресте өлімін 8,3%-ға, ана өлімін 12%-ға төмендету бойынша ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілді.

«Әрбір әйел — әрбір бала» ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспары шеңберінде 2024 жылы фертилдік жастағы әйелдердің арасында аурулардың профилактикасы жоспарында жаңа тәсілдерді іске асыруға қол жеткізілді, жүкті және босанатын әйелдердің маршруттары оңтайландырылды, акушерлік көмекті ұйымдастыру стандарттары өзектендірілді, босандыру қызметінің барлық қатысушыларын үйлестіру айтарлықтай күшейтілді, бұл аналар мен жаңа туған нәрестелер үшін қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.

Бала өлімі құрылымында бірінші орын алатын туа біткен даму кемістіктерін азайту мақсатында еліміздің 13 өңірінде бүгінде 15 «бір күндік клиника» құрылды, онда 50 мың жүкті әйел зерттеп-қараудан өтті.

Әйелдердің денсаулығын нығайту, перинаталдық нәтижелерді жақсарту, жүктілікті жоспарлаудың өркениетті және ақылға қонымды тәсілі үшін Денсаулық сақтау министрлігі «Аналар саулығы» арнайы бағдарламасын бекітті.

Анадан айырылуға әсер ететін негізгі фактор — әйелдердің экстрагениталдық аурулары және прегравидарлық дайындықтың төмен деңгейі.

Бағдарламаның шеңберінде елде алғаш рет жүктілікті жоспарлайтын фертилдік жастағы әйелдер МӘМС шеңберінде 12 базалық зерттеп-қараудан өтеді, патология анықталған кезде оларға сауықтыру бағдарламалары ұсынылады.

2025 жылы жоспарланбаған жүктіліктің санын азайту мақсатында фертилдік жастағы әйелдерді прегравидарлық дайындықпен қамту көрсеткішін 45%-ға дейін, контрацепциямен қамту 50%-ға дейін арттыру жоспарлануда.

Бүгінгі таңда МСАК ұйымдарында ферилдік жастағы әйелдерді зерттеп-қарау алгоритмдері бекітілді, профилактикалық қарап-тексерулермен, контрацепциямен және прегравидарлық даярлықпен қамту бойынша медициналық персонал үшін индикаторлар айқындалды. Сонымен қатар, болашақ аналарға тіркелген жері бойынша емханаларда отбасын жоспарлаудың 845 кабинетінде бейінді мамандардың консультациясы қолжетімді.

Анемия, пиелонефрит, қант диабеті және артериялық гипертензиясы бар жүкті әйелдер АДҚ бойынша қажетті препараттармен тегін қамтамасыз етіледі.

«Әрбір әйел — әрбір бала» ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асыру нәтижелері бойынша 2024 жылы ана өлімінің көрсеткішін 12%-ға төмендетуге қол жеткізілді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша босандыру саласында 706 ауыр жағдай тіркелді, оның 95%-ы қабылданған жүйелі шаралардың нәтижесінде әйелдердің өмірі сақталып қалды. 1000 босануға шаққандағы елдегі ауыр жағдайдың көрсеткіші 1,9, өткен жылы ол 2,2-ні құрады.

2021 жылдан бастап ауыр жағдайлардың 40%-ға төмендеуі байқалады, алайда жүктілік кезінде алғаш рет диагноз қойылған ауыр соматикалық патологиялары бар жүкті әйелдердің өсуі байқалады.

Сондай-ақ, акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету бойынша 25 клиникалық хаттама қайта қаралды.

Бүгінде елімізде жыл сайын орта есеппен 350 мың жүкті әйелге медициналық көмек пен күтімнің барлық спектрін қамтамасыз ететін 4,7 мың акушер-гинеколог пен 9 мыңнан астам акушер қызмет атқарады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

21.05.2025
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

21.05.2025
Тариф көтереміз деп сотталып кетті: Жетісуда пара беру дерегі бойынша сот үкімі шықты

Тариф көтереміз деп сотталып кетті: Жетісуда пара беру дерегі бойынша сот үкімі шықты

21.05.2025
Жетісу облысына – 3 жыл: мәдениет саласының инфрақұрылымын жаңарту 40% жетті

Жетісу облысына – 3 жыл: мәдениет саласының инфрақұрылымын жаңарту 40% жетті

21.05.2025
«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алуда

«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алуда

21.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.