Талдықорған: +26°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Қазақстанда қандай дәрі-дәрмек түрлерін тегін алуға болады

25.02.2025
ДЕНСАУЛЫҚ
Қазақстанда қандай дәрі-дәрмек түрлерін тегін алуға болады

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі белгілі бір аурулары бар азаматтардың жекелеген санаттарынаарналған тегін және жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар тізіміне түзетулер ұсынды.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Ulysmedia.kz сайтының дерегіне сүйеніп хабарлайды .

ТІЗІМГЕ ҚАНДАЙ ПРЕПАРАТТАР ЕНГІЗІЛДІ

Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізіміне келесі дәрілік заттар қосылды: «Амисульприд», диуретиктермен біріктірілген «Периндоприл», «Гуселькумаб», «Апалутамид» және «Даратумумаб».

ПРЕПАРАТТАР ҚАНДАЙ АУРУЛАРДЫ ЕМДЕУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ

  • «Амисульприд» – шизофрения және басқа да психикалық бұзылыстарды емдеуге арналған антипсихотикалық дәрі.

  • Диуретиктермен біріктірілген «Периндоприл» – артериялық гипертензия және жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуге арналған препарат.

  • «Гуселькумаб» – псориазды емдеуге арналған дәрілік зат.

  • «Апалутамид» – онкологиялық ауруларды емдеуде қолданылатын дәрі.

  • «Даратумумаб» – қатерлі ісіктерді емдеуге арналған препарат.

МИНИСТРЛІК НЕ ДЕЙДІ

Денсаулық сақтау министрлігінің түсіндіруінше, бұл препараттардың амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізіміне енгізілуі пациенттерге оларды тегін алуға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе созылмалы аурулары бар адамдар үшін аса маңызды.

«Қабылданған шаралар халықтың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз етуге және денсаулық деңгейін жақсартуға бағытталған», – делінген негіздемеде.

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУҒА ҚОЙЫЛДЫ

Құжат 1 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылды.

Фото: Caravan.kz

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысының намысын республикалық деңгейде қорғауда

Жетісу облысының намысын республикалық деңгейде қорғауда

14.05.2025
Жаңа пәтерлердің бағасы қайта өсуде

Жаңа пәтерлердің бағасы қайта өсуде

14.05.2025
Жетісу облысында киік мүйіздерін заңсыз сатқан теміртаулық ұсталды

Жетісу облысында киік мүйіздерін заңсыз сатқан теміртаулық ұсталды

14.05.2025
Қазақстандықтар жедел жәрдемді дамыған елдерге қарағанда жиі шақырады

Қазақстандықтар жедел жәрдемді дамыған елдерге қарағанда жиі шақырады

14.05.2025
Бидай алқабының қысқаруы: Қазақстан ұнсыз, нансыз қала ма?

Бидай алқабының қысқаруы: Қазақстан ұнсыз, нансыз қала ма?

14.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.