Жетісу облыстық жедел жәрдем және жедел медициналық жәрдем станциясында 2018 жылдан бастап қоңыраулар қабылдайтын «103» бірыңғай диспетчерлік қызметі» ұйымдастырылған, онда күніне 1500-ге дейін қоңырау қабылданады.
Қазіргі уақытта «103» бірыңғай кезекші диспетчерлік қызметінің 41-21-31 телефоны негізінде тәулік бойы жұмыс істейтін CALL — орталығы жұмыс істейді. CALL орталығында жоғары білікті дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлері тұрғындарға онлайн кеңес береді.
Барлық көліктер жедел жәрдем көліктерін онлайн режимде басқаруға және жанармай шығынын азайтуға мүмкіндік беретін GPRS навигациясымен жабдықталған.
«Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығына және жол картасына сәйкес өңірлік ауқымда жедел медициналық көмекке шақыруды басқарудың автоматтандырылған жүйесі енгізілген. Облыс бойынша 67 жедел жәрдем бригадасы тәулік бойы медициналық көмек көрсетеді.
Бригадалардың дер кезінде келуі үшін Ақсу, Алакөл, Ескелді, Көксу, Кербұлақ, Сарқанд, Панфилов аудандарында қосымша бөлімшелер (барлығы 12 бөлім) құрылған.
Жедел жәрдем бригадалары төтенше жағдайларда халыққа жоғары білікті көмек көрсетуге қажетті медициналық жабдықтармен жабдықталған.
Облыстағы медициналық ұйымдарды жедел медициналық жәрдем көлігімен қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылға жергілікті бюджеттен 29 бірлік жедел жәрдем көлігі сатып алынды.
Аталған жедел жәрдем көлігі 10 литрлік оттегі баллонмен, газ құбырымен (оттегі қысымын реттегіш), инфузиялық жүйеге арналған кронштейні бар тұтқамен, қолды дезинфекциялауға арналған диспенсермен, тасымалдауға арналған арбалармен және т.б. жабдықталған.
Сатып алынған жедел жәрдем көліктері 4-ші санаттағы шұғыл шақыртуларға қызмет көрсетеді — жіті аурудан немесе созылмалы аурудың асқынуынан туындаған, ағзалар мен жүйелердің кенеттен және айқын бұзылуларынсыз, пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қатер болмаған кездегі пациенттің жай-күйі.
Жыл сайын аудандық, қалалық ауруханалар мен емханалардың медициналық ұйымдарының жедел жәрдем көліктерінің паркін жаңарту бойынша шаралар қабылдануда.
Бүгінгі таңда денсаулық сақтау басқармасымен дәрігерлік амбулатория/ауылдық ауруханаларға 4-санаттағы жедел шақыруларына арналған 30 жедел жәрдем көліктерінің 2024 жылға қажеттілігі туралы өтінім облыстық мәслихатқа берілді.
«Жетісу-Ақпарат»




