Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

БАЛАЛАРДЫ УЛАНУДАН ҚОРҒАҢЫЗ

12.12.2024
ДЕНСАУЛЫҚ
БАЛАЛАРДЫ УЛАНУДАН ҚОРҒАҢЫЗ

Тамақтан улану – асқазан-ішек жолдарына тамақпен немесе сусынмен бірге зиянды бактериялардың түсіп, нәтижесінде ішкі органдар жұмысының бұзылуы. Тамақтан уланғанда ауырсыну жедел басталады. Уланудың негізгі себептеріне балалар тұтынатын азық-түліктің, тез бұзылатын тағамдардың сақтау шарттарының сақталмауы, талаптардың дұрыс орындалмауы жатады.


Улану азық-түлік пен шикізаттың сапасы мен қауіпсіздігін сақтамаудан туындайды. Сондықтан азық-түлік алғанда сатушыдан өнімнің сату құжатын сұрау керек. Тамақ дайындау кезінде жеке гигиена ережелерінің сақталмауы, ас блогы қызметкерлерінде міндетті медициналық тексерудің болмауы кері әсер етеді. Сапасыз тағамдар микробтардың көбеюіне балалардың тамақтан улануына алып келіп соқтырады.

Тамақтан уланудың эпидемиологиялық белгілері жылдам байқалады. Адамның жүрегі айнып, құсқысы келеді. Іші өтеді. Балалар тез әлсізденеді. Бір топ адам бір мезгілде уланса сырқаттану барысы ұқсас жүреді. Өнімді  сатып алған кезде шыққан мерзіміне көңіл аудару керек. Тұтыну мерзімі өткен тауар ағзаға қауіп тудырады. Оның құрамы өзгереді.

Ыстық күні тұрып қалған асты жемеген дұрыс. Улану асқазан, ішек жолдарының қызметін бұзып,  ағзаның  сол бөлігі түйіліп, ауыра бастайды. Сол кезде тамақ ішуді тоқтата қойған жөн. «Ішің ауырса – аузыңды тый» деген сөз дұрыс айтылған. Негізінде  емді үйде жасаймын деп уақытты созып алмау керек. Уланудың белгісі байқалса «Жедел жәрдем» шақыру керек.

Уланған адамнан сау адамға микроб берілмейді. Балаларды уланудан қорғау үшін тез бұзылатын тағамды тоңазытқышта сақтаңыз. Тағамның бетін ашық қалдырмау қажет. Көкөніс пен жеміс-жидекті жуып, мүмкіндігінше қайнаған сумен шайған дұрыс. Тамақ өнімдерін жарамдылық мерзімін ескере отырып сақтаңыз. Сақтау мерзімі өтіп бара жатқан асты төгіп тастаңыз. Азық-түлік өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және сату кезінде санитарлық-гигиеналық талаптар мұқият орындалуы тиіс. Тамақ өнімдерін көшеден, күмәнді адамдардан алмаған жөн. Салқын тағамдар мен салаттарды 1,5-2 сағаттан ұзақ сақтамаңыз.

Қарапайым талаптарды сақтаудың өзі балаларыңызды тамақтан уланудан қорғайды. Ал егер, тағамнан улану белгілері байқалса  медициналық  көмекке жүгіну қажет.

Дария Шәріпқызы,
 Жетісу облысы СЭБД білім беру және тәрбиелеу нысандарын
бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы.

 

Қатысты жаңалықтар

ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

25.05.2025
Білімім – отаныма

Білімім – отаныма

25.05.2025
12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.