Талдықорған: +8°C
$ 469.52
€ 553.75
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Бауыр трансплантациясы: күдік пен үміт

18.04.2026
ДЕНСАУЛЫҚ, КҮНДЕРЕК
Бауыр трансплантациясы: күдік пен үміт

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

Медицина саласы жыл сайын дамып келеді. Әлемдік тәжірибелерді меңгеруде біздің дәрігерлер де біліктіліктерімен ерекшеленуде. Соңғы жылдары трансплантация, яғни, ағза алмастыру жайында жиі естиміз. Бұл сала да елімізде жан-жақты дамуда. Әрине, адам өміріне байланысты бұл мәселеде тәуекелдер мен қиыншылықтар жетерлік. Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында бауыр алмастыру отасын жасауды қолға алды. Дәл қазір үлкен дайындық үстінде. Осы мақсатта аталмыш медицина мекемесіне білікті маман Ерік Нұрланбаев шақырылған еді. Дәрігер мұндай күрделі отаны бірнеше жылдан бері жасап келеді. Осыған байланысты газетімізде ай сайын тұрақты шығып тұратын «Диагноз» айдарына Ерік Құмарбекұлымен арнайы сұхбат жасадық.

– Бауыр трансплантациясы саласына қалай келдіңіз? Бұл бағытты таңдауыңызға не әсер етті?

– Бауыр трансплантациясымен алғаш рет Новосибирскіде жұмыс істеп, білім алып жүрген кезеңімде таныстым. Сол уақыттағы алғашқы ота мен клиникалық тәжірибе мені қатты әсерлендірді. Бұл аса жоғары дәлдікті, терең білімді және үлкен жауапкершілікті талап ететін хирургия саласы екенін сол кезде түсіндім. Осы күрделілік пен өмірлік маңызы бар шешімдер қабылдау үдерісі мені аталмыш бағытты терең меңгеруге жетеледі.

– Жалпы медицина саласына келгеніңізге неше уақыт болды?

– Мен бұл салада 2010 жылдан бастап жұмыс істеймін. Сол жылы Новосибир мемлекеттік медицина университетіне оқуға түстім. Дәл осы кезеңде өңірде бауыр трансплантациясы бағдарламасы қарқынды дамыған еді. 2015 жылы оқуымды аяқтап, медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғадым. 2016 жылдан 2025 жылға дейін А. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында бауыр трансплантациясы саласында кәсіби жолымды бастадым.

– Қазақстанда бауыр трансплантациясының қазіргі деңгейін қалай бағалайсыз?

– Елімізде бауыр трансплантациясы қалыптасу және даму кезеңінен өтіп, тұрақты медициналық бағытқа айналды деп айтуға болады. Елде тәжірибелі мамандар мен заманауи орталықтар бар. Күрделі оталар тұрақты түрде жасалып келеді. Дегенмен, негізгі түйткілдердің бірі – донор тапшылығы. Бұл бағытты жетілдіру үшін қоғамда түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет.

– Бауыр трансплантациясы қандай жағдайда қажет болады?

– Бауыр трансплантациясы – бауырдың өз қызметін атқару қабілеті толық немесе ішінара жойылған кезде жасалатын өмірлік маңызды ота. Көбіне бауыр циррозының соңғы сатысында, жедел бауыр жеткіліксіздігінде, тұқым қуалайтын және метаболикалық ауруларда, сондай-ақ, кейбір онкологиялық жағдайларда қолданылады.

– Отаның күрделілігі неде және қанша уақытқа созылады?

– Бауыр трансплантациясы – хирургиядағы ең күрделі оталардың бірі. Оның қиындығы бауырдың анатомиялық ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Ірі қан тамырлары мен өт жолдарының күрделі жүйесі отаны жоғары дәлдікті талап ететін процеске айналдырады. Орташа ұзақтығы 8-12 сағат аралығында, ал кейбір күрделі жағдайларда одан да ұзаққа созылуы мүмкін.

– Донор табу мәселесі қаншалықты қиын?

– Донор тапшылығы – трансплантологиядағы ең өзекті мәселе. Қазақстанда тірі донор ретінде көбіне жақын туыстар қарастырылады. Ал мәйіттік донорлық тек заңды келісім мен туыстардың рұқсаты болған жағдайда жүзеге асады. Өкінішке қарай, қоғамда түсінбеушілік пен сенімсіздік салдарынан көп жағдайда рұқсат берілмейді.

– Қазақстанда донорлық мәдениет қалай дамып келеді?

– Соңғы жылдары бұл бағытта оң динамика байқалады. Қоғамдық ақпараттандырудың арқасында донорлыққа келісім берушілер саны артуда. Дегенмен, толық қалыптасқан мәдениетке жету үшін ұзақмерзімді түсіндіру және ағарту жұмыстары қажет. Ең кең таралған қате пікір – «донор болсам дәрігерлер мені құтқаруға тырыспайды» деген сенімсіздік. Бұл мүлде негізсіз. Дәрігердің басты міндеті – әрбір науқастың өмірі үшін күресу. Сондай-ақ, трансплантация үдерісі толық заңнамалық және медициналық бақылауда жүзеге асады.Талдықорғандық Әйгерім Тінәлі деген келіншекке жақын туысы донор болды. Пациент өзін-өзі жақсы күтті. Отадан кейін жүкті болып, босанды. Бүгінде донордың да, емделушіміздің де жағдайы жақсы.

– Операциядан кейін науқастың өмірі қалай өзгереді?

– Сәтті трансплантациядан кейін науқастың өмір сапасы айтарлықтай жақсарады. Әлсіздік, сарғаю және асқыну белгілері азаяды. Дегенмен, пациент өмір бойы дәрігер бақылауында болып, иммуносупрессивті терапияны үзбей қабылдауы тиіс. Оңалту үдерісі бірнеше айға созылады. Ең жауапты кезең– алғашқы апталар. Орта есеппен 3-6 ай ішінде пациент толық бейімделеді, алайда бұл жеке жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін. Науқастарға өмір бойы дәрі-дәрмек қабылдау, инфекциядан сақтану, дұрыс тамақтану және тұрақты медициналық бақылаудан өту талап етіледі. Алкогольден толық бас тарту міндетті болып саналады.

– Ең күрделі ота есіңізде ме?

– Иә, ерекше есте қалған жағдайлардың бірі – 25 сағаттан астам уақытқа созылған трансплантация. Донордағы күрделі анатомиялық ерекшеліктер операцияны қиындатты. Бірнеше өт жолдары мен қосымша веналық құрылымдар мұқият болуды талап етті. Мұндай жағдайда ең бастысы – донордың қауіпсіздігі мен отаның дәл орындалуы. Бұл салада психологиялық қысым өте жоғары. Әр шешім тікелей адам өміріне әсер етеді. Сондықтан кәсіби біліммен қатар сабыр, төзім және жауапкершілік аса маңызды.

– Трансплантацияны дамыту үшін не қажет?

– Ең алдымен донорлық мәдениетті дамыту қажет. Сонымен қатар, кадр даярлау, логистика, реанимация және зертханалық қызметтерді күшейту маңызды. Трансплантация – жеке ота емес, тұтас жүйе. Қызмет негізінен ірі медициналық орталықтарда жасалуда. Дегенмен, соңғы жылдары өңірлерде де даму байқалады. Мысалы, кей аймақтарда алғашқы трансплантациялар сәтті жасала бастады. Бізде білікті мамандар бар және күрделі оталар жүзеге асуда. Алайда жүйелілік, донорлық база және логистика жағынан дамытуды қажет ететін тұстар бар. Донорлық – бір адамның өмірі арқылы бірнеше адамға үміт сыйлайтын ізгілік. Бұл мәселені қорқынышпен емес, түсіністікпен қабылдаған абзал.

– Бауыр ауруларының алдын алу жөнінде кеңес берсеңіз.

– Бауыр ауруларының алдын алуда ең маңыздысы – уақытылы тексерілу, дұрыс тамақтану, вакцинация және зиянды әдеттерден бас тарту. Аурудың алдын алу – емдеуден әлдеқайда тиімді. Жастарға айтарым, білім мен еңбекті қатар алып жүру. Тұрақты табысы бар адам уайымға берілмейді. Бауыр сырқаты уайымшыл адамдарда жиі кездеседі. Зиянды заттарға әуестенбеу. Ең басты құндылық – адам денсаулығы. Уақытылы тексерілу мен аурудың алдын алу өмірді сақтап қалудың негізгі жолы.

– Уақыт бөліп әңгімелескеніңізге көп рахмет!

Сұхбаттасқан
Гүлжан Тұрсын

Қатысты жаңалықтар

Жетісу гарнизонында ашық есік күні өтті

Жетісу гарнизонында ашық есік күні өтті

18.04.2026
Талдықорғанда ерлік сабағы өтті

Талдықорғанда ерлік сабағы өтті

18.04.2026
«Таза Қазақстан»: «Қызылтас–Тасбақа» шатқалында экологиялық акция өтті

«Таза Қазақстан»: «Қызылтас–Тасбақа» шатқалында экологиялық акция өтті

18.04.2026
Шаңырақ шаттығы еселенді

Шаңырақ шаттығы еселенді

18.04.2026
Рух пен өнер тоғысқан мекен

Рух пен өнер тоғысқан мекен

18.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.