Талдықорған: +9°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Деннің саулығы, ұлттың байлығы

24.12.2023
ДЕНСАУЛЫҚ
Деннің саулығы, ұлттың байлығы
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу өңірінде «Дені сау ұлт» әрбір азаматқа сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы бойынша қыруар қаржы бөлініп келеді. Биыл медицина саласындағы жаңа нысандардың бой көтеруі және қолда бар нысандарға қайта жаңғыртудан өткізу үшін 3 миллиард теңгеге жуық қаржы игерілді. Солардың қатарында 20 блокты-модульдік медициналық пункт пен екі «Жедел жәрдем» стансысын салу көзделген еді. Соның бірі – Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылында бой көтеруі тиіс-тін. Жоспарлы жұмыс нәтижесіз болмайды деген, Ескелдідегі стансы биыл қыркүйек айында пайдалануға берілді. Ауданға жұмыс сапар барысында сонда ат басын бұрдық.

Заманауи «Жедел жәрдем» стансысы ғимаратының жалпы ауданы  110 шаршы метр, 6 бөлмеден тұрады. Тәулігіне қосалқы стансыларда аға фельдшер, аға жүргізуші және құрамында 4 фельдшер мен 4 жүргізуші бар, 4 бригада жұмыс істейді. Құрылысты жүргізген  «Qaz damu constrution» ЖШС. «Жедел жәрдем» бұған дейін әкімшіліктің жертөлесінде жұмыс істеп келген еді.

– Біздің басты міндет – тұрғындарға қалтқысыз қызмет ету. «Жедел жәрдем» жұмысы үшін әрбір секунд маңызды рөл ойнайды. Дер кезінде әрі жедел медициналық көмек көрсету арқылы ескелділіктердің саулығын қалыптастырамыз. Стансы ашылғалы бері 5 мыңнан аса тұрғынға қызмет көрсеттік, – дейді аға фельдшер Ғабит Ерғаж.

Мұнан соң біздің бағыт Ескелді аудандық ауруханаға бұрылды. 140 орынды және күндізгі стационарда 70 адамды қарауға есептелген аудандық орталық аурухана 50 мыңнан астам жергілікті тұрғынға қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, мұнда ересектер мен балаларға арналған жалпы терапия, хирургия, невропатология, жалпы дәрігерлік практика, акушерлік және гинекология сияқты бағыттар бойынша стационарлық және амбулаториялық-емханалық медициналық көмек қарастырылған. Аудандық аурухана ұжымында 440-тан астам медицина қызметкері, оның ішінде 84 дәрігер және 360 орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Жыл ортасында аурухана жанындағы аудандық емхана базасында «Үздік практикалар орталығы» ашылған еді.

– Жалпы мұндай үздік практика орталықтарын құрудағы мақсат – медициналық көмекті қолжетімді ету, адам мен оның отбасының қажеттіліктері үшін денсаулық сақтау қызметтерін интеграциялау, шағымдар санын азайту, шағым түрлерін талдау, ұйымдастыру және әдістемелік жұмыс жүргізу. Тағы ерекшелік – халықтың медициналық сауаттылық деңгейін арттыру, науқастарды емдеу және аурудың алдын алу шараларына қатысу, халықтың денсаулығын сақтау саласындағы жобалар мен әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу, сондай-ақ, диагностикаға бағдарланған тәсілден жеке адамға бағдарланған тәсілге көшу, – дейді аурухана басшысы Сәуле Құсмолданова.

Шынын айту керек, аудандық аурухана үшін бірер жыл бұрын кадр мәселе күйіп тұрған еді. Әсіресе, көз дәрігері, невропатолог, кардиолог, балалар психиатры, ультрадыбыстық зерттеу дәрігері, акушер-гинеколог мамандары тапшы болатын. Бас дәрігердің сөзінше, осы мәселеге биыл нүкте қойылыпты. Сәуле Құсмолданова жыл басынан бері ауруханаға жаңадан 22 дәрігер келгенін алға тартты. Сонымен қатар, медициналық нысанға жаңа әрі заманауи жабдықтар алынған. Мәселен, «Stryker» аппараты науқастың жүрек-өкпе жұмысын автоматты түрде жандандырады. Былайша айтқанда, жүрек соғысын қалыптастыру үшін кеудеге жасанды массаж жасайды. Әрі тұрғындардың денсаулығын нығайтуда өз нәтижесін беруде.

Дастанбек САДЫҚ
Ескелді ауданы

Суретті түсірген Руслан Қадыров
 

Қатысты жаңалықтар

Барлығы қатарда. «Жетісудың» кезекті жеңісі

Барлығы қатарда. «Жетісудың» кезекті жеңісі

22.03.2026
Талдықорғанда ұлттық киім бағасы: сапа мен сәннің үйлесімі

Талдықорғанда ұлттық киім бағасы: сапа мен сәннің үйлесімі

22.03.2026
23 наурызда ел аумағында құбылмалы ауа райы күтіледі

23 наурызда ел аумағында құбылмалы ауа райы күтіледі

22.03.2026
Сарыөзекте Наурыз мерекесі аудан көлемінде кеңінен аталып өтті

Сарыөзекте Наурыз мерекесі аудан көлемінде кеңінен аталып өтті

22.03.2026
Қаратал ауданы Ұлыстың ұлы күнін атап өтті

Қаратал ауданы Ұлыстың ұлы күнін атап өтті

22.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.