Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

«Денсаулық паспорты» анықтама түрінде емханаларда тегін беріледі

30 мамыр 2024
ДЕНСАУЛЫҚ
«Денсаулық паспорты» анықтама түрінде емханаларда тегін беріледі
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздің барлық республикалық және өңірлік балалар ауруханасында 25 мыңнан астам төсек-орын қарастырылған. 2023 жылы тәулік бойы және күндізгі стационар құрамында 82 мыңнан астам бала емделді, 40 мыңнан астам бала амбулаториялық деңгейде медициналық көмек алды. 18 жасқа дейінгі балалар медициналық көмекті тегін алады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті директорының м. а. Әйгерім Оспанова айтты.

Тұқым қуалайтын туа біткен ауруларды және дамудағы ауытқушылықтарды ерте анықтау үшін туғаннан кейінгі алғашқы күндерде скринингтің 4 түрі қарастырылған. Жыл сайын туғаннан 18 жасқа дейінгі балаларға профилактикалық тексерулер жүргізіледі, 2023 жылы 5, 5 млн-нан астам бала қамтылды.

«Балалар денсаулығын сақтаудың басты жетістіктерінің бірі — жоғары мамандандырылған медициналық көмекті дамыту. Былтыр туа біткен жүрек ақауы бар 1708 балаға ашық жүрекке операция жасалды, 47%-ы бір жасқа дейінгі балаларға жасалды. Жаңа туған нәрестелердегі минималды инвазивті эндовидеохирургияның үлесі 40%-ға дейін өсті. Аса ауыр жағдайларда балалардың өмірін құтқару үшін Қазақстанда телемедициналық технологиялар мен медициналық авиация іске асырылды. Соңғы 3 жылда елімізде қалпына келтіру және оңалту бойынша төсек-орын саны 2 есеге артты. Қазір 4219 төсек-орын бар», – деп атап өтті спикер.

Сондай-ақ ол болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына «Денсаулық паспорты» кітабын сатып алудың қажеті жоқ екенін айтты. Енді ол тіркелген жері бойынша емханаларда анықтама түрінде тегін беріледі, ал болашақта цифрландырылмақ.

Балалар мүгедектігінің алдын алу мақсатында барлық өңірде ұрықты қорғаудың 20 орталығы құрылды. Мектепке дейінгі және мектеп медицинасы басқармасы құрылды. Балаларға профилактикалық көмекті жетілдіру үшін Оқу-ағарту министрлігі балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыс жүргізіп жатыр.

Фото: profit.kz

Қатысты жаңалықтар

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

26 қараша 2026
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

26 қараша 2026
Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

26 қараша 2026
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

26 қараша 2026
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

26 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.