Талдықорған: +16°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ КӨЛЕҢКЕЛІ НАРЫҒЫМЕН КҮРЕС ЖҮРГІЗІЛМЕК

18.12.2024
ДЕНСАУЛЫҚ
ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ КӨЛЕҢКЕЛІ НАРЫҒЫМЕН КҮРЕС ЖҮРГІЗІЛМЕК

Бірыңғай таңбалау операторы мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті, онда дәрілік заттарға цифрлық таңбалануын енгізудің өзекті мәселелері талқыланып, кездесудің қорытындысы бойынша тараптар дәрілік заттардың көлеңкелі айналымымен күресу бойынша Жол картасын бірлесіп әзірлеуге келісті.


Бірыңғай таңбалау операторы бұл үдеріске белсенді түрде қатысып, өз құзыреті шегінде өз ұсыныстарын енгізетін болады.

ЖСДП алаңында қатысушылар дәрілік заттарды таңбалауға қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Таңбалауды енгізу процестеріндегі Бірыңғай оператордың рөліне және таңбалаудың техникалық енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор аталмыш жоба шеңберінде техникалық серіктес ретінде әрекет ететінін естеріңізге сала кетейік. Тауарларға міндетті таңбалауды енгізу және реттеу мәселелері үкімет пен тиісті министрліктердің құзыретіне артылған. Бірыңғай оператор өз кезегінде жүйені техникалық енгізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ бизнес пен халық арасында ақпараттандыру жұмыстарын жүргізіп, нарық қатысушыларына жаңа талаптарға бейімделуге және таңбалау құралдарын тиімді пайдалануға көмектеседі.

Астанадағы ЖСДП филиалының төрағасы Талғат Омаров таңбалауды енгізу үдерісіне және оның нарыққа қатысушыларға әсері туралы алаңдаушылық білдірді. Өз кезегінде Бірыңғай оператордың басқарушы директоры Алмат Исмаилов таңбалау жүйесі нарықты контрафактілік өнімнен қорғауға бағытталғанын және кәсіпкерлер деректерінің құпиялылығына қатысты құқықтарды бұзбайтынын баса айтып, барлық сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді.

Біз көлеңкелі нарыққа қатысты мәселелерді шешу үшін қоғаммен және бизнеспен ашық сындарлы диалогқа және бірлескен жұмысқа дайынбыз. Цифрлық таңбалау – бұл дәрі-дәрмек нарығын мөлдір әрі тұтынушылар үшін қауіпсіз етуге көмектесетін құрал, — деп атап өтті Алмат Исмаилов.

Жол картасын жасау дәрі-дәрмектің заңсыз айналымына қарсы күресте маңызды қадам болады және мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастық пен қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимылын күшейтуі тиіс.

Бірыңғай оператор ЖСДП-ның көлеңкелі нарықты қысқартуға және халықты сапалы заңды өнімдермен қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларына қолдау білдірді. Екі тарап та тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың және әрбір азамат сатып алатын өнімдерінің қауіпсіздігі мен түпнұсқалығына сенімді бола алатын ашық нарық құрудың маңыздылығын түсінеді. Бірлескен жұмыс тауар айналымын бақылауды күшейтіп қана қоймай, сонымен қатар заңсыз өнімдермен күресудің тиімді тетіктерін құруға мүмкіндік береді, бұл әсіресе дәрілік заттар сияқты әлеуметтік маңызы бар санаттар үшін маңызды.

Айта кету керек, бірыңғай оператор таңбалау жүйесін сәтті енгізу және көлеңкелі нарықпен күресу үшін бизнес-қоғамдастықпен және қоғамдық ұйымдармен ашық жұмысты жалғастыруда.

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.