Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Еліміз қызылша ауруын жұқтырғандар саны бойынша неге «көшбасшы» атанды? Министрлік себебін түсіндірді

12 желтоқсан 2023
ДЕНСАУЛЫҚ
Еліміз қызылша ауруын жұқтырғандар саны бойынша неге «көшбасшы» атанды? Министрлік себебін түсіндірді
WhatsAppTelegramFacebook

Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы Манар Смағұл «Қазақстан қызылша ауруын жұқтырғандар саны бойынша алғашқы үштікке енді» деген ақпаратты түсіндіріп,  қазақстандықтарды вакцина алуға шақырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) мәліметінше, қызылша ауруын жұқтыру бойынша Йемен көшбасында: 23 мыңнан аса дерегі. Кейін тізімде Үндістан (14 927 дерек) мен Қазақстан (12 985 дерек) тұр.

CDC ауруға қатысты ақпаратты биыл қарашада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан алған.

Манар Смағұл еліміздегі эпидемиологиялық жағдай күрделі екенін мойындайды. Бірақ ол бұл мәліметті дұрыс түсіну керек деген ұстанымда.

Бүгін «Қазақстан қызылша ауруын жұқтыру бойынша көшбасшы елдің бірі болды» деген мәлімет қызу талқылануда. Мен оған түсінік берейін. Әлемде қызылша жұқтырғандардың саны 2022 жылы өсе бастады. Ауру жұқтырудың ең көп дерегі Африка мен Оңтүстік-шығыс Азия, Шығыс жерорта теңізі аумағында тіркелді. Еуропа бұл процеске кеш қосылды. Сондай-ақ былтыр қызылшаны жұқтырудың ең көп дерегі Тәжікстан, Түркия және Ресей Федерациясында тіркеле бастады. Қазақстан барлық Еуропа өңірі сияқты процеске сәл кешігіп қосылды. Былтыр қызылшамен аурудың 4 дерегі тіркелді. Биыл ақпанда ауруды жұқтыру жағдайы тіркелді, ал күзге таяу ауруды жұқтырудың жоғары көрсеткіші тіркеле бастады. Мұны стандартты жағдай емес деп сипаттау керек. Өйткені, вакцина алып, бұл ауруға жол бермеу болады. Жалпы ауру деңгейіне халықтың вакцинамен қамтамасыз етілуі әсер етеді, — деді ол.

Басқарма төрағасы қызылша ауруына өршуіне COVID-19 пандемиясы да әсер етті деген пікірде.

Ауруға қарсы екпе алған адамдардың саны көп болса, сырқаттанушылық деңгейі де жоғары болады. Жыл сайын Қазақстанда орташа есеппен 4 мың бала вакцина салдырмайды. Бұл шамамен дүниеге келген балалардың – 1 пайызы. Коронивирус пандемиясы әлемге де, оның ішінде еліміздегі вакцинацияға да кері әсер етті. COVID-19 пандемиясы кезінде вакцина алмаған балалардың саны сәл өсті. Бүгінде олардың саны 8 мыңнан асады. Осыны ескерсек, ауруға қарсы иммунитет қалыптаспады. Қазір ауруды жұқтырудың осындай көрсеткіші тіркеліп отыр. Сондықтан ауруды болдырмау үшін халыққа вакцина алудың маңызын түсіндіру қажет, — деді Манар Смағұл.

Сонымен қатар ол қызылшаға қарсы үндістандық вакцинаның тиімділігіне тоқталды.

Екпенің тиімділігінің тікелей көрсеткіші ретінде екпе алғандар арасында қызылша жұқтырудың тіркелуі болып саналады. Бүгінде вакцина салдырған адамдар арасында ауру жұқтырудың көрсеткіші – шамамен 3,5%. Бірақ екпе алғандар арасында ауру әлдеқайда жеңіл өтеді. Неге (қызылшаға қарсы) иммунитет қалыптаспайды? Бұл вакцина салдырған адам ағзасының өзіне тән ерекшелігіне байланысты. Сондай-ақ суық тізбек сақталмаса, иммунитет қалыптаспауы мүмкін. Жалпы екпе салдырған және салдырмағандардың арасында ауру жұқтыру дерегінің болуы вакцинаның тиімділігін көрсетеді. Яғни вакцина аурудың асқынуын болдырмайды. Қызылшаға қарсы екпе алсаңыз ауырмайсыз, ал егер инфекция жұқтырсаңыз, ауруыңыз асқынбайды, — деді басқарма төрағасы.

Фото: arasha.kz

Қатысты жаңалықтар

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Бүгін, 16:56
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Бүгін, 14:47
Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Бүгін, 13:49
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

Бүгін, 12:45
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Бүгін, 12:43

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.