Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Енді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігі бақылайды

19 қаңтар 2026
ДЕНСАУЛЫҚ
Енді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігі бақылайды

Үкімет

WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысының бюджет тәртібін күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында Үкімет медициналық сақтандыру саласындағы сорақы заңбұзушылықтардың бетін ашты. Премьер-министр Олжас Бектенов Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) жұмысын қатаң сынға алып, оны Қаржы министрлігінің қарамағына беруді тапсырды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Қаржы министрі Мәди Такиевтің баяндауынша, 2026 жылы медициналық сақтандыруға 2.4 трлн теңге бөлу жоспарланған. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 1 трлн теңгеге артық. Алайда, қаржының өсуі қызмет сапасының артуына әкелмеген. Талдау көрсеткендей, қордың 588 млрд теңге көлеміндегі инвестициялық табысы медициналық көмекке емес, активтерде жинақталып қалған.

Қаржы министрлігі жүргізген IT-аудит жүйедегі мынадай басты заңбұзушылықтарды анықтады:

  • Қайтыс болғандарды «емдеу»: 996 марқұмға 3640 медициналық қызмет көрсетілген деп тіркелген. Тіпті, 2023 жылы қайтқан адамды 2025 жылы «қабылдауға жазған» жағдайлар анықталды.

  • Жынысына сай келмейтін тексерулер: 1.8 млрд теңгеге 769 мыңнан астам жалған скрининг тіркелген. Оның ішінде 768 мыңнан астам ер адам әйелдер ауруына (жатыр мойны обырына) тексерілсе, 619 ер адам маммографиядан өткен. Тек Алматы облысындағы бір ауруханада осындай 11 мыңнан астам жағдай белгілі болды.

  • Жалған дәрі-дәрмек есептен шығару: Жетісу облысында екі баланың атына 126 мың рет дәрі жазылған. Ал Астанада стационарда бір күнге жетпей жатқан балаға 88 мың бірлік дәрі-дәрмек берілді деп көрсетілген.

  • «Супер» дәрігерлер: Астанада бір дәрігер бір айда 4832 науқасты қабылдаған, ал кейбір мамандар тәулігіне 300-400 тексеру жасаған деп жазылған.

Салық органдары медициналық ұйым басшыларының табысына да талдау жасады. Нәтижесінде 1465 басшы 5 мыңнан астам жылжымайтын мүлік сатып алғаны анықталды. Кейбір басшылардың жеке меншігінде 124 нысан мен 24 автокөлікке дейін бар екені белгілі болды. Бұл қаражаттың медициналық қызмет көрсетуге емес, жеке қалталарға кеткенін көрсетеді.

Олжас Бектенов бұл деректердің барлығын процестік шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау органдарына беруді және ӘМСҚ-ны Қаржы министрлігінің бақылауына өткізуді бұйырды. Енді денсаулық сақтау саласындағы барлық бизнес-процестер толық цифрландырылып, негізсіз қаржыландыру тоқтатылмақ.

Мемлекет қаржысын оңды-солды жұмсап, халықтың денсаулығын бизнеске айналдырғандар заң алдында жауап беретін болады.

Қатысты жаңалықтар

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Бүгін, 13:49
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

Бүгін, 12:45
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Бүгін, 12:43
Пайдалануға берілетін нысан көп

Пайдалануға берілетін нысан көп

Бүгін, 12:29
Уикипедияның қазақша қоры молаяды

Уикипедияның қазақша қоры молаяды

Бүгін, 12:27

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.