Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Кеңаралда емхана  берілді

24.12.2024
ДЕНСАУЛЫҚ
Кеңаралда емхана  берілді

Көксу ауданына қарасты Кеңарал ауылында ашылған блокты-модульді ғимараттың  жалпы ауданы 108 шаршы метр. Медициналық пункт тәулігіне 15 келушіні қабылдайды. Тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету үшін қажетті жабдықтардың барлығы алынған.  Қатерлі ісіктің алдын алу үшін скрининг, балаларға  жоспарлы екпе, жұқпалы сырқаттанудың алдын алуға арналған вакцина жасалады. Салтанатты шарада аудан әкімі Дәулет Халелов сөз алып, емдеу мекемесінде алғашқы медициналық көмек көрсетуге барлық жағдай жасалғандығын айтты.

– Амбулаторияға күндіз ем қабылдайтын төсек-орын қойдық. Екпе жасау, зертханалық  кабинеттерді жасақтадық. Денсаулық сақтау министрі келіп Жамбыл, Ақшатоған ауылдық емханасының жұмысымен танысқан. Сонда блокты-модульді емхананың жылдам, сапалы тұрғызылатынына көңіл аударған. Сондықтан мұндай емхананы болашақта да тұрғызатын боламыз,–деді ол.

Биыл  «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы шеңберінде Көксу ауданында 2 блокты- модульді медициналық пунк ашылды. Бір емхана толық күрделі жөндеуден өтті.

Кеңарал ауылындағы жаңа нысанның құрылысына 49 млн. теңге қаражат жұмсалыпты. Мұнда ыстық су, жылу жүйесі жүргізілген.

Шараға келген ауыл тұрғыны Ырысқан Қоқымбаева: «Дүкеннің қасында кішкентай үй болған. Оны да ұқсатып емхана ретінде пайдаланып отырды. Мына  емхана жақсы болды. Жарық, таза, заманауи. Ауылға газ да тартып берді. Үкіметке рахмет», – деді.

Ауыл медицинасын дамыту – халық саулығын нығайту.

Келер жылы Көксу ауданында 4 блокты-модулді медициналық пункт тұрғызылмақшы. Бір ауылда дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда. 

Айта кетерлік жәйт, соңғы үш жылда Жетісу облысында ірілі-ұсақты 98 медицина мекемесі қолданысқа берілген. Биыл 51, келесі жылы тағы 69 нысан ашу жоспарлануда.

Гүлжан Тұрсын

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.