Талдықорған: +13°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Күн сайын темекі шегетін 5-6 қазақстандық қайтыс болады

09.04.2025
ДЕНСАУЛЫҚ
Күн сайын темекі шегетін 5-6 қазақстандық қайтыс болады

Қазақстанда өкпе қатерлі ісігімен байланысты өлім-жітім күрт артып отыр. Елдің бас онкологы, ҚР ҰҒА академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Диляра Қайдарованың мәліметінше, күн сайын 5-6 қазақстандық азамат өкпе обырынан қайтыс болады.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы хабарлайды.

Дәрігердің айтуынша, еліміздегі онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімнің ішінде өкпе обыры бірінші орында тұр. Бұл дертке алып келетін негізгі фактор – темекі шегу.

Өкпе қатерлі ісігі ең кең таралған онкоаурулардың бірі. Оның себептері арасында темекі шегу, канцерогендермен ластанған ауа, зиянды өндірістік әсерлер, радиация, созылмалы өкпе аурулары және тұқымқуалаушылық бар, – дейді Диляра Қайдарова.

Оның айтуынша, өкпе обырына ер адамдар жиі шалдығады. Әйелдер мен ерлер арасындағы қатынас шамамен 1:4 деңгейінде.

Қазақстандағы өлім-жітімнің жоғары көрсеткіштері әсіресе Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында тіркелген.

Мамандардың айтуынша, өкпе обырына шалдығудың 90%-ы темекі шегумен байланысты. Бұған қоса, «пассивті темекі шегу», яғни басқа біреулер тартқан шылымның түтінін жұту да адам денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді.

Дүниежүзілік статистика да жағдайдың ауырлығын көрсетеді: жыл сайын әлем бойынша 1,8 миллион адам өкпе обырынан көз жұмады. Бұл онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімнің ішінде ең жоғарғы көрсеткіш.

Фото: the-warsaw.pl

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.