Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

КОРОНАВИРУС: ЕКПЕ САЛДЫРҒАННАН КЕЙІНГІ АУЫРСЫНУ БЕЛГІЛЕРІ

03.02.2021
ДЕНСАУЛЫҚ
КОРОНАВИРУС: ЕКПЕ САЛДЫРҒАННАН КЕЙІНГІ АУЫРСЫНУ БЕЛГІЛЕРІ
WhatsAppTelegramFacebook

Журналистер үйінде коронавирус індетіне қарсы вакциналау және індеттің таралу жағдайына байланысты Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбековпен, Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиевпен брифинг ұйымдастырылды. Брифингте адамдардың екпе салдырғаннан кейінгі денсаулық жағдайы, ауырсыну белгілері қандай болатыны жайлы сөз болды. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Облыста коронавирус індетіне қарсы вакцина салу басталды.  Ресейден сатып алған 1450 вакцина облыстың бірнеше емдеу мекемесіне таратылды. Алғашқы күні 40 адамға салынды. Жағдайлары дәрігердің қадағалауында. Журналистер де вакцина салдырушылармен хабарласып, жай-күйін біліп отыр. Әзірге денсаулықтары қалыпты.

Жалпы, екпе салдырғаннан кейін дене қызуы көтерілуі мүмкін. Қызу 37 градусқа көтерілсе, парацетамол немесе «Ибупрофен» дәрісін ішу керек. Ал 39-дан асса, дәрігерге жүгінген жөн. Сондай-ақ, иммундалған адамда әлсіздік, шаршау, жүрек айну, тоңу сияқты белгілер байқалуы мүмкін. Вакцина енгізілген жер ауырсынып, қышынып, ісіп және қызаруы қалыпты жағдай. Екпе салдырғаннан кейін үш күнге дейін ауыр жұмыс істемеу керек. Көпшілік ортада да болмаған дұрыс.

Жасыратыны жоқ, екпе басталғалы көпшілік алаңдаулы. Салдыру керек пе, керек емес пе деп екіойлы болып жүргендер көп. Брифингте бұл мәселе де айтылды. Сондай-ақ, шалғай ауылдардағы тұрғындар үшін облыстағы 12 жылжымалы бригаданы іске қосу жоспарлануда. Флакондарды тасымалдау үшін сыйымдылығы 253 литр болатын 11 термоконтейнер сатып алынған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбековтің айтуынша, бірінші болып жұқпалы аурулар ауруханалары, жедел медициналық жәрдем, реанимация бөлімшелері, ауруханалардың қабылдау бөлмелерінің дәрігерлері, санитарлық эпидемиологиялық қызметінің қызметкерлері егіледі. Содан кейін мектептер мен кәсіптік, жоғары оқу орындарының мұғалімдерді иммундалады. Вакциналаудың үшінші кезеңінде созылмалы аурулары бар азаматтар мен басқа да санаттар қамтылады.

Екпе салдырған адамдарды бақылау үшін жеке бөлмелер қарастырылған. Облыс бойынша вакцинациялауға жататын медицина қызметкерлерінің саны – 11 192. Иммундау кабинеттерінде шұғыл көмек көрсететін терапия құралдары бар. Дәрілік препараттардың жарамдылық мерзімдері көрсетілген.

— Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп, аудандардың медицина қызметкерлерімен коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация алгоритмі, вакциналарды сақтау, жүргізілген егулерді есепке алу бойынша семинар өткізілді. Осыған ұқсас семинарлар жергілікті жерлердегі ауылдық елді мекендердің медицина қызметкерлерімен өткізілетін болады. Барлығы 491 медицина қызметкері оқытылды, 474 медицина қызметкері аттестатталды, 17 медицина қызметкері қайта аттестаттаудан өтетін болады, – деді облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев.

Спикерлердің сөзінше, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер жағдайларын тексеру жөніндегі сараптамалық комиссия құрылған. Сондай-ақ, медициналық ұйымдардың коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауға дайындығын бағалау үшін кураторлар айқындалған. Облыста сырқаттанушылық көрсеткішінің артуы байқалады. Мәселен, Текеліде 591, Талдықорғанда 2596,  Қапшағайда 288, Көксуда 370, Қараталда 384,  Қарабұлақ өңірінде 347,  Ақсуда 206,  Жаркент өңірінде 568 жағдай тіркелген. Барлық 26 медициналық ұйымда коронавирусты және басқа да респираторлық инфекцияларды жұқтырудан қорғау үшін жағдай жасалған. Медициналық ұйымдар қолды өңдеуге арналған санитайзерлермен, бетперделермен қамтамасыз етілген. Барлық медициналық ұйымдарда келушілердің дене қызуын өлшеуге арналған тепловизорлар бар.

Естеріңізде болсын, Қазақстанда вакцинация ерікті болып табылады және егілушінің келісімімен ғана жүргізіледі. Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған.

Айта кетейік, 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Ресейде шығарылған Гам-КОВИД-Вак («Спутник V») вакцинасын пайдалана отырып, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация басталды. 15 ақпаннан бастап вакцинация процесіне Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген Гам-КОВИД-Вак вакцинасы қосылатын болады. 2021 жылдың екінші тоқсанынан бастап вакцинация процесіне қазіргі уақытта клиникалық сынақтың 3-кезеңінде тұрған отандық QazCovid-In препаратын қосу жоспарлануда. Халықтың осал топтары үшін коронавирустық инфекцияға қарсы екпе тегін негізде жүргізіледі.

Денсаулық сақтау министрлігі вакцинациялауды екі кезеңде жүргізуді ұсынды. Алдымен I компонентпен 0,5 мл доза, 21 күннен кейін II компонентте 0,5 мл доза салынады. Бұл ретте II компонентпен 21-ші күні демалыс, мереке, басқа елді мекенге шығу салдарынан вакцинация жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, келесі 7 күн ішінде вакцинация салынуы тиіс. Одан ары созса, екпенің әсері болмауы мүмкін.

Гүлжан ТҰРСЫН

Алматы облысы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда сайлаушылардың қатысу көрсеткіші сағат 20.00-дегі ақпарат 78% пайыздан асты – Арыстанғали Арын

Жетісуда сайлаушылардың қатысу көрсеткіші сағат 20.00-дегі ақпарат 78% пайыздан асты – Арыстанғали Арын

15.03.2026
Талдықорғанда барлық референдум учаскелері өз жұмысын тоқтатты

Талдықорғанда барлық референдум учаскелері өз жұмысын тоқтатты

15.03.2026
Көктемгі жеңілдік: Жетісуда «Наурыз FEST» акциясы өтуде

Көктемгі жеңілдік: Жетісуда «Наурыз FEST» акциясы өтуде

15.03.2026
Референдум күніндегі мерейтой иелері

Референдум күніндегі мерейтой иелері

15.03.2026
Ауыл еңбеккерлері азаматтық ұстанымдарын білдірді

Ауыл еңбеккерлері азаматтық ұстанымдарын білдірді

15.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.