Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары! Коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты сізден өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына мұқият қарауды сұраймыз.
Белгілері пайда болған кезде: дене температурасының жоғарылауы, жөтел, жалпы әлсіздік, шаршағыштық, бас ауруы, тамақтың ауыруы, мұрыннан су ағуы, ентігу, жүрек айну, құсу, диарея, иіс пен дәм сезуінің жоғалуы кезінде медициналық мекемелердің сүзгісіне келесі мекен-жайлар бойынша хабарласуыңызды немесе байланыс телефондары арқылы дәрігерді үйге шақыруыңызды сұраймыз.
Жоғары температура, ентігу, ауыр халде жедел медициналық көмекке жүгініңіз.
Өз-өзіңізді емдеумен айналыспаңыз!
Қол гигиенасын сақтаңыз, шұғыл қажеттіліксіз қоғамдық орындарға, адамдар көп жиналатын орындарға, ойын-сауық орталықтарына, кафелерге, мейрамханаларға бармаңыз.
Адамдар көп жиналатын жерлерде кемінде 2 метр қашықтықты сақтаңыз, бетперде киіңіз, үйдің гигиенасын сақтаңыз, бөлмелерді желдетіңіз.
Барлық қауіпсіздік шараларын сақтап, сау болуыңызды тілейміз!
Өзіңізді жайсыз сезініп, ауырған жағдайда «Жедел жәрдем» шақырыңыз немесе мына байланыс нөмерлеріне хабарласыңыз:
— №1 Талдықорған қалалық емханасы, Гаухар ана көшесі, 87, тел: 24-34-98, 24-39-70;
— Алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы, Б.Әшімов көшесі, 14, тел: 41-27-48, 41-27-47;
— Балалар емханасы, Н.Назарбаев даңғылы, 57, тел: 24-27-31, 24-62-01;
— Жалпы тәжірибе дәрігерлерінің бөлімшесі, 4 ш/а, 35 А үй, тел: 25-22-49, 25-17-52;
— № 2 Талдықорған қалалық емханасы, Гаухар Ана к-сі, 87 «В», тел: 24-77-82, 24-08-03;
— «Нұр-Авиценум» медициналық орталығы, Ескелді би көшесі, 224, тел: 23-32-31;
— «ХАК» медициналық орталығы, Н.Назарбаев даңғылы, 127, тел: 39-01-78.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»
Сурет — ғаламтордан





