Талдықорған: +15°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Ұлт саулығы – ұлы құндылық

27.03.2025
ДЕНСАУЛЫҚ
Ұлт саулығы – ұлы құндылық

Алмалы, Қырыққұдық, Тұрпан және Ақжазық ауылдарында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Бұған дейін аталған ауыл тұрғындары ескі, қызмет көрсетуге қолайсыз ғимараттарда медициналық көмекке жүгініп келген.

Жаңа ғимараттар бір үлгіде салынып, қажетті заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда күндізгі бөлім, оңалту орталығы, зертхана және алғашқы көмек көрсету сынды қызметтер көрсетіліп, күнделікті ем-шаралар жасалады. Медициналық мекемелерде дәрігер, аға медбике, зертхана мамандары мен фельдшер жұмыс істейді. Сонымен қатар, күндізгі стационарда ем алуға арнайы төсектер қойылып, қолайлы жағдай жасалынған. 

Панфилов ауданында өткен жылы 16 елді мекенде жаңа денсаулық сақтау нысандары салына бастаған болатын. Өткен жылдың соңында 4 ауылда медициналық мекеме пайдалануға берілсе, биыл жылдың алғашқы тоқсанында Алтыүй ауылында дәл осындай амбулаторияның лентасы қиылды. 

Наурыз мерекесіне орай жаңадан ашылған 4 ауылдағы амбулаторияның әрқайсысының аумағы 448 шаршы метрден. Оларға шамамен бірдей қаржы жұмсалған. Осы төрт ауылдағы медициналық мекеме ғимараттарын «Нұр-Шапағат-Құрылыс» ЖШС салған. 

Панфилов ауданындағы Сарыбел және Үшарал ауылдарында дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылдың екінші тоқсанына дейін қалған ауылдарда да жаңа медициналық нысандар ел игілігіне берілмек. Алдағы бірер жылда өңірдегі барлық елді мекендердегі медицина мекемелері толықтай жаңа ғимараттармен қамтамасыз етілмек.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ
Панфилов ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.