Талдықорған: +17°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

   Маман мінбері. «Варикозға отадан бұрын массаж жасаңыз»

07.10.2024
ДЕНСАУЛЫҚ
   Маман мінбері. "Варикозға отадан бұрын массаж жасаңыз"

Аяқтағы қан тамырлар кеңейіп, көп жүргенде,  ұзақ уақыт тік тұрғанда, көп отырғанда сыздап ауыра ма?  Сырқаттың диагнозын біле алмай жүрсеңіз, бұл –күретамырдың варикоздық кеңеюі. Сырқатты уақытында емдемесе зардабы ауыр. Бүгінде  көп адамда, әсіресе нәзік жанды қыз-келіншектерде аталмыш кесел жиі кездеседі.  Халық арасында «варикоз» деп аталатын  сырқаттың алдын қалай алуға болады, оның салдары қандай,  «ота жасату үшін қай маманға жолығу керек?» деген сұрақтар төңірегінде  Талдықорғандағы «Альсана медикал» медициналық орталығының қан тамыр хирург-дәрігері, халықаралық травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығының қан тамыр хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Жанғали Ембердиевке сауал ойған едік. Хирург сұрағымызға толыққанды жауап берді.  Диагнозыңыздың емделу жолын біліп алыңыз.

 

– Жанғали Меңлібайұлы, адам жанын арашалаудағы ауыр жүкті талмай  көтеріп келесіз.  Жауапкершілік пен білімділікті қажет ететін мамандыққа қалай келдіңіз?

–­­­ Бала кезімде анам жиі ауыратын. Анашыма қалай көмектессем деп жанұшыратынмын. Өзімше ем жасаған болатынмын. Бірақ, оның  септігі тие ме, тимей ме білмейтінмін.  Содан анаммен бірге қиналатынмын.  Анамның сырқаты дәрігер болсам,  аурудан азап шеккен адамдарға көмек көрсетсем деген ой тудырды.  Алдымен,  Шымкент қаласындағы Авиценна медициналық колледжінде фельдшер мамандығын алып шықтым. Одан кейін  Асфендияров атындағы ұлтық медицина университетінде жалпы хирургия мамандығын тәмәмдадым. Кейіннен  Асфендияров атындағы ұлттық университетте резидентурада оқып, жүрек қан тамыр хирургиясы және эндоваскулярлық хирургия, сонымен қатар балалар хирургиясы мамандығын меңгердім.  Тамыр кеселдерін терең меңгеру үшін 2022 жылы  Мәскеу қаласында МИУР университетінде флебология мамандығы бойынша курстан өттім. 2023 жылдан бастап Талдықорғандағы «Альсана медикал» медициналық орталығында қан тамыр хирург дәрігерімін. Биылдан бастап халықаралық травматология және ортопедия ғылыми зерттеу орталығында қан тамыр хирургия бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарып келемін.

– ­Бүгінде көп таралған күретамырдың  варикоздық кеңеюін емдеумен айналысатыныңызды білеміз. Қан тамыр ауруы неден пайда болады?  Алдын алу үшін қалай сақтану керек?

– Иә, бұл бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Варикоздық кеселге шалдығудың негізгі себебі — күретамырлардағы гидростатикалық қысымның артуы. Қарапайым сөзбен айтсақ, қақпақшалар өздеріне сай емес қысымды ұстап тұруға мәжбүр болады. Содан соң ерте ме, кеш пе қан тамыры оған шыдамайды. Өзгеріске ұшырап, қанды төменгі бағытқа өткізе бастайды. Варикоз кеселінің пайда болуының тағы бір себебі — дәрумендер мен микроэлементтер жетіспеуішілігі. Эндокринді  зат алмасудың бұзылуы. Соның себебінен күретамырлар қабырғалары мен қақпақшалардың тіндері әлсізденіп, созылғыш болып кетеді. Нәтижесінде, тамыр жоғары қысымды көтеру қабілетінен айырылады. Сондықтан қан аяқта тұрып қалады. Күретамырлар түйіндер түзілуімен созылады. Варикоздың пайда болуына басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Тұқым қуалаушылық та себеп. Ата анасында варикозы бар адамдарда  варикоз пайда болу мүмкіншілігі жоғары. Ауыр физикалық жүктеме,  жиі жүктілік, күн ұзақ бір орында отыратын,  ұзақ уақыт биік өкше аяқ киім киетін адамда варикоз пайда болады. Артық салмақ, қан циркуляциясының бұзылысы, яғни, қанның қоюлануы,  фастфуд пен полуфабрикаттар тұтыну да қан тамырын кеңейтеді Оларды тұтыну қанның қоюлануына, тромбтың түзілуіне әкеліп соғады.

– Күретамырлардың варикоздық кеңеюі кезінде ағзада қандай өзгеріс пайда болады?

– Қалыпты жағдайда күретамырды қоршап тұрған бұлшықеттер жиырылып, қанды жоғарыға «сығатындықтан» қан жоғарыға пассивті түрде ағады. Қанның жоғарыға жүруін жеңілдету үшін күретамырда қақпақшалар бар.  Олар қанды тек бір жаққа, яғни төменнен жоғарыға өткізеді. Қан қысыммен осы қақапақшалар арқылы өтеді. Содан соң қақпақшалар жабылып қалады да қанды төменге қарай жібермейді. Күретамырларға отыру, бір орында тұрудан гөрі жүру пайдалы. Жоғарыда айтқандай қан жоғары өтуі үшін күретамырды қоршап тұрған бұлшықеттер жиырылуы керек. Сондықтан варикоздық аурудың пайда болу қаупін азайту үшін ішкі органдарды көтеру керек. Эндокринологқа қаралып, дәнекер ұлпаларды қатайтқан жөн. Физикалық белсенділікті арттыру керек. Варикоз бар болса, ауыр көтеру немесе күшенуге әкелетін кез келген жаттығуларға тыйым салынады.   

 

– ­Күретамырдың варикоздық кеңеюінің салдары жайлы айтсаңыз. Емделмесе қандай жағдайға ұшыратады?

– Варикоз қауіпті кесел.  Несімен қауіпті дейсіз ғой? Әрине асқынған кезде зардабы көбейеді. Варикоз ауруы аяқтың  ісінуі, керіп ауыруымен ағзаны қинайды. Төртінші  сатыда аяқта, балтырда трофикалық венозды жазылмайтын жаралар пайда болады. Оның емі ­– операция. Ең қауіпті асқыну – варикозды кеңейген тамырда тромбтың түзілуі. Варикозды ауру кезінде тромбофлебит, жедел өрлеуші тромбофлебит деген сияқты асқынулар пайда болады. Ол кезде тромбтың көктамыр бойымен жоғары қарай өрлеп, өкпе немесе жүрек артерияларын бітеуі мүмкін. Одан науқастың аман қалуы екіталай. Аяқ пен кіші жамбас тамырларының түйнеліп кеңеюі  қанның тоқтап қалуына апарып соғады. Ал қанның жүрмей қалуы ішкі органдардың төмен түсіп кетуінің  салдарынан туындайды. Ол жамбас деңгейіндегі күретамырлардың қысылуына әкеліп соғады. Нәтижесінде, лимфа айналымы нашарлайды және күретамыр қанына түсетін қысым артады. Содан барып күретамырлар кеңейіп кетеді. Бұл кезде тек аяқтағы ғана емес, кіші жамбастағы көктамырлар да кеңейеді. Бүгінде варикоздың асқынулары өте көп. Оның алдын алу  үшін флеболог дәрігерге көрінген жөн

 

– ­Варикозға ота жасату қауіпті емес пе? Қан тамырларына зақым келмей ме?

 

– Қан тамыр аурулары, соның ішінде варикозды ауруларды емдеуде соңғы технология лазерлік емді қолданып, өзімнің авторлық әдісіммен емдеп келемін. Оның ерекшеліктеріне тоқталар болсам, ешқандай наркоз қолданбаймыз. Кесусіз, яғни ине  арқылы  жасалады. Операциядан кейін тыртық қалмайды. Ота жасаған  күні немесе ертесіне күнделікті тіршілігіне орала береді. Бүгінгі таңда варикозды аурулар мен асқынулары өте жиі кездеседі. Сырқатты асқынудан сақтау үшін аяқта ауырсыну, қышу, ісінулер байқалса дәрігерге қаралу керек. Диагноз ультрадыбыстық зерттеу арқылы  қойылады.

– Үй жағдайында варикоздың алдын алу, аяқтың қан айналымын жақсарту барысында қандай ем жасаған дұрыс?

– ­­ Варикоздың алдын алудың тиімді әдістерінің бірі – табанға массаж жасау. Мұндай массаж жүктілік кезінде тиімді және пайдалы. Себебі, әйелдің аяғы ауыр кезде тамырлар артық салмақ пен ісінудің салдарынан қосымша жүктемеге тап болады. Ал массаждан кейін аяқтардың қақсап ауыруы басылып, жеңілдік пайда болады. Варикозы бар сырқатқа айтар кеңесім, ұйқыға жатардан 30-40 минут бұрын аяқ ваннасын қабылдаңыз. Ол үшін жылы суға теңіз тұзын, сүйікті хош иісті май тамшыларын немесе шөп тұнбасын құйыңыз. Содан кейін аяқтарыңызды осы суға аз уақыт салып  отырыңыз. Табан массажын саусақтардың айналасын уқалаудан бастаңыз да ақырындап өкшеге қарай жылжыңыз. Қатты уқаламаңыз. Себебі, массаж кезінде ауырсыну болмауы керек. Аяқ саусақтарына ерекше мән беріңіз – ақырын сипалаудан бастап бірқалыпты бұрауға көшіңіз. Табанға шамамен 10-15 минут массаж жасау керек. Егер мұндай массажды күн сайын жасайтын болсаңыз, онда жақын уақытта аяқтарыңызда жеңілдік пайда болғанын, сондай-ақ ұйқысыздықтан арылып, өзіңізді жақсы сезіне бастағаныңызды байқайсыз.

 

 

Гүлжан Тұрсын

 

 

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.