Талдықорған: +32°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Өңірде өлім-жітім көрсеткіші төмендеп, жасанды интеллект енгізілді

08.05.2026
ДЕНСАУЛЫҚ
Өңірде өлім-жітім көрсеткіші төмендеп, жасанды интеллект енгізілді
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының медицина саласы жаңа сапалық деңгейге көтеріліп келеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен кезекті брифингте облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмагүл Кенжеғұлова өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту бағытында атқарылған ауқымды жұмыстарды баяндады. Кездесу барысында айтылған деректер облыстағы медициналық қызмет сапасының артып, халық денсаулығының жақсара бастағанын көрсетеді.

Денсаулық сақтау саласындағы реформалар мен инфрақұрылымдық жаңартулардың ең басты көрсеткіші – жалпы өлім-жітімнің азаюы. Алмагүл Кенжеғұлованың айтуынша, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша облыста жалпы өлім-жітім көрсеткіші 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13,3 пайызға төмендеген.

«Әсіресе, қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім деңгейі азайып, республикалық көрсеткіштен төмен түскен. Сонымен қатар тыныс алу және ас қорыту жолдарының аурулары бойынша да оң динамика байқалады. Біз үшін әрбір тұрғынның денсаулығы құнды. Статистиканың жақсаруы – тек сандар емес, дер кезінде көрсетілген көмек пен сапалы емнің нәтижесінде сақтап қалған адам өмірі», – деген спикер көрсеткіштердің маңыздылығына тоқталды.

Облыста медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, әсіресе шалғай елді мекендердегі ағайынға жағдай жасау басты назарда тұр. Бүгінгі таңда өңірде барлығы 355 денсаулық сақтау мекемесі жұмыс істеп жатыр. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 8 ауданда 59 жаңа медициналық нысан бой көтерді. Олардың ішінде 15 дәрігерлік амбулатория, 39 фельдшерлік-акушерлік пункт және 5 медициналық пункт бар.

«Ауыл тұрғындарының сапалы медициналық көмек алуы үшін инфрақұрылымды дамытуды жалғастырамыз. Мәселен, биыл Ақсу ауданының Қарашілік ауылында жаңа блокті-модульдік медициналық пункт салынады, ал Кальпе мен Лепсі ауылдарындағы нысандар күрделі жөндеуден өтеді», – деді Алмагүл Сахиқызы.

Талдықорған қаласының тұрғындары үшін де жағымды жаңалықтар аз емес. Қазіргі уақытта облыс орталығында бір ауысымда 500 адамды қабылдай алатын жаңа №3 емхананың құрылысы жүріп жатыр. Бұл қала тұрғындарының медициналық көмекке жүгінуін жеңілдетіп, кезек мәселесін шешуге септігін тигізеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ғимараттардың қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінуде. Кербұлақ және Ақсу аудандық ауруханаларының, сондай-ақ Талдықорғандағы облыстық балалар ауруханасының ғимараттарын сейсмикалық күшейту және реконструкциялау жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр.

2026 жыл елімізде цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту жылы ретінде айқындалды. Бұл үрдіс Жетісу медицинасына да серпін берді. Облыстық аурухана мен Панфилов, Сарқан аудандық ауруханаларында инсультті ерте анықтауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект негізіндегі КТ талдау жобасы енгізілді. Бұл технология дәрігерлерге диагнозды тез әрі дәл қоюға көмектеседі. Сонымен қатар медициналық қызмет көрсету кезінде азаматтарды сәйкестендіру үшін Face ID және SMS-хабарлама арқылы растау жүйелері қолданысқа енді. Бұл цифрлық шешімдер қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етеді, – деді басқармасы басшысының орынбасары.

Медицинаның сапасы тікелей маманға байланысты. Жыл басында облыста 144 дәрігер тапшы болса, бірінші тоқсанның соңында бұл көрсеткіш 120-ға дейін азайды. Алдағы уақытта жергілікті бюджет есебінен білім алған 43 резидент-маман жұмысқа орналасады деп күтілуде.

Ауруды емдегеннен көрі, оның алдын алған әлдеқайда тиімді. Осы мақсатта өңірде скринингтік тексерулер белсенді жүргізіледі. Мәселен, алғашқы үш айда 34 мыңнан астам адам қатерлі ісікті анықтау тексерісінен өтіп, 52 пациентте дерт ерте сатысында анықталды.

Брифинг соңында спикер жиынға қатысушылардың сұрағына жауап беріп, Жетісу облысында медициналық инфрақұрылымның дамуы мен жаңа технологиялардың енгізілуі халықтың денсаулығын нығайтуға бағытталған басым бағыт болып қала беретінін жеткізді.

Мәулен Әнербай

Қатысты жаңалықтар

Құрылтай туралы заң жобасы 1 шілдеден бастап күшіне енеді

Құрылтай туралы заң жобасы 1 шілдеден бастап күшіне енеді

08.05.2026
Стереотиптерді бұзу: дұрыс тамақтану және оның аурудың алдын алудағы рөлі

Стереотиптерді бұзу: дұрыс тамақтану және оның аурудың алдын алудағы рөлі

08.05.2026
Аңыз актер Асанәлі Әшімовтің туғанына 89 жыл

Аңыз актер Асанәлі Әшімовтің туғанына 89 жыл

08.05.2026
500 мың гектарға жуық ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

500 мың гектарға жуық ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

08.05.2026
8 мамырда Жетісу облысында ауа райы күрт өзгереді

8 мамырда Жетісу облысында ауа райы күрт өзгереді

08.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.