Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Онкологтар тегін кеңес берді

31 наурыз 2026
ДЕНСАУЛЫҚ
Онкологтар тегін кеңес берді

Суретті түсірген Қанат МАҚАНҰЛЫ

WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық көпсалалы клиникада онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтауға арналған Ашық есік күні өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Бұл күні өңірдің 50-ге жуық тұрғыны жолдама мен алдын ала жазылусыз-ақ онколог-дәрігерлердің тегін кеңесін алу мүмкіндігіне ие болды. Шараның негізгі мақсаты – мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, халықты алдын алу шаралары туралы ақпараттандыру және онкологиялық ауруларды ерте анықтау.

Мамандар жатыр мойны обыры, колоректалдық қатерлі ісік және бүйрек обыры секілді дерттердің диагностикасына ерекше назар аударды.

Клиника мамандарының айтуынша, мұндай акциялар халық денсаулығын сақтауда маңызды рөл атқарады.

– Онкологиялық аурулармен күресте ерте диагностика шешуші фактор болып қала береді. Дерт бастапқы кезеңде анықталса, емнің нәтижелі болуы айтарлықтай артады. Осындай Ашық есік күндері тұрғындардың дер кезінде дәрігерге қаралуына және білікті көмек алуына мүмкіндік береді, – деді облыстық көпсалалы клиника директорының орынбасары Дәуренбек Әріпжанов.

Облыс тұрғындары бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланып, көкейдегі сұрақтарын қойып, аурудың алдын алу жолдары туралы мәлімет алды.

– Алдын ала жазылмай-ақ келіп, кеңес алуға мүмкіндік жасағаны тұрғындар үшін өте маңызды. Көпшілік кезек күтіп жүргісі келмей, дәрігерге қаралуды кейінге қалдыра береді. Ал мұндай шаралар денсаулыққа дер кезінде көңіл бөлу керектігін еске салады, – деді қала тұрғыны Айман Дүйсебаева.

Ашық есік күні аясында мамандар онкологиялық аурулардың алғашқы белгілері, қауіп факторлары және тұрақты профилактикалық тексерулерден өтудің маңызы туралы да жан-жақты ақпарат берді. Ұйымдастырушылар атап өткендей, мұндай шаралар тұрғындардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етіп, ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде емнің тиімділігін арттырып, пациенттердің өмір сүру сапасын сақтауға жол ашады.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

26 қараша 2026
Жылқыларды жалыннан құтқарды

Жылқыларды жалыннан құтқарды

25 қараша 2026
Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

25 қараша 2026
Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

25 қараша 2026
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

25 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.