Панфилов көпсалалы ауданаралық ауруханасы ұжымының Мемлекет басшысына жолдаған бейнеүндеуіне байланысты Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, бейнеүндеуде көтерілген сыйақы төлеу тәртібі мен бас есепші және экономистің іс-әрекеттеріне қатысты жағдайды жан-жақты қарау мақсатында басқарма басшысының бұйрығымен арнайы комиссия құрылған.
— Аталған мәселе бойынша комиссия тексеріс жүргізіп жатыр. Қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде тиісті шешімдер қабылданатын болады, – делінген басқарманың хабарламасында.
Бұған дейін екі адамның өлімінен кейін емшара кабинеттеріне тексеріс басталғанын жазғанбыз.
Денсаулық сақтау министрлігі Жеке емшара кабинеттерінде көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды күшейтеді.