Талдықорған: +14°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

ПАПИЛЛОМА ВИРУСЫНА ҚАРСЫ 83 МЫҢНАН АСТАМ ҚЫЗ ВАКЦИНА АЛДЫ

04.12.2024
ДЕНСАУЛЫҚ
ПАПИЛЛОМА ВИРУСЫНА ҚАРСЫ 83 МЫҢНАН АСТАМ ҚЫЗ ВАКЦИНА АЛДЫ

Бүгінгі таңда Қазақстанда адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина 11-13 жас аралығындағы 83,7 мыңнан астам қызға егілді.


Инфекциялық және онкологиялық аурулар профилактикасының ұлттық бағдарламасының шеңберінде қазан айында қыздарды адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау бойынша ауқымды науқан басталды. АПВ — бұл жатыр мойны обырын қоса алғанда, бір қатар онкологиялық аурулардың дамуымен байланысты ең көп таралған вирустардың бірі.

Қазақстанда жатыр мойны обыры (ЖМО) барлық жастағы әйелдердің арасында сүт безі обырынан кейінгі екінші және фертилдік жастағы (25-44 жас) әйелдер өлімінің екінші себебі болып табылады.

Ұлттық канцер-тіркелімнің деректері бойынша Қазақстанда жыл сайын жатыр мойны обырының 2000-ға жуық жағдайы анықталады, 600-ден астам әйелдің өмірін сақтап қалу мүмкін емес. ҚазОРҒЗИ зерттеуінің нәтижелері бойынша жатыр мойны обырының 74,2% жағдайында биопсиялық материалда адам папилломасы вирусының (АПВ) 16 және 18 онкогендік түрлері анықталды.

Қазақстанда екпелер мектептердің медициналық кабинеттерінде ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Ата-аналардың өтініші бойынша вакцинациялау тіркелген жері бойынша емханаларда да жүргізілуі мүмкін.

Вакцинацияланғандардың арасында иммундаудан кейін қолайсыз көріністер тіркелген жоқ.

Жатыр мойнының обыралды зақымдануын төмендетуде вакцинацияның жоғары тиімділігі АҚШ, Аустралия, Канада, Дания, Ирландия, Швеция, Финляндия, Жаңа Зеландия, Шотландия және т. б. сияқты елдерде көрсетілді.

Сенімді ақпарат алу үшін ресми дереккөздерді пайдалануды ұсынамыз: egu.kz сайты және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санэпидбақылау комитетінің, Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының, КСЭК аумақтық бөлімшелерінің және денсаулық сақтау басқармаларының ресми парақтары.

Сондай-ақ, халықты иммундау мәселелері бойынша 7701 колл-орталығы жұмыс істейді, онда АПВ-ға қарсы вакцинациялауды қоса алғанда, Қазақстанда жүзеге асырылатын жоспарлы егулер бойынша сұрақтарға жауап алуға болады. АПВ-ға қарсы вакцинациялау — бұл тек жеке қорғаныс емес, сонымен қатар бүкіл қоғамның денсаулығына қосқан үлес болып табылады. Барынша көп адам егілсе, соғұрлым бұл вирустың айналымын шектеу тиімді болады.

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.