Талдықорған: +11°C
$ 510.59
€ 578.91
₽ 6.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Жетісу облысына келді

18.04.2025
ДЕНСАУЛЫҚ
ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Жетісу облысына келді

ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Жетісу облысына сапарын Текелі қаласынан бастады.

Сапар ресми ауанда басталғанымен, көп ұзамай шынайы диалог алаңына айналды. Қала тұрғындары министрге тікелей сауалын қойып, мазалап жүрген мәселелерін бүкпесіз жеткізді. Бірі анасы үшін алаңдаса, енді бірі баласының ем-домын уайымдайды. Бұл денсаулықтың жай ғана статистика емес, әрбір отбасының тағдыры екенін тағы бір дәлелдеді.

Қазіргі заманғы медицинаның басты құралы нақты диагностика. Текеліде бұл бағытта біраз олқылық бар екенін халық ашық айтты. Қалада МРТ (магниттік-резонанстық томография) мен УЗИ (ультрадыбыстық зерттеу) аппаратының жоқтығы күрделі ауруларды дер кезінде анықтауға кедергі келтіріп отырғанына шағымданды. Министр бұл мәселені назарға алып, жақын арада қажетті құрал-жабдықтар жеткізілетінін мәлімдеді.

Сапар барысында Тимур Сұлтанғазиев жергілікті БАҚ өкілдерімен де сұхбаттасты. Қоғамдық денсаулық сақтау, профилактикалық медицина және кадр тапшылығын шешу секілді кең ауқымды тақырыптарды қамтыды.

Одан кейін вице-министр тұрғындарды жеке қабылдады. Бұл көптен бері қала тұрғындарының шешілмеген мәселелерін жайып салуға берілген мүмкіндік еді. Біреудің сөзі – жанайқай, біреуінікі –үнсіз үміт. Алдағы уақытта барлық тұрғынға көңіл бөліп, нақты шешімдер шығаруға тырысты.

Тимур Сұлтанғазиев: «Осы жылы жаңа рентген аппараты беріледі. Ал келесі жылы эксперт класстағы ультрадыбыстық зерттеу құралы орнатылады», – деп медициналық сақтандыру

жүйесіне қатысты түсініспеушіліктерден бастап, амбулаториялық қызмет көрсету, дәрілік заттарға қолжетімділік сияқты күнделікті өмірге тікелей әсер ететін түйткілді мәселелерді де шешетінін айтты.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ
Фото: Дмитрий Ерофеев

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

21.05.2025
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

21.05.2025
Тариф көтереміз деп сотталып кетті: Жетісуда пара беру дерегі бойынша сот үкімі шықты

Тариф көтереміз деп сотталып кетті: Жетісуда пара беру дерегі бойынша сот үкімі шықты

21.05.2025
Жетісу облысына – 3 жыл: мәдениет саласының инфрақұрылымын жаңарту 40% жетті

Жетісу облысына – 3 жыл: мәдениет саласының инфрақұрылымын жаңарту 40% жетті

21.05.2025
«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алуда

«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алуда

21.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.