Талдықорған: +24°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

ЖАНАРЫМ — ЖАРЫҚ ДҮНИЕМ

02.12.2024
ДЕНСАУЛЫҚ
ЖАНАРЫМ - ЖАРЫҚ ДҮНИЕМ

Мың күндік қараңғыдан – бір күнгі жарық артық.  Жарық әлемге  сүйсіндіретін жанарыңның жарық болғанына не жетсін?!  Соңғы жылдары  көзәйнек киетіндер қатары өсті. Себеп, смартфонға көп қараудан туындауда. Компьютер мен телефон ақпарат алмасу үшін таптырмас құрал. Жұмысымызды жеңілдетіп, байланысымызды жақсартты. Бірақ заманауи технологиялардың адам ағзасына тигізетін зияны да көп.  Бұл – көз ауруларының көбеюіне әкеліп соғуда. Осы орайда  Талдықорғандағы  «Көксу-Мед»  клиникасының офтальмолог дәрігері Арлан Төлеуовке жолығып, көз ауруларының алдын алу,  емдеу жолдары жайлы сұрақ қойған едік.  Диагнозыңыз жайлы ақпарат ала отырыңыз.


 – Арлан Талғатұлы, көз адам ағзасындағы өте нәзік мүше. Жарық дүниеге тамсандыратын жанардың адам өмірінде алатын маңызы зор.  Жалпы  офтальмология  мамандығын қалай таңдадыңыз?
– Бұл мамандыққа қызығушылығым мектепте оқып жүргенде қалыптасты. Адам ағзасын, оның атқаратын қызметін оқыған кезден  бастап, қызығушылығым оянды. Оның құрылысы,  негізгі қызметі, маңызы туралы іздене бастадым. Оқыған, зерттеген сайын тұңғиығына тарта берді. Білгеннің үстіне біле бергім келді. Арнайы оқымасам сырларын меңгере алмайтынымды байқадым. Содан медициналық университетке түсіп, білімімді, ізденісімді жалғастырдым. Медицина университенінің қабырғасында көз сырқаттары циклы жүрегіме жақын болып көрінді. Жүрегіме жақын  істі таңдадым. Бүгінде оның патологиясын емдеумен айналысудамын. Көзге зақым келсе де ол көру үшін, өз қызметін тоқтатпау үшін күреседі. Көз жасаурай береді деп жатамыз ғой. Көз жасаурай бермейді,  сұйықтық тамыр арқылы келуін азайтқанда,  соны қалпына келтіремін деп  сұйықтықты артығымен жіберуге тырысады. Содан көз жасаурап, жанар сулана  береді.  Жанарды қинамас үшін жанары  жасаурай беретіндерге көзге тамызатын дәрілер беретініміз сондықтан.  Көз кішкентай болғанымен әлемі үлкен. 

– Бұрын жанардың нашарлауы егде жастағы адамдарға тән жағдай еді. Қазір балабақша,  мектеп жасындағы балаларда да  көрудің нашарлауы жиі кездеседі. Себебі не де?
– Ия, өте орынды сұрақ. Техника мен технология өмірімізді жақсартып, жұмысымызды жеңілдетті. Бірақ оның адам денсаулығына тигізетін зияны да көп. Айталық, қазір өмірімізді компьютер мен смартфонсыз елестете алмаймыз. Ал бұл көз ауруларының көбеюіне себеп болуда. Оған  цифрлық гаджеттерді шамадан тыс қолдану   әсер етуде.  Кәріміз де, жасымыз да жанарымызды экраннан алмаймыз. Содан көз құрғап, бұлдырап, ашып,  көру нашарлайды. Миопия  және басқа да көз ауруларының дамуын болдырмау үшін  монитор алдында уақытты шектеп, тұрақты үзіліс жасау керек. Көзден экранға дейінгі қашықтық шамамен 60 см. болуы керек. Компьютерде ұзақ уақыт жұмыс істегенде сағат сайын 10-15 минуттық үзіліс жасаған дұрыс. Көз жаттығуларын жасап, көзді жыпылықтатып, бірнеше секунд жұмып отырған жөн. Сондай-ақ, компьютерде жұмыс істегенде бөлме жарық болуы тиіс.   

– Көз ауруларынан қалай сақтануға болады? 
– Балаларды ата-аналардың қадағалауы қажет. Ал егде жастағы адамдарға 6 айда бір рет профилактикалық тескерістерден өту керек. Көздің жақсы көруі үшін тамақтың құрамында А дәрумені болғаны жөн. Ол ағзаның түрлі инфекцияға қарсы тұру қабілетін жоғарылатады. Сонымен қатар, көздің сау болуы үшін С, В12 дәрумендерінің де маңызы зор. Олар қан тамырларының жұмысын жақсартып,  орталық жүйке жүйені қоректендіреді. Миопия диагнозы үңіліп   жұмыс істеумен  (оқу, жазу, сызу) байланысты. Осындай жұмыста  жарық жақсы түсу керек. Әйтпесе көзді қанмен жабдықтау қиынға соғады. Көзді қинамау үшін біраз жұмыс істеген соң 5-6 секунд  жыпылықтатып тұру керек. Аздаған үзілістен соң жаттығуды қайталаған жөн.  Көзді жұмып, 3-5 секундтан кейін қайта ашады. Жатығуды 6-8 рет қайталай беріңіз. Орында түрегеліп тұрып орындалатын жаттығулар да пайдалы.  Қолыңызды алдыңызға созып, сұқ саусағыңызға қараңыз. Саусағыңыз екеу болып көрінгенше көзді алмастан өзіңізге қарай баяу жақындата беріңіз. Жаттығуды 6-8 рет жасаңыз. Таза ауада серуендеген де көзге пайдалы. 

– Бүгінгі таңда көз ауруларының қандай түрі көп таралған? Себебіне тоқталсаңыз.
– Клиникаға көмекке жүгінгендердің статистикасын қарайтын болсақ,  балалар арасында  – миопия, гиперметропия, астигматизм секілді сырқаттар жиі кездеседі. Олардың себебі – цифрлық гаджеттерді шамадан тыс қолданғандықтан. Күн-түн экранға  шүйлігу жанарды жасытады. Қарашықты кептіріп, шаршатады. Кей жағдайда  көздің қан қысымын көтеріп жіберуі мүмкін. Ал егде жастағы адамдарың ағзасының физиологиялық қартаюына, көру қабілетінің нашарлауына әкеліп соғады. Мысалы, көз бұршағының бұлыңғырлануы салдарынан жанар жарық дүниені анық көре алмайды.  Бұл сырқат «катаракта» деп аталады. Сырқатта қарсы көрсетілімдер болмаса ота жасау арқылы көру қабілетін қалыпқа келтіреміз. Мысалы, астигмат, глаукома, басыр, бленнорея, катаракта, коньюктивит,  лейкома деген сырқат көп. 

– Арлан Талғатұлы,  жанардың нашарлауын қалай емдейсіздер? Отаның қандай түрлері жасалады?
– Алдымен көру қызметінің төмендеу себебін анықтаймыз. Бұл үшін  толық диагностикалық зерттеу жүргіземіз. Егер көрудің рефракциялық ауытқуы болса  қасан қабыққа хирургиялық -лазерлік ота жасаймыз. Ал егер көз бұршағының бұлыңғырлануы анықталса хирургиялық ультрадыбыстық жолмен емдейміз. Әр сырқаттың емі әртүрлі. Алдымен науқастың жалпы ағзасының жұмысы қадағаланады. Денсаулығында кемшілік болса, қалыпқа келгенін күтеміз. Отаның түрлеріне қарай, дайындық әзірлейміз. Ота жасалғаннан кейін толық жазылғанша  қадағалаймыз.

– Сіз қызмет ететін «Көксу-Мед» клиникасы ақылы екенін білеміз. Қоғамның әлеуметтік көмекті қажет ететін мүшелеріне  тегін қызмет көрсетесіздер ме?
– Клиникада тексерілу үшін алдын ала кезекке жазылады. Содан кейін дәрігер қабылдауына кіреді. Ақылы емделушілерге қызмет көрсету бағасы тариф бойынша жүзеге асырылады. Ары қарай ем тағайындалады.  Емханадан тегін емдеу жайлы жолдама берілсе ақысыз қызмет көрсетіледі.  Емдеу адамның жас ерекшелігі, диагнозына байланысты жүргізіледі.  Негізінде сырқат басталған кезде емді ертерек бастаған дұрыс. Асқынып кеткен соң емнің қонуы да қиынға соғады. Сондықтан жанарыңыз алаңдата бастағанда дәрігерге келгеніңіз жөн.

– Көзге қатысты барлық диагнозды  емдейсіздер ме?  Созылмалы сырқаты барлар тексерілуді қай маманнан бастауы керек?
– Біздің клиника кең спектрлі, сапалы медициналық көмек көрсетеді.  Тәу­ліктік және күндізгі стационар жүйе­­сі бойынша жұмыс істейміз. Көздің созыл­малы сырқаты бар науқастарға  жан-жақты  көмек көрсетеміз. Нақтаманы дұрыс қою, емді дұрыс тағайындау – сырқаттан айықтырудың негізгі жолы. Сондықтан  әр сырқаттың жағдайын  мұқият қарап, құлан-таза айығуына септігімізді тигіземіз. Бүгінде қала тұрғындарының бізге сенімі артқан.  Келушілер саны күн санап көбейіп келеді. Қазіргі таңда технологиялардың дамуына байланысты  барлық диагностикалық және ота жасуға арналған заманауи құрылғылар орнатылған. Тек уақытында тексерілсеңіз, емдеуге мол мүмкіндік бар.
– Сұхбатыңызға рахмет!
– Әңгімелескен

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Қазақы қалжың

Қазақы қалжың

14.05.2025
2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

13.05.2025
Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

13.05.2025
Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

13.05.2025
«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

13.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.