Талдықорған: +23°C
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДІН МЕН ДӘСТҮР

Дін – қазақ салт-дәстүрінің қайнар көзі

15.05.2024
ДІН МЕН ДӘСТҮР
Дін – қазақ салт-дәстүрінің қайнар көзі

Дәстүрлі ислам діні – күллі мұсылман баласын  ізгі  имандылыққа, береке-бірлікке, адал адамгершілікке шақыратын рухани ілім. Қазақ  салт-дәстүрінің қайнар көзі  саналатын осы бір құндылықтың қашанда орны ерекше. Тіпті, ұлтымыз жадында сақталған әрбір ырым-тиым, әдеп-ғұрыптардың өзі  осы қасиетті діннен бастау алатыны ақиқат.

Алайда, бүгінгі күнде ислам дінін бетперде етіп, оған күйе жағушылардың кесірінен дінге деген көзқарас қақ жарылды. Сол үшін дінге жаңадан келуші әр адамның ақ пен қараның ара жігін ажыратып, тура жолды таңдауы бәрінен маңызды. Осыған байланысты «Сыр дидары» газетіның бас редакторы Сәкен Алдашбаев сұхбат беріп, жұрт көкейінде жүрген біраз сауалдарға тоқталған еді.  

Құрметті Сәкен мырза, жат ағым өкілдері қандай дін бағытын ұстанады? Олардың көздегені не?

–  Негізі жат ағым өкілдері деген – діндегі сәләфизм, яғни, «Уахабизм» бағытын ұстанушылар. Бұл елімізде дәстүрлі емес діни ағымдар санатында. Нақтырақ айтқанда, олар күллі адамзат өркениетінің өзегі болған ислам дінінің  атын жамылған теріс пиғылды топтар. Уахабизмді насихаттаушылар көбінде дінге енді ғана бет бұра бастаған жастарға, тұрмысында қиыншылығы бар адамдарға тиісті қаражат беріп өз қатарларына тартуды көздейді. Әрі қарай солардың қолымен от көсеп, білгенін жасайды. Олардың алдап-арбауына бұрын діннен көп хабары жоқ азаматтар оңай ілігеді.  

Өкінішке қарай, біздің көптеген азаматтарымыз адасып барып діндегі сол бағытты ұстанушардың жетегінде жүр. «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң» деген. Қазір  елімізде сондай адасушылардың алдын алып, оларды тура жолға бағыттау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сәләфизм өкілдерінің  басты мақсаты – ислам дінінің   кіршіксіз адалдығын  пайдаланып, өздерінің жат пиғылын жүзеге  асыру. Бүгінде  әлемдегі небір атыс-шабыс, қан төгістер мен  сұмдық-сойқандар тек жат ағым өкілдерінің қолымен жасалып жатқаны көпке аян. Соның салдарынан өзге халықтар әрбір мұсылман баласына күдік күмәнмен қарайтын болды. Басқасын айтпағанда, бұған дер кезінде шектеу қойылмаса ел ертеңіне үлкен қауіп төнетіні шындық.

Енді өзіңіз ізденіс жасап жүрген дін және салт-дәстүр төңірегінде  кеңірек тоқталып өтсеңіз?  Бәрін Аллаға серік қосу санайтын жат ағым өкілдері ежелден ата-бабалар ұстанып келген қазақ салт-дәстүрі туралы қандай көзқараста?

Жалпы діннің салт-дәстүрдегі негізі – табиғатқа және шариғатқа екі жағдайда бейімделеді. Табиғаттан, шариғаттан алынған нәрселер салтқа, салттан, ырымға,  ырымнан тиымға өтеді. Осылайша бірден бірге ауысып отырады.  Ал жат ағым өкілдері салт-дәстүрді дінге негіздей отырып, барлық наным-сенімдермен ырым-тиымдарды Аллаға серік қосу деп санайды. Біз осы мәселенің ара жігін ажыратып, бөліп бермейінше жат ағым мүшелерімен ешқашан күресе алмаймыз.

Мәселен, қазақта келінге май иіскету деген бір ырым бар. Бұл қазақта бұрыннан келе жатқан ұстаным. Оған жат ағым өкілдері: «Сендер келіннің амандығын Аллаға тапсырмай маймен отқа тапсырасыңдар» деп, шүйлігеді. Бірақ, ол бәрібір қолға май мен от алғанымен жаратушы жалғыз Алладан ғана тіленетін тілек. Май иіскетудің тағы бір ғылыми тұрғыда дәлелдемесі бар. Қазақ май иіскетуді екі жағдайда қолданады.

Бірі, жаңа түскен келін алғаш табалдырықтан аттағанда, енді бірі босанатын әйелдің толғағы ауыр болған жағдайда. Себебі, жас келін жат босағаны алғаш аттарда өзіне қадала қарап тұрған қалың көзден қысылудан, толғағы ауыр әйел қатты қиналыстан естен танып кетуі мүмін. Мұндай кезде қазақ алдын-ала ерітілген қойдың құйрық майын отқа тамызып искетеді. Бұл адамды сергітіп, есін тез жиғызуға көмектеседі. Бұдан діни астар іздеудің еш керегі жоқ.

Ал қазақта келін босағаны оң аяқпен аттауы тиіс деген салт бар. Ол шариғатқа байланысты екенін біреу білсе, біреу біле бермейді. Шынын айтқанда, қазақтың әр салты-дәстүрі Құран Кәрім, хадистерге негізделген. Үнемі жақсылықты, ізгілікті дәріптейді.

Мысалы, Құран хадистерінің бірінде мешітке, мектепке, үйге оң аяқпен кіру керек деп, анық айтылған. Ал, дәретханаға сол аяқпен кіріп, оң аяқпен шығуды дәріптейді. Сондықтан  үйге оң аяқпен аттаудың түп төркіні хадисте жатыр. Сол үшін жастарға осындай діннің салт-дәстүрдегі негізін жан-жақты түсіндірмесе жат ағымның арбауында кетуі бек мүмкін.  

–  Ел Тәуелсіздіздік алғаннан бері халықымыз жаппай дінге бет бұруда бұл шындық. Ал, жастар жат ағымдардың жетегінде кетуден қалай сақтануға болады?

–  Жат ағым жарға жығатыны анық. Бұған қарсы қазір Қазақстан діни басқармасы жағынан мешіт имамдары мен тарихшылардан, ғалымдармен бақа да саланың білікті мамандарынан жасақталған ақпараттық топтар жұмыс жасауда. Олар мектептерде, жоғарғы оқу орындарында үнемі жастармен түрлі кездесулер өткізіп, үгіт-насихат жүргізу арқылы жат ағымнан сақтанудың тиімді жолдарын ұсынуда. Мұндай игі шаралар соңы бір, екі жылдан бері жиі ұйымдастылуда. Бұл әрине, құптарлық іс.

Өйткені жыл сайын жат ағымның арбауында жүрген көптеген азаматтар өзінің бағытын айқындап,  дәстүрлі дін жолына қайта оралуда. Әрі ненің дұрыс, ненің бұрыс екеніне анық көз жеткізе бастады. Міне,  бұл еліміздің әр аймағында ұйымдастырылған дәл осындай шаралардың  нәтижесі. Сондықтан, дінге жаппай бет бұрып  келе жатқан халқымызға дәстүрлі дінді кеңінен дәріптеп, оның салт-дәстүрмен сабақтастығын атап көрсетіп,  жат ағымнан барынша сақтану қажет. Сонымен қатар сол білікті де білімді дін мамандары арқылы азаматтардың діни сауаттылығын арттыру керек.                  

–  Әңгімеңізге рахмет!   

                                               Сұхбаттасқан: Айдын КӘЛІМХАН

Фото: mugalzhar.kz   

                      

Қатысты жаңалықтар

Уанас батыр

Уанас батыр

22.06.2025
Жайсаң жан еді

Жайсаң жан еді

22.06.2025
Әлия апа

Әлия апа

22.06.2025
«Жарығың сөнбесін» дейді жаны нәзік электрик

«Жарығың сөнбесін» дейді жаны нәзік электрик

22.06.2025
Дәуір уыты: есірткіге еліткендер азаяр емес

Дәуір уыты: есірткіге еліткендер азаяр емес

22.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.