Талдықорған қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Діни оқу-ағарту бөлімінің ұйымдастыруымен дін қызметкерлеріне арналған оқу семинары басталды.
Жоспарлы шараның алғашқы сабағын Жетісу облысының бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы жүргізіп, қатысушыларға тағылымды дәріс оқыды.
Бір аптаға созылатын бұл семинар аясында имамдар мен дін мамандары фиқһ, ақида, Құран, қабылданған ресми құжаттар және басқа да діни бағыттар бойынша білімдерін жетілдіреді. Оқу соңында қатысушылардың білім деңгейі арнайы қорытынды емтихан арқылы бағаланады.
Айта кетейік, бұл бастама ҚМДБ тарапынан дін мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру, ел аумағындағы діни үдерістерге бірізділік енгізу және халыққа сапалы діни қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып отыр.