2025 жылғы көктемгі егіс жұмыстары Қазақстанда толық аяқталды. Бұл маусым диқандар үшін ерекше жағдайда өтті – қаржыландырудың жаңа тәсілдері, ерте дайындық, және ауыл шаруашылығын әртараптандыру бағытында нақты қадамдар жасалды.
Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаржыландыру тетіктерін қайта қарап, 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап жеңілдетілген несиелерді қолжетімді етті. Бұған дейін мұндай несиелер тек наурызда берілетін. Бұл жаңа тәртіп шаруаларға қажетті ресурстарды алдын ала сатып алуға мүмкіндік берді.
Мемлекеттік қолдау шаралары мен жергілікті атқарушы органдардың үйлесімді жұмысы нәтижесінде, егіс жұмыстары агротехникалық мерзімдерге сай жүргізілді. Бұл жұмыс көлемін уақытылы орындап, стратегиялық маңызы бар дақылдардың егісін арттыруға және техника базасын жаңартуға жағдай жасады.
Әртараптандыру мен тиімділік
2025 жылғы көктемгі егіс науқаны жаңа тәсілдермен ерекшеленді. Негізгі назар ауыл шаруашылығын әртараптандыру мен монодақылдарға тәуелділікті азайтуға аударылды. 23,7 млн гектар жер толық игерілді.
Майлы дақылдар – 3,4 млн га (өткен жылмен салыстырғанда +0,5 млн га) Мал азығы дақылдары – 3,3 млн га (+114 мың га) Дәндік жүгері – 167,5 мың га Көкөніс-бақша – 222,3 мың га Картоп – 83,4 мың га (+11,3 мың га)
Керісінше, бидай, күріш және мақта сияқты ресурсты көп қажет ететін дақылдардың көлемі азайды: бидай – 13 млн га (-187 мың га).
Тұқыммен қамтамасыз ету
2,3 млн тонна тұқым дайындалды. 246 ұйым тұқым өндірісімен айналысады: 28-і – түпнұсқа, 82-сі – элиталық, 136-сы – І-ІІІ репродукциялы. Импорттық тұқымды таратуға 129 ұйым рұқсат алды.
Мемлекет тұқым құнының 50-70%-ын субсидиялайды. Бұл тұқым сапасын арттыруға әсер етті.
Астықты өңірлердің үлесі
Ақмола облысы: 5,5 млн га, өткен жылмен салыстырғанда +63 мың га. 37 мың техника жұмылдырылды. 770 шаруашылық 100 млрд теңге несие алды. 76 мың тонна дизель отыны бөлінді.
Қостанай облысы: 5 млн га+, майлы дақылдар – 755 мың га, картоп – 7 мың га, қарақұмық – 21 мың га. 42 млрд теңгеден астам несие берілді. 385 техника сатып алынды.
Солтүстік Қазақстан облысы: 4,4 млн га, дәнді дақылдар – 3,3 млн га, майлы – 760 мың га (+85,8 мың га). Мал азығы – 392 мың га, картоп – 8 мың га, көкөніс – 1,3 мың га.
Материалдық-техникалық ресурстар
470 мың тонна тұқым, оның ішінде 52,6 мың тонна – элиталық. Сорт жаңарту деңгейі – 11,2%. Тыңайтқыш – 317,1 мың тонна.
12,3 мың трактор (4 мың жоғары өнімді), 13,7 мың тұқым сепкіш, 1,5 мың заманауи егіс кешені тартылды. 52,2 мың тонна дизель (254 тг/л, нарықта – 311 тг/л).
92,6 млрд теңге жеңілдетілген қаржы берілді. 442 техника сатып алынды. 7,4 млрд теңге форвардтық сатып алуға бөлінді.
Қаржыландыру тәсілдерін қайта қарау
2023 жылы 140 млрд теңгемен 3 615 өндіруші қамтылды. Бірақ қаржы жетіспеушілігі сапаға әсер етті. Осыған байланысты 2024 жылдан бастап жүйелі реформалар енгізілді.
Жаңа механизммен 700 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 250 млрд техника лизингіне. Қаржыландыру «Аграрлық несие корпорациясы», банктер, микроқаржы ұйымдары және ӘКК арқылы жүзеге асырылады.
7407 өтінімнің 6988-і мақұлданып, 7,3 млн га жер қамтылды. 1134 кепілдік берілді (195,9 млрд тг).
Техниканы жаңарту
Жеңілдетілген лизинг – жылдық 5%. 2024 жылы 4 320 техника бірлігі сатып алынды. Техника паркі: 139 мың трактор, 31 мың комбайн, 5,6 мың егіс кешені. 2025 жылы жаңарту деңгейі – 6,5%.
2028 жылға дейін жаңарту деңгейі – 9%. Қаржыландыру көлемі 450 млрд тг-ге жетеді.
Жанар-жағармаймен қамтамасыз ету
401 мың тонна дизель отыны бөлінді. Бағасы – 254 тг/л (нарықта – 301-307 тг/л). 368,8 мың тоннаның 339 мыңы төленіп, 308 мыңы жөнелтілді.
2025 жылғы көктемгі егіс науқаны – Қазақстан агросекторының жаңа даму кезеңі. Ерте қаржыландыру, техникалық және материалдық қолдау агротехникалық мерзімдерге сай жоғары сапалы егін егуге мүмкіндік берді. Әртараптандыру мен заманауи техниканы қолдану азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашты.
«Жетісу-Ақпарат»