Талдықорған: +16°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

40 ЖЫЛДАН БЕРІ ЖӨНДЕУ КӨРМЕГЕН АУЛАЛАРДЫ АБАТТАНДЫРУ БАСТАЛДЫ

23.06.2020
ЭКОНОМИКА
40 ЖЫЛДАН БЕРІ ЖӨНДЕУ КӨРМЕГЕН АУЛАЛАРДЫ АБАТТАНДЫРУ БАСТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Соңғы уақытта Талғар қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыруға аудан әкімі Жолан Омаровтың айрықша назар аударып отырғанына тұрғындар дән риза. Себебі, қырық жылдан соң сең қозғалып, қолға алынған абаттандыру жұмыстары биыл жазда қарқын ала бастаған.

Биыл Талғар ауданы бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында іске асырылатын жалпы құны 6 млрд.теңгені құрайтын 46 инфрақұрылымдық жоба анықталған. Осы жобалар іске асқан жағдайда 1601 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда, оның ішінде аудандық жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша аталған ауданның 801 адамын жұмыспен қамту көзделген.

Бүгінге барлық 46 жоба бойынша конкурстар жарияланып, оның ішінде 31-інің қорытындысы (жоспарға сәйкес 4 млрд.271 млн.теңге немесе жалпы бөлінген қаржыдан 66,8 пайыз) шыққан.

Аталған 31 жоба бойынша 1071 жаңа жұмыс орнын (оның 540 жұмыспен қамту орталығы арқылы) ашу жоспарланған. Бүгінгі таңда 14 жоба бойынша 243 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде, 124 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы орналасқандар.

Қазіргі кезде ауданда 10 жоба бойынша жұмыс қыза түскен. Атар болсақ, Талғар қаласындағы облыстық санаториялық үлгідегі мектеп-интернат пен Төңкеріс ауылындағы №23 орта мектепке, аудандық Мәдениет үйінің жылу жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары басталған. Сонымен бірге, Талғар қаласындағы №49, №9 орта мектептердің, Т.Рысқұлов атындағы №16, Бесағаш, Қызылту, Алмалық, Кеңдала ауылындағы орта мектептердің ішкі дәретханаларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Осылардың қатарында көппәтерлі тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру жұмыстары да қолға алынған.

— Талғар қаласы бойынша 164 көппәтерлі тұрғын үй орналасқан. Осы көппәтерлі тұрғын үй аулаларында 1980 жылдан бері абаттандыру жұмыстары жүргізілмеген. Осыған орай, 2 кезеңнен тұратын «Талғар қаласының көппәтерлі тұрғын үй алаңдарын абаттандыру» жобасы әзірленіп, жобаны жүзеге асыруға 471,7 млн.теңге бөлінді. Жоба бойынша Талғар қаласының Бокин, Абай, Шаяхметов, Нұртазин, Қонаев және Мәлкеев көшелерінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлердегі 14 аулаға абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Оны мердігер компания «Девятка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз жауапкершілігіне алып, келісім-шартқа сәйкес құрылыс жұмыстарын осы жылдың 21 қыркүйегіне аяқтауға уәде беруде. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 59 адам жұмыспен қамтылды, – дейді аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Асқар Шамаев. – Ал жобаның 3-нші кезеңін жүзеге асыруға 395,0 млн.теңге бөлінді. Жоба бойынша Лермонтов, Қарасай батыр, Ахметова, Менделеев, Светлов және Абай көшесіндегі 72 мекенжай бойынша орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлердегі 7 аулаға абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл жұмыстарға жұмыспен қамту орталығы арқылы 49 адам еңбекпен қамтылмақ.

Аулаларды абаттандыру мақсатында жүзеге асатын осы жобалар бойынша жалпы алғанда 21 аулаға балалар ойын алаңдарын, шағын сәулет нысандарын, аулаларды жарықтандыру, кіреберіс жолдарды абаттандыру және жасыл екпелерді отырғызу жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде, 30 жыл бойы жөндеу көрмеген аулалар адам танымастай түрленіп, Талғар қаласына көрік беріп, ажарын аша түспек.

— Қаламызда бұрын-соңды мұндай жұмыстар қолға алынбаған еді. Аудан әкімі Жолан Ыбырайақынұлы келгелі өлі тыныштыққа жан бітіп, аула жұмыстарының жандануы жанымызды жадыратуда. Бұл іске тұрғындар дән риза. Әсіресе, балаларымыздың қуанышында шек жоқ, – дейді «Тұрғын» пәтер иелері кооперативінің басшысы Вячеслав Павлов.

Ұлбосын ИСАБЕК

Талғар ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қауіп қайдан демеңіз, қауіп – қалта телефонда

Қауіп қайдан демеңіз, қауіп – қалта телефонда

27.04.2026
«Жетісу» жартылай финалда

«Жетісу» жартылай финалда

26.04.2026
Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

26.04.2026
Сән мен болмыс

Сән мен болмыс

26.04.2026
Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

26.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.