Талдықорған: +13°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

АГОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

03.12.2024
ЭКОНОМИКА
АГОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ өңірдің үздік ауылшаруашылығы қызметкерлерін марапаттау рәсімін өткізді. Бірқатар еңбек адамына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік наградалар табыстады.


Биыл Астана қаласында тұңғыш рет Ауылшаруашылығы қызметкерлерінің I форумы ұйымдастырылған. Еліміздің әр өңірінен келген адал еңбеккерлерді  Мемлекет басшысы арнайы марапаттады. Бұл тізімде жетісулық шаруалар да бой көрсетті.

–  Экономиканың өсуі ауыл шаруашылығының дамуына тікелей байланысты. Біздің өңірдің табиғи-климаттық жағдайының қолайлылығы осы маңызды саланың дамуына зор ықпал етуде. Жетісу облысының ең үлкен жетістігі – өнімдердің өзімізде өңделетіндігінде. Биыл негізгі ауылшаруашылығы дақылдарынан жоғары өнім жиналды. Облыста алғаш рет 640 мың тонна қант қызылшасын жинаймыз деген жоспарымыз да жүзеге асты. Жалпы 510,1 мың гектар егіс алқабынан 2,1 млн. тонна ауылшаруашылығы дақылдары жиналады деп күтілуде. Ауылшаруашылығы саласының жетістікке жетуіне тікелей сіздер атсалысып келесіздер. Сол үшін сіздерге алғыс білдіремін. Шаруалар ісінің дамуы үшін біз өз тарапымыздан барынша мемлекеттік қолдау білдіруді жалғастырамыз, – деді облыс басшысы Бейбіт Өксікбайұлы. 

 Адал еңбекпен ел дамуына үлес қосқан адал азаматтарды облыс басшысы марапаттап, алғыс білдірді. Ауылшаруашылығы қызметкерлерінің I форумында Панфилов ауданында тамшылатып суару технологиясын жан-жақты меңгерген «Әйгерім» шаруа қожалығының басшысы Ұлан Сарпеков Президенттің қолынан «Құрмет» орденін алды.

Талдықорған қаласындағы «Самай» шаруа қожалығының басшысы Еркімбек Слямов 30 жылға жуық уақыт шаруашылық жұмысын нәтижелі жүргізіп келеді. Егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысқан қожалық бүгінде қант қызылшасы, жүгері, соя, бидай, арпа, сондай-ақ ірі қара мен жылқы өсірумен айналысуда. Шаруашылықта 50-ге жуық ауылшаруашылығы техникасы бар. Жемісті еңбек етіп жүрген қожалық иесі «Парасат» орденін иеленді. 

Ал Ақсу ауданынан «Дәулет-Б» шаруа қожалығының басшысы Дәулет Биәділов пен Алакөл ауданынан «Асыл тұяқ» ЖШС құрылтайшысы, бас директоры Думан Нағашбекұлы «Құрмет» орденімен марапатталды.

Ауылшаруашылық саласында 22 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан Дәулет Көшербайұлы қызылша өсірумен айналысады. Биыл  Ақсу қант зауытына қызылша өткізетін аудандағы ірі шаруашылықтың бірі болған «Дәулет-Б» шаруа қожалығының басшысы қайырымдылық шараларын тұрақты жүргізіп тұрады. Ал «Асыл тұяқ» ЖШС асыл тұқымды ірі қара мен қой өсіріп, малдың жаңа тұқымдарын шығарады. Сөйтіп экспорттық әлеуетін арттырып, етті мал шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосып жүр. «Асыл тұяқ» ЖШС құрылтайшысы, бас директоры Думан Нағашбекұлы облыс әкіміне болашақта облыс аумағында ет комбинаты ашылса деген ұсынысын жеткізді.

Өңірдің ауылшаруашылығын дамытуға қосқан үлесі ескеріліп, Кербұлақ ауданындағы «Нұрқадам» ШҚ жүргізушісі әрі механизаторы Нұрбол Сайдақұлов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Тынымсыз әрі жауапты еңбекті ауырсынбай атқарып келе жатқан

«Самай» ШҚ басшысы Еркімбек Слямов сөз алып, шаруаларды марапатымен құттықтап, облыс басшылығына ризашылығын білдірді.

–  Ауылшаруашылық саласы ілгерілесе, басқа саланың да тұралап қалмайтыны рас. Қала шетіндегі жеріміз тасты жер болғандықтан, жоғары өнімділікке қол жеткізу өте қиын. Бірақ біз қолды бір сілтеп, бұл істі тастап кеткен жоқпыз. Мамандармен кеңесіп, заманауи техникаларды пайдаландық. Қажырлы еңбектің нәтижесінде, мемлекет қолдауының арқасында биыл 550-600 центнерден өнім алдық.  Заманауи техниканың пайдасы зор. Мол өнім алу үшін біз жаңа технологияны игере отырып, жаңа техникамен, бар күш-жігерімізді сарп етіп жұмыс істедік. Біз үшін еңбектің ақталғаны қашан да маңызды, – дейді шаруа қожалық басшысы. 

10 айдың қорытындысы бойынша облыста ауылшаруашылығы өнімінің көлемі 362 млрд. теңгеден асты.  Жыл қорытындысы бойынша көрсеткішті 102,5%-ға жетеді деп жоспарлануда.  

Еңлік КЕНЕБАЙ

Суретті түсірген Жеңіс ЫСҚАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.