Талдықорған: +21°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

АҚПАРАТТЫҚ БАЗА ҚАНША ДАМЫСА ДА, ХАЛЫҚ САНАҒЫ МАҢЫЗЫН ЖОЙМАЙДЫ

15.10.2021
ЭКОНОМИКА
АҚПАРАТТЫҚ БАЗА ҚАНША ДАМЫСА ДА, ХАЛЫҚ САНАҒЫ МАҢЫЗЫН ЖОЙМАЙДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда басталған халық санағындағы атқарылып жатқан жұмыстармен жіті танысу үшін ТМД мемлекетаралық статистикалық комитетінің төрағасы Владимир Соколин елге келген еді. Арнайы өкілдің сапары Алматы облысында жалғасты. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі мәлімдеді.

Есік қаласындағы аудандық Мәдениет үйінде өткен жиынға Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов, ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департамент басшысы Азат Хамитов қатысты. Мамандар шетелдік мейманға Жетісу өңірінде жүріп жатқан маңызды шара туралы жан-жақты баяндады.

Биылғы халық санағы еліміз тәуелсіздік алғалы бері үшінші рет өтіп жатыр. Бұл жолғы сайлау «Қазақстанда әркім маңызды!» деген ұранмен ұйымдастырылды. Бұл санақтың бұрынғылардан ерекшелігі екі тәсілмен, яғни онлайн және офлайн түрінде қамтылған.

– Халық санағын бастау үшін 1-30 маусым аралығында тыңғылықты дайындық жұмыстары жүргізілді. Облыс бойынша аталған шараға 145 арнайы уәкіл, 60 инструктор-бақылаушы және 588 тіркеуші жұмылдырылды. Олар 701573 нысанды аралады. Қазіргі таңда халық санағы ойдағыдай өтуде. 12 қазандағы көрсеткіш бойынша 752592 адам онлайн түрде, ал 361150 азамат дәстүрлі тәсілмен санақтан өтті. Яғни, халықтың 52,3 пайызы қамтылды. Облыста халық санағына ынталы қатысып жатқан Балқаш және Көксу аудандары, – деді ұлттық статистика бюросының облыстық департаменті басшысының орынбасары Динара Молдағұлова.

Халық санағы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында насихат үздіксіз жүріп жатыр. Әкімдік ғимаратында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, Мәдениет үйлерінде, «Қазпошта» филиалдарында азаматтардың онлайн тәсілмен санақтан өтуі үшін 312 орын қарастырылған.

Өз кезегінде ТМД мемлекетаралық статистикалық комитетінің төрағасы Владимир Соколин қазіргі қоғамда ақпараттық базаның соншалықты дамып жатқанына қарамастан халық санағының маңызы ерекше екенін айтты.

– Біріккен ұлттар ұйымы әлемде әр он жыл сайын халық санағын жүргізеді. Бұл өте маңызды шара. Ақпараттық технологиялар қарыштап алға қарай жылжып жатса да, халық санағы арқылы алынатын мәліметтердің жөні бөлек. Биыл сіздер санақты жүргізу үшін алғаш рет цифрлық тәсілді қолдандыңыздар. Тың тәжірибенің ТМД елдеріне зор қызығушылық тудыратыны анық, – деді Владимир Соколин.

Санақ жұмыстарының жан-жақты сараланғаны бұл істі атқарып жүрген адамдар үшін де зор тәлім болды.

Болат МӘЖИТ

Еңбекшіқазақ ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 300 шақырымнан астам суару каналы жөнделуде

Жетісуда 300 шақырымнан астам суару каналы жөнделуде

04.05.2026
Дәрігер даярлаудың жаңа жүйесі: ДСМ реформаның мәнін түсіндірді

Дәрігер даярлаудың жаңа жүйесі: ДСМ реформаның мәнін түсіндірді

04.05.2026
Мобильді аударымдар: Мамыр айынан бастап кімдерге ескерту келеді?

Мобильді аударымдар: Мамыр айынан бастап кімдерге ескерту келеді?

04.05.2026
Елімізде науқастарға мүгедектік рәсімдеу жеңілдейді

Елімізде науқастарға мүгедектік рәсімдеу жеңілдейді

04.05.2026
Валюта нарығында айтарлықтай өзгеріс байқалмайды

Валюта нарығында айтарлықтай өзгеріс байқалмайды

04.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.