Талдықорған: +29°C
$ 465.01
€ 543.55
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ҚАПШАҒАЙ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

18.10.2021
ЭКОНОМИКА
ҚАПШАҒАЙ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жыл озған сайын елдің әл-ауқаты артып, халықтың жағдайы жақсарып келеді. Оған түрлі озық үлгідегі бағдарламалар мен сан алуан жаңартылған технологиялардың әр салаға енгізіліп, өмір сүру әлеуетінің ілгерілей бастағаны дәлел. Ел басшысы өзінің республика халқына арнаған әр Жолдауында ел игілігі үшін еңбек етіп, сол жолда жұмыстардың атқарылуын талап етуде. Сол істердің ауқымын кеңейтіп, қарқынын арттыру мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарлама қабылданып, біртіндеп жүзеге асырылып жатыр.

Осыған байланысты Қапшағай өңірінде әр тараптанған жұмыстар жүргізіліп келеді. Мәселен, соңғы жылдары «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы негізінде бірқатар жоба қолға алынып, тозығы жеткен әлеуметтік нысандар жөндеуден өтті. Жаңа үйлер бой көтеріп, жұмыс орындары ашылды. Бұрын-соңды жасалмаған жолдар жөнделіп, тұрғын үйлердің аулалары ретке келтірілді. Көптеген спорт орындары салынып, нәтижесінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарды. Дәл осы бағдарламамен Заречный ауылдық округінде «NurTemirGasStoy» ЖШС демеушілігімен 5,437 млн. теңгеге футбол алаңы салынып, айналасы абаттандырылды. Түнгі уақытта да спортпен шұғылдану үшін жарықдиодты шамдар орнатылып, қолданысқа берілді. 
Ауыл көшелеріне жарық шамдар қойылып, бірнеше жолдар жөндеуден өтті. Заречный және Арна ауылдары орталықтандырылған жылу және газ жүйелеріне қосылып, бүгінде соның рахатын көріп отырған тұрғындар өз алғыстарын білдіруде. Арна ауылының Мәдениет үйіне 25 млн. теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеуден өтіп, көгілдір отынға қосылды. Бұл аумақта жастардың салауатты өмір салтымен айналысуына жағдай жасау үшін үш зал, спорттың сан түріне арналған екі алаң бар. Соның арқасында спортқа бетбұрыс жасаған жастар қатары көбейген. Аталған бағдарлама бойынша Шеңгелді округінде мемлекеттік бюджеттен 7 млн. 952 мың теңге бөлініп, «ASSAPA QURYLYS» ЖШС мердігер компанияның көмегімен футбол алаңының құрылысы аяқталды. Округтің 14 көшесіне орташа жөндеу ісін, воркаут алаңын жасау көзделген.
Ал «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасымен бірқатар істер атқарылды. Мәселен, қаланың өнеркәсіп орындары жалпы 73100,0 млн. теңгенің өнімін өндірсе, биыл ол көлемді 89000,0 млн. теңгеге жеткізу жоспарланған. Бүгінгі таңда 54 өндіріс ошағы жұмыс істесе, оның 14 ірі және орта кәсіпорын. Өндіріс орындарының кеңеюіне байланысты жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті халық жұмыспен қамтылуда. Сонымен бірге «Бизнес бастау», «Жас кәсіпкер» жобасы аясында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында осы жылдың 2 тоқсанынан бастап, онлайн режимде 95 адам оқуға жолданып, 86-сы аяқтады. 
Аталмыш мемлекеттік жоба шеңберінің бірінші бағыты бойынша 26,3 млн. теңгеге 45 грант берілді. Оның ішінде «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» іс-шарасымен жас кәсіпкерлерге жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін берілген 12 грант толық игерілген. Жобаның екінші бағытымен 152,6 млн. теңге сомасына 29 жоба мақұлданды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жалпы       10 жобаға өтінім келіп, оның 8-і мақұлданған. Осы жобалар бойынша «Қапшағай Бидай Өнімдері» рапс майын өндіруге, «Төреқұлов А.Т» шаруа қожалығы ет бағытындағы жылқылар сатып алуға, «АГРОФУД» ЖШС жем қоспаларын өндіруге, «ЮНИПАК ШЫМКЕНТ» пластикалық контейнерлер шығаруға, «ГринЛэндАлатау» және «ЛСТ АГРО» ЖШС жылыжай кешендерін ұлғайтуға жобалар құрылып, рұқсат берілген. 
ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша атқарылған жұмыстар жетерлік. Жалпы, халық денсаулығына, оның өмір сүру ұзақтығын арттыруға сала мамандары да көмек қолдарын созып, барлық жағдай жасап жатыр. Мысалы, балалар, қарт адамдар, осал топтағы азаматтарға медициналық көмекке қолжетімділікті арттыруда. Бұдан басқа, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшу жұмыстары жүйелі жүргізіліп, тұрғындарды медициналық көмек, дәрі-дәрмекпен қамту істері атқарылуда. Жергілікті аурухана қажетті жабдықтармен толықты. Жергілікті халықтың саулығын көтеру үшін 2025 жылға қарай оңалту жолдарын қарастыру ішінде тиісті құралдар мен жаттығу залы бар жеке корпус ашу жоспарланған. Сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және артықшылықтарын кеңейту есебінен жедел көмек беру түрлерін ұлғайтуға басты назар аударылған.
Осыған орай, Алматы мен Алматы облысының жетекші мамандарымен тығыз байланыс орнатылып, тәжірибелік істер жолға қойылды. Аурухана қызметкерлері үздіксіз оқуға жіберіліп, білім мен біліктілікті арттыру жұмыстары жүргізілуде. Соңғы уақытта жайылған індет кезіне де емхана керекті дәрілік заттармен, түрлі аппаратпен қамтылды. Елде озық технологияларды меңгеріп, заманауи жүйе сауаттылығын жоғарылатуға көңіл бөлініп келеді. Бұл мақсатты орындауда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы негізінде салаларда алуан жобалар енгізілуде. 
Қапшағай қалалық ауруханасы қазіргі күні қағазбастылықтан алшақтап, компьютерлік жеңілдетілген жүйемен тұрғындарды есепке алу, медициналық суреттерді цифрлы форматпен жүргізу, сәулелі, томографиялық сараптау құралдарының күшімен аурулар дер кезінде анықталып, оның асқынуының алдын алуға мүмкіндіктер берілуде. Бұл бағыттың көкжиегін кеңейтуде қала мен Шеңгелді округінде ашылған «Сервистік әкімдік» орталықтандырылған жүйесінің оңтайлылығын тұрғындар сезінуде. Әсіресе, шалғай ауыл азаматтарына ыңғайлы болғаны анық. Олар кез келген өтініштерін мәселелеріне қарай «Е-өтініш» жүйесімен элктронды түрде жолдап, қажетті жауапты ешқайда бармай-ақ алады.
Көпшілігіне ыңғайлы форматпен Қапшағай қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына «Е-лицензиялау» жүйесімен 50-ден аса өтініш түсіп, оның 45-нің құжаттарының толық болмауы салдарынан иелеріне қайтарылған. «Е-өтініш» бойынша 58 арыз қабылданып, тексеру нәтижесінде 32 291 190 теңге болатын 137 әкімшілік іс жүргізу жұмысы анықталған. Оның біреуі «Сот бөлмесі» жүйесімен электронды құқық органдарына жіберілген. Оңтайлы жүйенің арқасында сервистік орталықтар арқылы өңір жұртшылығына 11 мың 889 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, соның 11 мыңынан астамы жеке тұлғаларға, 600-ге жуығы заңды тұлғаларға көрсетілген. Мемлекеттік корпорациясымен 2844, электронды түрде 8596 қызмет көрсетілген.
Жалпы аймақта 34 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Қаланың өзінде 6 мемлекеттік бөлім мамандары әкімдік ғимаратындағы орталықта 57 қызмет түрі бойынша келушілерге көмек береді.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА
Қапшағай қаласы

Қатысты жаңалықтар

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

06.05.2026
Көктемгі дала жұмыстары қарқын алды

Көктемгі дала жұмыстары қарқын алды

06.05.2026
Ардагерлер жарыс жолында

Ардагерлер жарыс жолында

06.05.2026
Мол өнім кепілі

Мол өнім кепілі

06.05.2026
Қазақстанда аграрларға жаңа талап қойылмақ

Қазақстанда аграрларға жаңа талап қойылмақ

06.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.