Талдықорған: +17°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА АЛМАТЫНЫ АЙНАЛАТЫН ЖОЛҒА ҚАТЫСТЫ ДАУ ШЫҚТЫ

09.08.2021
ЭКОНОМИКА
ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА АЛМАТЫНЫ АЙНАЛАТЫН ЖОЛҒА ҚАТЫСТЫ ДАУ ШЫҚТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысындағы Байтөбе ауылының тұрғындары айналма жолды жауып, құрылысқа жауаптыларға талаптарын жеткізді. Елдімекенге кіріп-шығудан қалған жұрт құрылыс техникасының кесірінен шаң жұтып отырғандарын айтады. Бұл туралы толығырақ zakon.kz сайты мен «Еуразия» бірінші арнасына шықты.

«Үлкен Алматы» айналма жолына Байтөбе ауылының тұрғындары тайлы-тұяғы қалмай жиналды. Олар техниканың қызметін тоқтатып, жауаптылардың келуін талап етті. Галина Қожанова есімді Байтөбе ауылының тұрғыны: «БАКАД болады, ойбай, ондай болады, бұндай болады деп сатқанда бізге мақтап-мақтап, өтіріктерді айтып сатты. Бүйтіп жол бермейді екен, неге сатады бізге? Неге әкімдер «добро» береді? Неге ГосАКТ береді, неге саттырады жерді? Саттырмасын!» — деді.

Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы әлі аяқталмаған. Алайда тұрғындар толығымен біткеннен кейін жан-жағына биік қоршаулар тұрғызылып, қалаға қатынауымыз қиындай түсе ме деп қорқуда. Сонымен қатар, қазірдің өзінде ары-бері қатынаған техниканың әсерінен таза ауамен емес, шаңмен демаламыз дейді.

Қырмызы Мұсаева есімді осы ауылдың тұрғыны: «Мына шаңның бәрін жұтып жатырмыз. Экология жоқ қазір. Мынандай вируста адамдар одан сайын ауырып жатыр ғой. Соның бәрін ойлау керек қой. Біздің әкімшілігіміз ешнәрсе ойлап жатқан жоқ шындығын айтқанда. Айтсақ, біздің ісіміз жоқ, анау-мынау деп айтады», — деп өз пікірін білдірді.

Бұл мәселені тұрғындар 2019 жылдан бері көтеріп келеді. Ауылға кіріп-шығатын жол жасап беріңдер дегенге ешкім құлақ аспаған. Даулы мәселені бейбіт түрде шешіп, халыққа түсіндіру үшін ауыл әкімі мен Қарасай аудандық әкімдігі өкілдері көпшілік жиналған жерге арнайы келді. Олар көптің күйттеген мәселесін қарастырып жатқанын алға тартты.

Қарасай аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айбар Жақанбаев: «Тұрғындардың сұрауы бойынша бұл жақта КХ, ЛПХ дачный массивтері бар. Соларға аудан тарапынан уақытша жол жасау қарастырып отырмыз. Келешекте аталмыш массивтің генпланы жасалады», — деді.

Ал мердігер компания өкілі мұнда көліктер сағатына 150 шақырым жылдамдықпен жүретін магистраль болатындықтан, ауылдан кіріп-шығатын жолдың болмайтынын кесіп айтты. Қарапайым халыққа қосымша жолдар арқылы кіріп-шығу жағын қарастырамыз дегенді айтты. Ал жаяу жүргіншілерге арналған өткел жоспарда бар деп құтылды.

Екатерина Жирова есімді мердігер компанияның өкілі: «Бұл жерде жаяу жүргіншілерге арналған жер үсті өткелі қарастырылған. Ол мектептің жанында болады. Кемертоғанның шығыс бөлігінде орналасады. Ал ауылға Үлкен Алматы айналма жолы арқылы өтуге болмайды. Қазір біз қосалқы жолдарды осы жерге әкелуді қарастырып жатырмыз», — деді.

Ал, байтөбеліктер Кемертоғандағы мектепке дейін үш шақырым жер екенін алға тартуда. Балаларымызды апарып-әкелу қиынға соғады дейді ауыл тұрғындары. Бірақ атқамінерлер әзірге бас жоспардың жасалып жатқанын алға тартып, халықтың мәселесін оңынан шешуге тырысамыз деп қана отыр.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

03.05.2026
Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.