Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Қаражат қалай үнемделеді?

28 қаңтар 2025
ЭКОНОМИКА
Қаражат қалай үнемделеді?
WhatsAppTelegramFacebook

Өздеріңіз білетіндей, бүгінде тауарлардың бағасы өсіп, теңгенің құнсыздануы жалғасуда. Сонымен бірге инфляция өршіп тұр.

 Ал мұндай жағдайда не істеу керек, қолда бар қаражатты қалай тиімді етіп пайдалануға, үнемдеуге болады? Осыған байланысты белгілі экономист, банкир Алмас Чукиннің кеңесіне құлақ түріп көрейік. Экономистің айтуынша, қазіргі жағдайда жылжымайтын мүлікке инвестиция салуға болмайды. Өйткені, ол өзін-өзі ақтай бермейді. Мәселен, сізде екі пәтер бар, бірақ артық қаражат жоқ. Сондықтан, портфолиоңызды теңестіріп, олардың біреуін сатқан дұрыс деп санайды.

Сөйтіп, одан түскен қаражатты депозитке салып, пайдасын көруге болады. Яғни, мұндай әдіс өз тиімділігін көрсетеді. Себебі, қазіргі уақытта депозиттен түсетін кіріс жылжымайтын мүлікке қарағанда әлдеқайда жоғары. Сондай-ақ, несиеге қымбат заттарды сатып алмауға, оған тек өзіңізге өте қажет нәрселерді ғана алуға кеңес берілді. Егер ескі көлігіңіз болса, ол ерте ме, кеш пе, бұзылады. Ал оны жөндеуге көп ақша керек. Дәл осы сәтте жаңа көлік сатып алу туралы ойланған абзал.

Жаңа автокөлік кепілдікке ие әрі біраз уақыт алаңсыз жүруге мүмкіндік туғызады. Бірақ, пайдаланылған қымбат автокөлікті несиеге алудың еш пайдасы жоқ. Себебі, ол да бұзылады және оны қалпына келтіруге тағы шығындалуға тура келеді. Бар табысқа үміттеніп, мол ақша жұмсаудың да қажеті шамалы. Үнемделген қаражаттың табыстан гөрі құнды болатыны рас.

Ақша табу кезінде салықтар мен басқа да міндетті шығындарды ескеру маңызды. Сол себепті шы­ғын құрылымын қайта қа­рас­тырған дұрыс. Бұл кіріс­ті көбейтуге тырысқаннан әлдеқайда тиімді. Сондықтан, қаражатты ­барынша үнемдеп, шы­ғын­ды азайтуды, тіпті бол­дырмауды ойлаған жан ұта­ды. Қор нарығынан хабар­сыз болсаңыз, жөн-жосы­ғын білмесеңіз, акцияларға инвестиция салудың қажеті жоқ. Әсіресе, өз бетіңізше оларды шетелдік компаниялардан сатып алудан сақ болған дұрыс.

Қазақстанда инвестициялар нарығы шектеулі. Олар депозиттер, жылжымайтын мүлік және бірнеше жергілікті акциялар. Бұл көп адамға қолжетімді. Ірі америкалық компаниялардың акциялары сияқты экзотикалық инвестициялар қарапайым инвесторлар үшін қауіпті әрі түсініксіз болуы мүмкін.

Ал шетелдік активтерге инвестиция салғыңыз келсе, ең жақсы нұсқа ETF (Exchange Traded Funds) деп білген жөн. Егер сіз америкалық нарықтың өсуіне сенсеңіз, ETF са­тып алып, оларды 20 жыл­ға қалдырыңыз. Кірісі, әри­не, керемет емес, бірақ ол тұрақты. Экономист, сон­­дай-ақ, қарапайым қазақстандыққа сатып алу шығынын қалай азайтуға болатынын түсіндірді.

Алмас Чукиннің сөзін­ше, Қазақ-стандағы адамдар қажет, қажет емес тауарларды сатып алуға үйренген. Бұл – мәселе. Сондықтан, кездейсоқ сатып алудан аулақ болып, дүкенге ба­рар алдында нақты не кер­ек екенін жазып алған дұ­рыс деп есептейді. Ақша үнемдеу осыдан басталады. Бұл қағиданы бұлжытпай орындаған кез келген қазақстандықтың бір айда тапқан табысының 10-20 пайызы  қалтасында қалады. Тағы бір кеңес – онлайн сатып алудың пайдасы зор. Себебі, интернеттегі баға базар, дүкендерге қарағанда, әлдеқайда төмен.

Айгүл Байжұмақызы
Фото: kazbusiness.kz 

Қатысты жаңалықтар

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Бүгін, 16:56
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Бүгін, 14:47
Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Бүгін, 13:49
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

Бүгін, 12:45
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Бүгін, 12:43

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.