Талдықорған: +30°C
$ 518.34
€ 607.91
₽ 6.66
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ҚАРЫЗДАН БІЛІМ ҒАНА ҚҰТҚАРАДЫ

01.12.2024
ЭКОНОМИКА

Қай саланы меңгеру үшін де ең бірінші білім қажет. Білімсіз бастаған істің нәтижесін көрем деудің өзі артық. Сондықтан да білім алуға, оқуға қашан да кеш емес. Қазір барлық мүмкіндік бар. Қолыңыздағы алақандай ғана құрылғыны дұрыстап қолдана алсаңыз оның да іші толған білім. 


Әсіресе, қазір қаржылық сауаттылық жайлы білімді көп алған жөн. Бұған себеп те жоқ емес. Мәселен, статистикаға көз жүгіртер болсақ, Қазақстан халқының басым бөлігінде айтарлықтай ақша жинағы жоқ. Көпшілік өз бюджетін жоспарламайды. Себебі, бюджетті жоспарлау керектігін білмейді. «Халықтың қаржылық сауаттылығы төмен деңгейде» деген сарапшы мамандар дабыл қағып, жаппай халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға ықпал етуде. Елде жалақы тым жоғары дей алмаймыз. Күнделікті қымбатшылық та қалтаға салмақ түсіреді. Десек те аз да болса табыстың берекелі болуы тікелей ақша жұмсайтын адамға байланысты екенін де ескергеніміз жөн. 

Қазақстанның 8,4 миллион тұрғынында несие бар. Бұл тым жоғары көрсеткіш. Халық арасында «несиені несиемен жауып отырмыз» деген сөздің шығуы да тегін емес. Тіпті, қазір азық-түлікті де несиеге алып отырғандар да бар. Сондықтан да Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі бұл мәселеге араласты. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: ««Қарызсыз қоғам» жобасының игілігін барша халық көруі керек» деген еді. Міне, араға көп уақыт салмай-ақ халық аталған жобаның игілігін көргендіктен, бастама жалпыхалықтық бағдарламаға айналды.

Еліміздің түпкір-түпкірінде аталған жоба бойынша көпшілік сабақ алып, өздерінің қалаған арман-мақсаттарына қол жеткізген. Бір өкініштісі, сабаққа қатысқандардың көбінде басында бір емес бірнеше несиесі бар. 

«Amanat» партиясы қолға алған «Қарызсыз қоғам» жобасының нәтижесінде халық қаржылық сауатын арттырды. Бұл жобадан жетісулықтар да құралақан қалған емес.  Облыс бойынша «Қарызсыз қоғам» жобасының жетекшісі Замзагүл Сламбекова бүгінгі таңда қаржылық сауаттылық ауадай қажет екенін алға тартады. Оның айтуынша, әрбір адам бюджетін жоспарлап, өз кірісі мен шығысы туралы нақты ақпарат білуге міндетті. Облыс бойынша 6 мың 500 адамды оқыту жоспарланған. Алайда ақпан мен қараша айлары аралығында 7 мың 297 адам оқу курсынан өткен. Оның 75 пайызын нәзік жандар құраған. Бұл сабаққа қызығушылық танытқандардың ішінде 36 мен 49 жас аралығындағы азамат көп. Демек, қаржы бойынша білім алушылар саны күн сайын артып келеді. Бұл қуанышты жаңалық. 

– «Қарызсыз қоғам» жобасы халықтың қаржылық сауаттылығын арттырып қана қоймай, қаржылық және құқықтық көмек көрсету, қарыздар мен микронесиелер бойынша мәселелерін реттеуге жәрдемдесуге бағытталған. Оқыту бағдарламасы аясында қаржылық эксперттер, жоба қатысушыларына қаржылық отбасылық бюджетті басқаруды, қаржыны жоспарлауды, заңгерлік сүйемелдеу жолдарын, бизнес-жоспар жазуды, шағын және орта бизнеске мемлекеттен көрсетілетін көмектер бойынша білім берді. Біз кірістер мен шығыстардың тұрақты есебін жүргізбейтін, отбасылық және жеке бюджетті жоспарламайтын, қаржылық жоспарлары, жинақ қорлары жоқ, депозиттердің мүмкіндіктерін білмейтін несиелердің негізгі қарызын, пайызын, үстеме сомасын ажырата алмайтын, шығындары табыстарынан көп адамдармен жұмыс жүргіздік. Жоғарыда айтылған мәселелерінің барлығы адамдардың қаржылық сауаттылық деңгейінің төмен екендігін көрсетеді. «Қарызсыз қоғам» жобасы осы мәселелерді шешу барысында өз тиімділігін көрсетті. Алдағы уақытта жоба жалғасын тауып, көптеген адамға пайдасын тигізеді деген ойдамын. «Қарызсыз қоғамға» Қазақстанның Екінші деңгейдегі банктері «Қазақстан Халық Банкі», «Forte Bank», «Home Credit Bank», «First Heartland Jusan Bank», «RBK Bank», «Банк Фридом Финанс Қазақстан», «Еуразиялық Банк», «Altyn Bank», «Нұрбанк» демеушілік көрсетуде. Жобаның 5 күндік курсын оқу үшін «Amanat» партиясының жергілікті филиалына хабарласып, тіркелуге болады. Біз қаржылық қиындыққа тап болған жандарға барынша қолдау көрсете отырып, жан-жақты білім береміз,  – дейді «Қарызсыз қоғам» жобасының жетекшісі Замзагүл Сламбекова.

Арайлым МОЛДАХМЕТОВА,
«Arailym studio» сән салонының иесі:
– «Қарызсыз қоғам» жобасын анамнан естіп, білдім. Бірден оқуға, білім алуға бет бұрдым. Аз уақыт ішінде кішкентай бөлмеден  сұлулық салонын ашып, депозитке ақша жинадым. Нәтижесінде өзімнің жеке сұлулық салоным мен пәтеріме қол жеткіздім. Бұл мен үшін үлкен жетістік. Білім алмай тұрып, тапқан табыстың кіріс, шығысын қадағаламаппын. Инфляция мен банктік пайыздық мөлшерлемені ескере отырып, жинақтарды есептеу дегенді мүлде білмеппін. Осы бойынша толық білім алған соң табысты үнемдеу керек екенін түсіндім. 
Бұрындары «жалақым аз, пәтер, көлік алуға жетпейді» деген түсінікпен ақшаны сауатты игере алмаған екенмін. Саналы адамдар әрқашан қаржылық сауаттылықты мүмкіндігінше тез үйренеді. Қазір менде артық ақша жоқ. Себебі, әр тиын өз мақсатына жұмсалады. Қаржылық сауаттылықтың арқасында табыс тауып, мақсатқа тезірек жетуге болатынын ерекше атап өткім келеді. Жалпы, мектепте, колледжде я болмаса жоғары оқу орындарында қаржылық сауаттылық міндетті пән ретінде оқытылса деген ұсынысым бар. Себебі ақшаны басқаруды бала күннен үйрету керек. Сонда бей-берекет несие алу, қарызға белшеден бату сынды оқиғалар саны азаяр еді. Замандастарыма, оқып, білім алып, болашақты бүгіннен ойлап қана қоймай әрекет етіңіздер деп айтқым келеді.

«Қарызсыз қоғам» жобасына қатысушылар арасында несиені қандай себеппен алғаны туралы сауалнама жүргізілген. Нәтижесінде көпбалалы отбасылар балаларын киіндіру үшін несиеге жүгінгені анықталған. Бұл көрсеткіш әсіресе білім күні жақындаған сәтте тым шарықтап кеткен. Сонымен қатар, қыс мезгілі таяған тұста көмір алуға несие алғандар да тізімге енген. Ең қызығы біз үнемі тілге тиек ететін несие алып той жасау «дәстүрі» де бұл қатарды толықтырып үлгерген. Несие тарихын айтудың өзі тым ауыр. Күнделікті тұтынатын азық-түлікті несиеге алу елдегі жағдайдың шынайы көрінісінен хабар беріп тұрғаны анық. Өкінішті-ақ. 

Жалпы, бұл оқуда қаржы сарапшылары заңгерлердің көмегіне жүгінуге кепілдік береді. Олар, әр қарыз алушының несиелік тарихын жеке зерттеп, қарыз жүктемесін жеңілдету бойынша кеңес береді. Білім алушылар кірісті арттыру мүмкіндігіне қызығушылық танытып, жаңа жоспар құруға ынталанады. Оларға сарапшылар гранттық қаржыландыруға және жеңілдетілген несиелеуге арналған бизнес-жоспарларды жазуға, нарықты, бәсекелестерді зерттеуге, бірегей сауда ұсынысын жасауға көмектесіп, өнімнің өзіндік құнын және шығынсыздық нүктесін есептеуге үйретеді. Қаржы институттарына және гранттық конкурстарға қатысуға бағыт-бағдар беріледі. Міне, қаржылық сауаттылық оқуында тек кіріс я шығыс ақшаны есептеп қана қоймай, болашаққа нақты жоспар жасаудың алғышарттарын үйренуге мол мүмкіндік қарастырылған. Дәл осы жоба Сізге қызық болса, оқыңыз, білім алыңыз, болашағыңызды бүгіннен жоспарлаңыз. Ақша сізді емес сіз ақшаны басқаруды үйреніңіз, ойлы оқырман. 

P.S. Бүгін жастардың 85 пайызы техника-смартфондарды несиеге алуға құмартқан. Расымен де әрқайсының қолына қарасаңыз брэнд телефондардан көз сүрінеді. Дұрыс. Ұстасын. Заман ағымынан қалмасын. Бірақ, көпшілік сол құрылғыны тиімді пайдаланып, одан табыс тауып отыр деп айта алмаймыз. Есесіне тапсырыстарды жеткізу жұмысымен айналысып, табыс табу үшін самокат-мопед алған жастардың несиені мақсатты жұмсағаны көрініп тұр. Бір өкініштісі, өз білімін жетілдіруге, оқып-тоқуға деген ниетті жастардың тек 5 пайызы ғана несие алуға жүгінген. Көбіне мақсатсыз қарыз алып, оны төлеуге қиналып, соңында қарызға белшеден батып кететіндер де бұл тізімде жоқ емес. Жалынды жастардың оқуға, білім алуға құмартпай жеңіл жолмен несиеге шырмауықша байланып жатқандары алаңдатпай қоймайды. 

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жүргізуші куәлігін қалай тез және оңай алуға болады?

Жүргізуші куәлігін қалай тез және оңай алуға болады?

11.07.2025
«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

11.07.2025
Елімізде тағы бір құжатты онлайн алуға болады

Елімізде тағы бір құжатты онлайн алуға болады

11.07.2025
Қазақстан сыртқы қарыз көлемі бойынша тарихи рекордқа жетті

Қазақстан сыртқы қарыз көлемі бойынша тарихи рекордқа жетті

11.07.2025
Ет, сүт, жұмыртқа: Қай салада өндіріс артып келеді?

Ет, сүт, жұмыртқа: Қай салада өндіріс артып келеді?

11.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.