Талдықорған: +15°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

АҚША ҮНЕМДЕЙ БІЛЕСІЗ БЕ? ТАРЫҚПАЙ ӨМІР СҮРУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

28.08.2021
ЭКОНОМИКА
АҚША ҮНЕМДЕЙ БІЛЕСІЗ БЕ? ТАРЫҚПАЙ ӨМІР СҮРУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
WhatsAppTelegramFacebook

Әлде қолыңызға түскен қаржыны лезде жұмсап, келесі айлықты асыға күтетіндердің қатарынансыз ба? Біле білсеңіз, ақшасын оңды-солды жұмсамай, жинай білу  тарығып жүретін  жандардың әдеті емес. Әлемдегі дәулеті келіскен атақты миллионерлердің өздері үнемдеу мәдениетін жіті меңгергендер. Жақсы жұмысқа тұрып немесе лауазымың көтерілгенде өзіңе көлік сатып аламын болмаса саяхаттаймын деп қуанасыз. Алайда ақша бәрібір жетпейтінін біліп, салымыз суға кетеді. Ойға алған жоспарларың түгіл күнкөрісіңе қаражат тапшы болып қалады. Неге бұлай деп ойланып көрдіңіз бе? Бұл сауалдарға «Жетісу» газетінің тілшісі жауап іздеп көрді.

ЕСЕП БЕРУ

Әлеуметтік желі болсын, қаржылық білімді жетілдіруге бағытталған кітаптар болсын қай-қайсысында да қаржыны басқару бойынша кеңестер көп. Тіпті, біреу өзінің ақша ұстау әдісімен бөлісіп, соның тиімділігіне сендіруі мүмкін. Десек те, оның тәсілі сізге қолайсыз болатын шығар. Сондықтан біреудің кеңестеріне жүгінбес бұрын ақпараттарды жинап, жүйелеңіз, өзіңіздің мүмкіндіктеріңіз бен мақсаттарыңызды болжаңыз. Бұл қандай кеңестер деген сұрақ төңірегінде ойлансаңыз, қандай әдіс-тәсілдерді қолданып көруге болатынын, қайсысына мүлдем уақыт жойып керек емес екеніне көз жеткізесіз.

Қаржы саласы мамандары алдымен «Маған неге үнемдеу керек?» деген сауалға жауап іздеп көруге кеңес береді. Біріншіден, егер сіздің айқын мақсатыңыз болса, керексіз шығындардан бас тарту оңай. Екіншіден, үнемдеуден де кейде бас тартып, болашақта кірісті көбейту үшін қазір көбірек шығындану немесе көп шығыннан құтылу секілді мақсаттардың бірін таңдауға көмектеседі. Осы орайда Арайлым Ақылбекова өзінің студент кезде ақша ұстай алмайтындығымен бөлісті. Оның айтуынша, оның қолына қаржы түссе болды, ұсталып кете береді екен.

– Тұрмысқа шыққан кезде мен университетті енді тамамдап, алғашқы жұмысыма енді орналасқан кезім еді. Ал, күйеуім жеке компанияда менеджер қызметін атқарды. Жастық жалын не махаббаттың оты болар, болашақты ойламай, үйлендік. Себебі ол кезде бізде тұрмысқа қажетті заттың біреуі де болмаған. Біз жақсы тамақтанып, әдемі киініп, қыдыруды қаладық. Туысқандарымыз кәстрөл, үтік секілді қажетті заттарды сыйға тартса да, тапқанымыз айлыққа дейін жетпей қалатын. Ата-анамыздан ақша сұрағымыз да, қарыз алғымыз да келмеді. Содан үнемдеуді үйрене бастадық. Халқымыздың өзі «тарта жесең тай қалады» дейді емес пе? Кейіпкеріміз қолданып, қазіргі кезде өмірлік әдетіне айналған кеңестерін айтып берді.

Нұржан мен Арайлым үнемдеуге үйрену үшін өздеріңе не үшін, қанша ақша жаратқаныңызды есептейсіз бе деген сауалды  қойып барып бастау керек дейді. Өйткені, Арайлым ұсақ-түйек заттарға ақша көп жұмсайтындығынан ақшаның қайда кеткенін де білмей қалады. Мысалы, мына жерден кофе, ана жерден ерін далабын, одан соң мойынға тағатын әдемі орамал сатып ала салып, ай соңы жақындаған сайын ақша да таусыла бастағанын байқамай қалған. Тұрмыстық шығындар да осындай.

– Барлық кірістер мен шығындарды есептеуге үйрену керек. Мен бұл үшін бірнеше қосымшаны («Копилка», «Дзен-мани», «Monefy» және «Бюджет»), тіпті электронды кестені пайдаланып көрдім. Қосымшалар ұнады: шығындарды телефонға жазып отыру оңай, кірістер мен шығындар бөлігі бөлек-бөлек жазылады, жалпы отбасылық бюджет туралы есеп жүргізгенге өте қолайлы, – дейді Нұржан.

Иә, шынымен де шығындарды жазғанда, қайсысын алмауға болатын еді, қайсысын міндетті түрде алу керектігін салмақтауға болады. Мысалы, жұмыстан қайтқанда бір кесе кофе алдыңыз делік. «Классикалық капучино» әр жерде 500 теңгеден 1200 теңгеге дейін тұрады. 20 жұмыс күніне кофеге 10 мыңнан 24 мыңға дейін ақша жұмсайсыз. Ойлап қарасаңыз, тек кофе үшін осындай ақша кетеді. Мұндай аса мән бермейтін ұсақ-түйек шығындар қаншама?

Шығындарды жазып, талдап жүру болашақтағы шығындарды жоспарлап, қажеттісін қайта қарауға мүмкіндік береді. Қаржыны дұрыс басқару – бұл жаппай бәрінен үнемдеп, қажетті заттарға ғана жұмсау емес. Бәріне бірден тыйым салып, өзіңізге шектеу қоюға да болмайды. Бұл туралы жапондық жазушы Роберт Киосаки да өзінің еңбектерінде жазады. Жазушы өзінің «Бай және кедей әке» кітабында осы тақырыпты көтерген. Онда басты міндет ойын-сауыққа да, басқа да маңызды мақсаттарға да қаражатты жеткілікті етіп ұстай білу керектігі айтылады. Бұл үшін көп шығынданбаудың жолдарын іздеп, үнемдеуді үйрену керек. Автор айлықты осы шығындарға байланысты бөлу қажеттігін ескертеді. Яғни, «8020» сынды схемаларды пайдалана отырып, ақшаңызды үнемдеп қана қоймай, жинай да аласыз. Яғни, 80 пайыз жалақы жұмсауға болады, қалғанына тисуге болмайды деген сияқты. Уақыт өте «5050», «7030» деп мөлшерлемесін өзгертуіңізге болады. Одан бөлек, 4 конверт әдісі де бар.

Сіздің жалақыңыз 200 000 теңге делік. Кірістің 10 пайызын болашақтағы қаржылық мақсаттар үшін сақтап қоясыз. 200 000 теңгенің 10 пайызын алып тастаймыз = 20 000 теңге. Айлық міндетті шығындарға (интернет, жарық, жылу, телефон т.б) 25 000 теңге. Жоқ дегенде 45000 теңге несие төлейсіз делік. Шығындарды төлеген соң қолыңызда 110 000 теңге қалды. Бұл соманы теңдей қылып 4 конвертке 27500 теңгеден бөлесіз. Әрқайсысы 1 апталық бюджет. Енді 1 апталық шығындарды 27500 теңгеден асырмауға тырысу қажет. Әрине, біз үшін бұл тым аз қаражат. Туған-туыстың қуаныш, қайғысы, той, өлім шығынсыз болмайды. Осындай тосын жағдайларға арналған қаражатты қосымша жұмыстар арқылы табуға тырысу қажет. 

ЖОСПАР МЕН ТІЗІМ

Мамандардың тағы бір кеңесі ол – сатып алуларды жоспарлау, ең қажеттілеріне басымдық беру. Сатып алынатын заттардың ең қажеттісін анықтаңыз. Бұл ең қажетті заттарға ақшаңызды дұрыс бөлуге көмектеседі. Дүкенге дайын тізіммен барыңыз, бұл ретте олардың бағаларына қарап, кейбірін науқандармен сатып алуға тырысыңыз.

– Бір қаптамаға салынған үш сусынның біреуін тегін алатын немесе екі свитердің бағасымен үш свитер алу сынды тиімді ұсыныстар болады. Алайда көбіне бұл заттарды сатып алу біздің жоспарымызда мүлдем болмайды, шындығында олар бізге мүлдем керек емес, жоспарланған бюджетке кірмеуі де сондықтан, ал сапасы төмен болғандықтан олар науқанмен сатылып жатыр. Бұл ретте жарамдылық мерзімі бітуге қалған азық-түліктердің де қажеті шамалы, – дейді мамандар.

Қаржыгерлердің бұл кеңесін ерлі-зайыпты Ержан мен Аяулым әдеттеріне айналдырған. Олар супермаркетке аш барсаң, қоларбаға бейсаналы түрде көп азық-түлік саласың. Күйеуі екеуі оны тауыса алмай әлек болып, азық-түліктердің жарамдылық мерзімі де біте бастаған көрінеді. Толығырақ:

– Бір апта бұрын азық-түлікті сатып алып қойғанда да осылай болған. Тек демалыс күндері бара алатын дүкеннен арзан тамақ алып, үнемдегім келді. Арзан және көп тағам алған жақсы. Алайда жартысы бұзылды. Бұлай үнемдеудің пайдасы жоқ. Бұдан былай азық-түлікке аптасына 2-3 рет барып, бәрін балғын күйінде сатып алатын болдым. Мұздатқышта да бұзылмай сақталады, – дейді Аяулым Әсембекқызы. Сондай-ақ, кейіпкер әсерленіп сатып алулардан алшақ болу керектігін айтады. Өзі бойжеткен күнінен жоспарда жоқ нәрсені не болмаса көңіл-күйі болмаса «шопинг» ұйымдастыратын болыпты. 

– Кейде өзімізді жақсы сезіну үшін бостан-бос ақша жұмсаймыз. Бір нәрсені көре салып, сатып алғың келеді. Егер ол зат қымбат болса немесе жоспарланған бюджетіңізге кірмесе, оның шынымен қажет екеніне көз жеткізіңіз. Бұл үшін менің екі әдісім бар. Біріншісі – бұл затты қалай пайдаланатыным туралы елестету. Одан бөлек уақыт өте «Бұл шынымен маған керек пе? Ертең де керек бола ма?», «Өзімде бар затпен орнын алмастыруға бола ма?», «Қаншалықты жиі қолданатын боламын?», «Қандай пайдасы бар: қуаныш сыйлайды, көп ақша табуыма көмектеседі, өмірімді жайландыра түсе ме?» деп ойланатын болдым. Екінші әдіс – сатып алуды кейінге қалдыру. Үйге барып тамақ ішіп, демалып, келесі күні «Сол зат маған керек пе?» деп ойлансам, түбінде ол зат маған қажетсіз болып шығады, – дейді. 

СӨЗ СОҢЫ

Үнемдеу – мәселенің шешімі емес. Неден үнемдеу керек екенін жақсы білсеңіз де әуелі денсаулығыңызды ойлаңыз. Егер табысыңыз аз болып, сіздің мақсатыңызға жету үшін көп қаржы салу керек болса, үнемдеу көмектеспейді. Бұл орайда табысты көбейтудің жолын іздеу керек. Бұл оңай емес, алайда оған қол жеткізуге болады. Мынаны ескеру керек: әркімнің өз проблемасы бар, сондықтан өзіңіз айтпасаңыз сізді ешкім жоғары бағаламайды да. 

Ал апталық шығынды барынша үнемдеуге тырысу қажет. Ол үшін шығыстарыңызды жоспарлаңыз. Шығыс дәптерін сатып алыңыз. Әр күнгі шығындарыңызды тиынына дейін жазып отырыңыз. Қазақы көзқараспен бұл «шық бермес шығайбайлық», сараңдық  болып саналуы мүмкін. Бірақ, қалтаңызда тиын қалмай, әркімнен қарыз сұрап жүргеннен гөрі осы дұрыс-ау. Әрі мұны ең бай деген  қалталылардың көпшілігі ұстанады. Психологтар болса шығыс есебін жүргізетіндердің шығындары аз болатынын айтады.

Апта соңында шығыс журналына  қарап, қаражатыңыздың қайда кеткенін біле аласыз. Танысым: «Мамандардың айтуымен шығыс дәптерін жүргізе бастаған бірінші аптада шығындарыма қарап, ішім ашыды, көшеде кетіп бара жатып шемішке, түрлі түсті журналдар, қысқасы, болмайтын нәрселерді ала беріппін. Екінші аптада бәрін доғардым. Журналдағы ақпараттарды интернеттен-ақ оқи аламын, шемішкені шақпасам да болады», – дейді. 

Еңлік АРЫҚБАЙ

Алматы облысы

 

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

03.05.2026
Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.